1992 жылы 7 сәуірде дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2013 жылдан бастап Швеция Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.
2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Швеция Корольдігінің Елшілігі жұмыс істейді.
Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшісі С.Нұртаев.
Қазақстан Республикасындағы Швеция Корольдігінің Елшісі Е.Пулано.
Саяси ынтымақтастық
Президенті Н.Назарбаевтың Швеция Корольдігіне ресми сапары болды (2004 ж.).
2021 ж. 12 сәуірде ЕҚЫҰ Төрағасы, Швецияның Сыртқы істер министрі А.Линденің Қазақстанға сапары өтті.
2023 ж. 30 қарашада Скопьеде ЕҚЫҰ министрлер кеңесі аясында СІМ басшысы М.Нұртілеу Швецияның Сыртқы істер министрі Т.Бильстреммен кездесті.
Қазақстан мен Швеция Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар механизмі жұмыс істейді. Консультациялардың 4-ші раунды 2023 жылғы 23 қарашада Стокгольм қаласында өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2023 ж. Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымы 467 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 60 млн., импорт – 407 млн.). 2022 ж. тауар айналымының көлемі 325,9 млн. долларды құрады.
2005 жылдан бастап 2023 жылдың 3 тоқсанына дейінгі кезеңде Швециядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 622 млн. доллардан асты.