Негізгі мәліметтер
1992 ж. 23 қараша - дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 ж. - екі мемлекеттің елшіліктері ашылды.
2018 ж. тамыз – Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы ашылды.
2019 ж. тамыз - Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы ашылды.
2021 ж. сәуір - Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығы ашылды.
2022 ж. қарашадан бастап - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов болып табылады.
2018 ж. наурыздан бастап - Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Саидикром Пархатович Ниязходжаев болып табылады.
Өзбек векторы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі басымдықтары болып қала береді.
Жоғары және аса жоғары деңгейдегі байланыстар
2021 жылғы 5-6 желтоқсанда ӨР Президенті Ш.Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.
2021 ж. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев пен Ш.М.Мирзиёевтің 9, 2022 ж. – 12 (6, 10 және 20 қаңтарда, 3 және 16 наурызда, 5 сәуірде, 9 және 17 мамыр, 6 маусым, 4 және 24 шілде, 6 қыркүйек), 2023 ж. – 6 (1 мамыр, 17 мамыр, 12 маусым, 10 шілде, 24 шілде, 28 қазан) телефон арқылы тілдесуі өтті.
2022 жылғы 15-16 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Самарқанд қ. ШЫҰ Саммитіне қатысты.
2022 ж. 13-14 қазанда Астанада ӨР Президенті Ш.М.Мирзиёв АӨСШК VI Саммитіне, ТМД Мемлекет басшысының кеңесіне және «Орталық Азия – Ресей» Саммитіне қатысты.
2022 ж. 27 қазанда Астанада ӨР Президенті Ш.М.Мирзиёев Орталық Азия Мемлекет басшыларының ЕО Президентінің бірінші кездесуіне қатысты. Оның шеңберінде екі мемлекет басшыларының қысқа кездесуі өтті.
2022 ж. 11 қарашада ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Самарқанд қ. Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты.
2022 жылғы 21-22 желтоқсанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары өтті.
2023 жылғы 3 наурызда ҚР мен ӨР Президенттерінің Шымкент қ. бейресми кездесуі өтті.
Үкіметаралық деңгейде де диалог серпінді дамуда.
2021 ж. 10 сәуірде ҚР мен ӨР үкімет басшылары Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының болашақ құрылысына капсула салуды жүзеге асырды.
2021 ж. 2 маусымда ӨР Премьер-Министрі А.Ариповтың Нұр-Сұлтан қ. жұмыс сапары өтті.
2022 жылғы 11 ақпанда ҚР Премьер-Министрі А.Смайыловтың Ташкентке жұмыс сапары өтті.
Үкімет басшыларының орынбасарлары деңгейінде мемлекет басшыларының екіжақты ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілдері тағайындалды. Қазақстан Республикасынан-ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.Жұманғарин, Өзбекстан Республикасынан – ӨР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Ходжаев.
Парламенттік дипломатия
2022 жылғы 8-10 ақпанда ӨР Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Н.Исмоиловтың ҚР-на ресми сапары өтті, оның барысында парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.
2022 ж. 27-28 қазанда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаев ТМД ПАА- ға қатысу үшін Самарқанд қ. болды.
2023 ж. 9-10 ақпанда Түркістан қ. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Парламенттері палаталары басшыларының қатысуымен Орталық Азия елдерінің парламентаралық форумы өтті.
2023 жылғы 26-27 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошанов Өзбекстанға сапармен барып, Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі туралы ережеге қол қойды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Өзбекстанның үшінші (ҚХР және РФ кейін) сыртқы сауда серіктесі болып табылады, тауар айналымындағы үлес салмағы 8,9%.
2023 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 4,1 млрд., экспорт 12,6% төмендеп, 2,9 млрд. долларды құрады, импорт тиісінше 1,2% өсіп, 1,2 млрд. долларды құрады.
Практикалық мәселелерді шешуге және екіжақты қатынастарды жандандыруға ҚР Үкіметі мен ӨР басшыларының төрағалығымен ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия ықпал етеді.
ҮАК жұмыс органдары мыналар болып табылады: Қазақстан тарапынан - Сауда және интеграция министрлігі, өзбек тарапынан - Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі.
Барлығы ҮАК 20 отырысы өткізілді. 2023 жылғы 5 мамырда Ташкент қаласында ҮАК 20-отырысы өтті, кезекті отырысты 2024 жылы ҚР-да өткізу жоспарланған.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Шығармашылық ұжымдардың, мәдениет және өнер өкілдерінің өзара сапарлары үнемі жүзеге асырылады.
Ғылыми байланыстарды дамытуда ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар. Қазіргі уақытта Ташкент, Самарқанд, Бұхара мұражайларында қазақтардың өмірі мен өміріне байланысты 500-ге жуық экспонат сақталған, алайда олар әлі зерттелмеген.
2022 жылдың 21-25 қарашада ҚР-да Өзбекстанның Мәдениет күндері өткізілді.
2022 жылдың желтоқсанында Астанада Қазақстан мен Өзбекстан жастарының бірінші конгресі өтті.
2022 жылғы 22 желтоқсанда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ташкент қаласында Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған апта өткізілді, тиісті көрме ұйымдастырылды.
2023 жылғы 22-23 маусымда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының қатысуымен Өзбекстанда Самарқанд және Бұхара қалаларында концерттік бағдарламамен ҚР Мәдениет күндері өтті.
Қазақстанда 500 мыңға жуық өзбек тұрады, өзбек тілінде 10-нан астам газет пен журнал шығарылады, 10 әдеби-шығармашылық бірлестіктер табысты жұмыс істейді. Екі өзбек театры жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған өзбек тіліндегі мектептер саны - 139, оның ішінде 60 толық және 79 аралас мектептер.
Өзбекстанда 800 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады. 30 облыстық және аудандық филиалдары бар Республикалық қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді. Қазақтар жинақы тұратын жерлерде 370 қазақ-өзбек орта аралас мектебі жұмыс істейді, 22 ЖОО-да қазақ тілі мен әдебиеті бакалаврларын даярлау жүргізілуде.