Меню

Страницы

Статья

Қазақстан өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялады

2021 жылғы 2 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Бұл қадам адам құқықтарын қорғау саласындағы прогрессивті дамудың және еліміздің өз халықаралық міндеттемелерін орындауының айқын дәлелі болып табылады.

Хаттаманың ережелеріне сәйкес Қазақстан әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылғаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдыратындығы жөнінде оған жол берілетін жалғыз ескертпе жасады. Біздің еліміз үшін бұл ескертпе түбегейлі сипатқа ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық қылмыстық заңнаманы халықаралық Хаттаманың нормаларына сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты ү.ж. бірінші жартысында аяқтау жоспарланып отыр.

Осыдан кейін Қазақстан Республикасының тиісті ратификациялау грамотасы БҰҰ Бас хатшысына жіберіледі, ал үш айдан кейін Хаттама Қазақстан үшін өз күшіне енеді.

Дата публикации
02 января 2021
Дата обновления
02 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы