Негізгі күндер
1996 ж. 8 мамыр – Қазақстан мен Венесуэла арасындағы дипломатиялық қатынастың орнатылуы.
2012 ж. – ҚР-да Венесуэла Дипломатиялық миссиясының ашылуы және 2018 ж. Елшілік мәртебесіне өзгертуі.
2018 ж. – Энрике Антонио Акунья Мендозаның Венесуэланың ҚР-дағы Елшісі болып табылады.
Саяси диалог
Қазақстандық-венесуэлалық диалогты дамытуға 2017 жылғы 10 қыркүйекте Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі тұңғыш саммиті шеңберінде өткізілген ҚР Президенті
Н. Назарбаевтың Венесуэла Президенті Н. Мадуромен кездесуі едәуір үлес қосты. Соңғы жылдардың ішінде Венесуэланың Сыртқы істер министрі
Д. Родригес пен Венесуэланың Мұнай мен тау кен өнеркәсібі министрі
А. Чавестың (2015 ж. 16 қаңтар), сондай-ақ Венесуэла Сыртқы істер министрінің орынбасары Ф. Пласенсияның Астана қаласына (2016 ж. 20 желтоқсан) сапарлары өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Екіжақты тауарайналымы көлемі 2022 ж. 4,54 мың АҚШ долл. құрады (импорт есебінен - 4,54 мың АҚШ долл.).
Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық
Диалогтың дамуына Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесі және онда Венесуэла өзінің ұлттық павильоны арқылы ұсынылғаны өз үлесін қосты. ЭКСПО аясында Венесуэла Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Р. Гордилс пен Ф. Пласенсия Астанада сапармен болды.
Шарт-құқықтық база
Қазақстандық-венесуэлалық ынтымақтастықтың шарт-құқықтық негізі Саяси консультациялар бойынша меморандумды және Дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық талаптарды жою туралы келісімді қамтиды.