Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы қатынастар
1992 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі ашылды.
1997 жылғы 13 шілдеде Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.
2019 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Асқар Асанұлы Бейсенбаев атқарады.
2020 жылғы шілдеден бастап Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Павел Владимирович Утюпин атқарады.
Саяси диалогы
Екі ел арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамуда. Екі мемлекеттің ұстанымдары аймақтық және халықаралық саясаттың көптеген мәселелерінде сәйкес келеді немесе жақын. Мұны екіжақты және көпжақты форматтағы байланыстардың оң динамикасы дәлелдейді.
Қазақстан-Беларусь қатынастарын одан әрі дамыту және Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенконың 2019 жылғы 24-25 қазандағы Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапары өтті. Ресми сапардың нәтижесінде 6 екіжақты келісімдерге қол қойылған.
2022 жылғы 13 қазанда АӨСШК Саммиті алаңында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланған Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев пен Беларусь Республикасы Президенті А.Лукашенконың екіжақты кездесуі өтті.
2022 жылғы 21 қарашада БР Президенті А.Лукашенко телефон арқылы сөйлесу кезінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, «Беларусь Қазақстанның жақын досы мен сенімді әріптесі болуын жалғастыратынына» сендірді.
Жоғары деңгейдегі ресми кездесулері
Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясында соңғы екі жылда маңызды екіжақты кездесулер өтті.
2021 жылғы 26-27 маусымда Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Р.Головченконың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминмен екіжақты кездесуі өтті.
Сапардың негізгі тақырыбы елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сондай-ақ уағдаластықтарды жоғары деңгейде орындау болды. Қорытындысы бойынша өнеркәсіптік кооперация мәселелеріне қатысты бірқатар келісім-шарттар мен келісімдерге қол қойылды.
ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың БР Премьер-Министрі Р.Головченкомен екіжақты келіссөздері өтті (2022 ж. ақпан, Алматы, ЕҮАК шеңберінде). ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов БР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Н.Снопковпен кездесті (маусым 2022 ж., Астана).
2022 жылғы 13 мамырда Душанбе қаласында ТМД СІМК шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің БР Сыртқы істер министрі В.Макеймен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында тараптар Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
2022 жылғы қыркүйекте БҰҰ БА шеңберінде Нью-Йоркте Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді мен Беларусь Сыртқы істер министрі В.Макейдің екіжақты кездесуі өтті.
2022 жылғы 26-30 қарашада Беларусь Республикасында Қазақстан Республикасының Мәдениет күндерін өткізу аясында екі елдің министрлері Д.Абаев пен А.Маркевич бастаған ресми делегациялар екіжақты келіссөздер өткізді.
Парламентаралық қатынастар
Екі ел арасындағы парламентаралық қатынастарда үлкен әлеует бар. ТМД ПАА, ҰҚШҰ және басқа да парламенттік құрылымдар аясында өзара консультациялар ұйымдастырылды.
2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында БР Парламенті төменгі палатасының спикері В.Андрейченко бастаған белорустық делегация Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің кеңесіне қатысты.
2022 жылғы 15 маусымда Минск қаласында ТМД Парламенттік Ассамблеясының халықаралық конференциясына қатысу аясында қазақстандық делегация басшысы, парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары П.Казанцев және Қазақстан Республикасының Парламентімен ынтымақтастық жұмыс тобының басшысы, РБ Ұлттық Жиналысының Өкілдер Палатасының Заңнама жөніндегі Тұрақты комиссиясының төрайымы С.Любецкаямен кездесті.
Парламентаралық диалогты дамыту аясында 2022 жылғы 15-16 желтоқсанда Қазақстан-Беларусь парламенттік ынтымақтастық тобының қазақстандық бөлігінің делегациясы Беларусь Республикасына сапармен келді. Сапар барысында қазақстандық делегацияның РБ Ұлттық Жиналысы Өкілдер палатасы төрағасының орынбасары В.Мицеквичпен және Қазақстан-Беларусь парламенттік ынтымақтастығы тобының белорустық бөлігінің басшысы С.Любецкаямен және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін Беларусь депутаттары тобымен кездесулері өтті.
Екіжақты ынтымақтастық тетіктері
Қазақстан-Беларусь қатынастарының тиімді іске асырылуын мынадай ынтымақтастық тетіктері қамтамасыз етеді: Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Іскерлік Кеңесі, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Беларусь Республикасының Парламенті арасындағы ынтымақтастық тобы, Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ҮАК Кіші комиссиясы, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы ынтымақтастық тобы, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-білім беру консорциумы қызметін үйлестіру бойынша жұмыс комиссиясы.
Қауіпсіздік және терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастық
Арнайы қызметтер арасындағы ынтымақтастық тұрақты негізде жүзеге асырылады, ҰҚК «Арыстан» және МҚК «Альфа» терроризмге қарсы құрылымдарының бірлескен жаттығулары өткізіледі, киберқылмыс және заңсыз көші-қон бойынша мәліметтермен алмасу жүргізіледі.
Қазақстан мен Беларусьтің инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастығы
Қазақстан Беларусьтің ТМД шеңберіндегі негізгі сауда серіктесі және сауда-экономикалық ынтымақтастық екі ел арасындағы қатынастарды дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Екі елдің тауар айналымы 2022 жылы 14,1% - ға өсіп, 1,017 млрд., оның ішінде Қазақстанның экспорты 156,8 млн. (өсім 42,2%) және Беларусьтен импорт 860,7 млн. (өсім 10,2 %).
Өз кезегінде Қазақстан Беларуське жеткізе алатын 105 тауар позициясының тізбесін Беларусь тарапымен келісілген.
Инвестициялық ынтымақтастық.
2022 жылдың үш тоқсанында Қазақстанға салынған Беларусь инвестицияларының көлемі 61,1 млн. долларға жетіп, бұл көрсеткіш 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 50% - ға ұлғайды (39 млн.). Жалпы, 2005-2022 жылдар аралығында Беларусь инвестицияларының ағыны 2,33 млрд. құрады.
Инвестициялық ынтымақтастық үшін тартымды салалардың қатарына машина жасау, бөлшек сауда, қаржы секторы және басқалар жатады.
Өнеркәсіптік кооперациядағы ынтымақтастық.
Қазақстанда 7 ірі бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді – Абай және Қостанай облыстарында Гомсельмаш комбайндарын, «Беларусь» тракторларын өндіру); Алматы қаласында және Абай облысында «МАЗ» автотехникасын өндіру, Могилевлифт лифтілерін өндіру.
Қазақстанда Беларусьтің қатысуымен барлығы 366 кәсіпорын жұмыс істейді. Беларусь Қазақстан нарығына белсенді қызығушылық танытуда.
Екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралатын негізгі алаңдар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы және Іскерлік кеңес болып табылады.
2022 жылғы 8 маусымда Астана қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Іскерлік кеңестің үшінші отырысы өтті.
Сауда қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, машина жасау, ағаш өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп саласында көлемі 10 млн. тұратын 17 келісім-шартқа қол қойылды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 17-ші отырысы 2022 жылғы 9 маусымда Астана қаласында өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ҮАК хаттамасына қол қойылды.
Тараптар Қазақстан Республикасындағы және Беларусь Республикасындағы экономикалық жағдай туралы ақпарат алмасты, Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластықтарды хаттамалық түрде бекітті.
Көлік саласындағы ынтымақтастық бойынша.
Елдер бір-біріне өзара қызығушылық танытады, Беларусьтің еуропалық нарыққа, ал Қазақстанның Азия, әсіресе Қытай нарығына шығу мүмкіндігі бар.
Қазақстан мен Беларусь арасындағы қолданыстағы теміржол және автожол желілері Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымының жыл сайын ұлғаюына сүйене отырып, мемлекеттер арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді.
Білім саласындағы ынтымақтастық
Білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың құқықтық негізі ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасында жасалған 1996 жылғы 17 қаңтардағы Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2009 жылғы 10 маусымдағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ ведомствоаралық және университетаралық уағдаластықтар болып табылады.
Соңғы жылдары бірқатар тікелей университетаралық келісімдер жүзеге асырылуда. Әртүрлі бағдарламалар бойынша профессорлық-оқытушылық және студенттік алмасу тәжірибесі аясында қазақстандық азаматтар Беларусьтің жоғары оқу орындарында, ал Беларусь азаматтары Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуда.
Қазіргі таңда Беларусьтің 28 жоғары оқу орнында 200-ге жуық қазақстандық студент білім алуда. Елшіліктің қолдауымен Беларусьте қазақстандық жастар бірлестігі құрылды және белсенді жұмыс істейді.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жобаларын тиімді іске асыруға ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь комиссиясы ықпал етеді. 2011 жылғы мамырда Қазақстан және Беларусьтің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында ғылыми-білім беру консорциумын ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.
Бүгінгі таңда ғылыми-білім беру консорциумының құрамына екі елдің 48 (22 қазақстандық және 26 белорус) жоғары оқу орындары кіреді.
2021 жылғы 16 қарашада онлайн режимде Қазақстан және Беларусьтің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми - білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының 8-ші отырысы өтті. Отырыс барысында 2021-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, ынтымақтастық туралы жеке екіжақты меморандумдарға қол қойылды.
Шарт-құқықтық базасы
Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының құқықтық негізіне түрлі салалардағы 80-ге жуық шарттар мен келісімдер кіреді. Негізгі келісімнің бірі: Достық және ынтымақтастық туралы шарт.