Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын, бос лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-03-51, электрондық пошта: rgpmid@mail.ru,
бос лауазымдарға орналасуға  ішкі конкурс жариялайды:

 

Құжаттарды қабылдау күні мен уақыты:

2021 жылғы 15 шілде күні сағат 10:00-ге дейін

Әңгімелесу өткізу уақыты:

 Конкурстық комиссияның кандидаттарының құжаттарын қарастыру және әңгімелесуге жіберу шешімі бойынша әңгімелесу өткізу уақыты ҚР СІМ ресми интернет-сайтында орналастырылады.  

 Әңгімелесу өткізу орны:

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй

 

                            «ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК

Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін ұйымдастыруды іске асырады. Кәсіпорынның қызметінде заңдылықтың сақталуын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін іске асыру барысында оның заңды мүдделерін қорғауды, олар бойынша шарттар жасасуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін іске асыру үшін бұйрықтардың жобаларын, нұсқаулықтарды, ережелерді, үлгілерді және сектордың құзыретіне кіретін басқа да актілерді дайындайды. Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнаманы және оның қолдану тәртібіне түсініктеме береді. Кәсіпорынның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және оның іске асрылуын ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер мен толықтыруларды уақытылы енгізуді қамтамасыз етеді. Ұйымдағы маркетингтік саясатты әзірлеумен айналысады. Сектордың өнімді сатуға, жаңа өткізу нарықтары мен өнімдердің жаңа тұтынушыларын анықтауға қатысуын қамтамасыз етеді. Барлық функционалды құрылымдардың коммерциялық-экономикалық ақпаратты жинау және талдау, ұйым өнімінің маркетингі деректер қорын құру бойынша қызметін үйлестіреді. 

Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша білімі (заң  және мемлекеттік және жергілікті басқару) (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және мамандық бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес, міндетті түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс жасай білуі тиіс.

 

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» Қоғамдық ұйымының өкілдері қатыса алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) 1-қосымшада көзделген үлгіге сәйкес өтініш;

2) 3х4 өлшемдегі түрлі түсті сурет және 2- қосымшада көзделген үлгіге сәйкес кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосысмшаларының көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі куәландырған көшiрмесi;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы