Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы қатынастар

1993 жылғы 1 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылғы қыркүйекте ҚР-дың Мажарстанда және Чех Республикасында (қоса атқарушы құзыретімен) Елшілігі ашылды.

1994 жылғы желтоқсанда Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

1997 жылы сәуірде ҚР-дың Чех Республикасындағы Дипломатиялық миссиясы ашылды, 2004 жылы Елшілікке айналды.

2023 жылғы қыркүйектен бастап Чехияның Қазақстандағы Елшісі Павел Шепеляк болып табылады.

2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Чехияға бір рет барды (2012 ж. 23-24 қазандағы ресми сапар).

Чех Республикасының президенттері Қазақстанда үш рет болды (ресми сапарлармен екі рет: Вацлав Клаус – 2004 ж. 8-10 қыркүйек; Милош Земан – 2014 ж. 24-25 қараша; ЭКСПО – 2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысу мақсатында бір рет – Милош Земан, 2017 ж. 9-11 маусым).

2023 ж. 23-24 сәуірде Чех Республикасы Премьер-Министрі Петр Фиаланың Қазақстанға ресми сапары өтті.

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

2018 ж. 14-16 наурызда Чехияға ресми сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин келді.

2019 ж. 16-18 қазанда ЧР Парламенті Депутаттары палатасының Төрағасы Р.Вондрачектің ҚР-ға жауап сапары өтті.

2023 жылғы 9-10 қазанда ЧР Ауыл шаруашылығы министрі М.Выборныйдың Қазақстанға ресми сапары өтті.

СІМ деңгейіндегі байланыстар

1995 ж. наурызда Қазақстанға ресми сапармен ЧР Сыртқы істер министрі И.Зеленец келді. 2004 ж. қаңтарда Қазақстанға жұмыс сапарымен Чехияның Сыртқы істер министрі Ц.Свобода келді. 2009 ж. сәуір айында ҚР СІМ басшысы М.Тәжин ЧР-ға жұмыс сапарымен барды. 2010 ж. желтоқсанында ЧР Сыртқы істер министрі К.Шварценберг Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитіне қатысты. 2016 ж. қараша айында ЧР Сыртқы істер министрі Л.Заоралектің ҚР-ға ресми сапары өтті. 2023 ж. қыркүйекте БҰҰ БА 78-ші сессиясының алаңында Министрлер М.Нұртілеу мен Я.Липавскийдің екіжақты кездесуі өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық

Чех Республикасына сапарлар:

ҚР Парламенті Сенатының төрағалары О.Әбдікәрімовтің (2004 ж.), Н.Әбіқаевтың (2005 ж.).

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағалары М.Оспановтың (1997 ж.), Н.Нығматулиннің (2018 ж.).

Сонымен қатар, ҚР Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қ.Сұлтановтың (2008 ж.), ҚР Президентінің арнайы өкілінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Сұлтановтың (2015 ж.) сапары өтті.

ҚР-ға сапарлар:

Парламент Сенатының төрағалары П.Соботканың (2008 ж.), М.Штеханың (2017 ж. шілде).

Парламент Депутаттары палатасының төрағалары Я.Гамачектің (2017 ж. ақпан), Р.Вондрачектің (2019 ж.қазан).

Сонымен қатар, ЧР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары П.Соботканың (2002 ж.), ҚР Парламенті Депутаттары палатасы төрағасының орынбасары В.Филиптің (2005 ж., 2006 ж., 2017 ж.) сапарлары өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы - Чех Республикасы» парламентаралық Достық тобы жұмыс істейді (топ жетекшісі Р.Қожасбаев).

Көпжақты ынтымақтастық

Чехия Парламенті ЕО елдерінде алғашқылардың бірі болып (есеп бойынша төртінші), 2016 жылғы қазанда ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Чехия Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдады. Прага сондай-ақ, Астанада өткен EXPO-2017 көрмесіне қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2022 жылғы екіжақты тауар айналымының көлемі 423 млн. АҚШ долларын (+67%) құрады (экспорт – 123,6 млн. АҚШ доллар, 41,8% өсім, импорт – 299,4 млн АҚШ доллары., 80,9% өсім).

2023 жылғы тауар айналымы 627 млн. АҚШ (+48,2%) құрады.

Қазақстандық экспорттың негізгі баптары: мұнай-газ саласының, химия өнеркәсібінің өнімдері (сары фосфор), ферроқорытпалар, сутегі, инертті газдар және өзге де бейметалдар, легирленбеген болаттан жасалған ыстықтай илектелген жалпақ прокат, тас көмір.

Қазақстандық импорттың негізгі баптары: құрал-жабдықтар, автомобиль өнеркәсібіне арналған бөлшектер, су тазарту қондырғылары, электр құрылғылары, фармацевтикалық өнімдер, жиһаз, шыны, керамика.

Инвестиция саласындағы ынтымақтастық

2005 жылдан бастап 2023 ж. 31 наурызға дейінгі кезеңде Чехиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 308,3 млн. АҚШ долл. құрады, оның ішінде. 2021 жылы – 22,3 млн., 2022 жылы – 21,6 млн., 2023 жылдың 1 жарты жылдығында – 26,7 млн.

2005 жылдан бастап 2021 ж. 31 наурызға дейінгі кезеңде Қазақстаннан Чехияға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 23,7 млн. АҚШ ​​долл. құрады.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында чехиялық қатысуы бар 139 заңды тұлға, оның ішінде чех капиталының 100% үлесі бар 108 заңды тұлға және 31 бірлескен кәсіпорын бар.

Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық ынтымақтастық 2004 жылғы экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге, 1996 жылғы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге және 1998 жылғы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенцияға негізделген. Екі елдің іскер топтарының өзара қызығушылық салалары машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, фармацевтика болып табылады. Қызығушылықтың жаңа бағыттары нано технологиялар, жануарларды іріктеудің заманауи әдістері, сутегі өндірісі, тау-кен жабдықтары, геологиялық мақсаттарға арналған детонаторлар салаларында белгіленді.

Екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі Қазақстан-Чехия сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) болып табылады. Комиссияның 11-ші отырысы 2021 жылғы 11-12 қарашада Прагада ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев пен ЧР Индустрия және құрылыс министрінің орынбасары М.Тауберованың төрағалығымен өтті.

2023 жылғы 23-24 сәуірде Чех Республикасының Премьер-министрі П.Фиаланың ҚР-ға ресми сапары өтті. Сапар аясында П.Фиала ҚР Премьер-Министрі А.Смайыловпен және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен кездесті. Кездесу барысында қорғаныс өнеркәсібі, энергетика, машина жасау, азаматтық авиация, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, білім беру және туризмді қоса алғанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сапар барысында екі ел Премьер-министрлерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылды. Бизнес-форум аясында чехиялық Skoda Transportation компаниясымен, EGAP экспорттық-сақтандыру агенттігімен, экспорттық банкпен келісімдерге, Transco компаниясымен меморандумға, жалпы сомасы 230 млн еуродан асатын 4 жүйелік құжатқа қол қойылды.

П.Фиаланың сапары аясында Прага хайуанаттар бағымен бірлесіп, Қазақстанда Пржевальский жылқыларын реинтродукциялау жөніндегі бірегей жобаны іске қосу туралы Меморандумға қол қойылды.

2023 ж. 9-10 қазанда Чехия Ауыл шаруашылығы министрі М.Выборныйдың Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар аясында Көкшетау, Астана және Түркістан қалаларында үш қазақстандық-чехиялық бизнес-форум өтті.

2023 ж. 2 қазанда Қазақстан Республикасының Көлік министрі М.Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Прагадағы XXVII Дүниежүзілік Жол Конгресінің жұмысына қатысты.

2023 ж. 30 қарашада Прага қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Нұрбаева мен ЧР Өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары П.Тржешняктың қатысуымен қазақстан-чех бизнес-форумы өтті.

Қазақстанға Чех бизнесін көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Тиісті ұсыныстар Ресей Федерациясында қызметін тоқтатқан 15 кәсіпорынға жіберілді, оның ішінде «Omnipol», «Skoda Transportation», «Czechoslovak Group», «Zimatechnik», «Zetor», «Tatra», «TRANSCO», «Primoco UAV», «Ferrit», «Austin Detonator», «Zimatechnik».

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Елдер арасында белсенді мәдени-гуманитарлық, білім беру және туристік алмасу орнатылған. Жыл сайын Чехияға 100 мыңға жуық қазақстандық турист келеді.

Сонымен қатар, Чехия қазақстандық студенттердің жоғары білім алу үшін танымал бағытқа айналды. Қазақстандық және чехиялық университеттер арасында 60-тан астам келісім мен меморандум жасалды, Қазақстаннан 2,7 мыңға жуық студент Чехияның жоғары оқу орындарында оқиды.

2017 ж. 20 желтоқсанда Чех Республикасының «Клементинум» Ұлттық кітапханасында Қазақ әдебиеті орталығының ашылуы өтті. 2020 ж. 27 қаңтарда Абай атындағы Мәдени-ақпараттық орталық ашылды. Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» чех тіліне аударылды.

2019 ж. 17 қыркүйегі мен 17 қарашасы аралығында ЧР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің ұйымдастыруымен «Сақ дәуірінен қазақтардың көшпелі өркениетіне дейін» атты көрме өтті.

ҚҰӨУ-нің Еуразиялық симфониялық оркестрінің директоры, скрипкашы А.Мұсаходжаева Чехияда бірнеше гастрольдік сапармен болды. 2022 жылдың 16 сәуірінде Прагада қазақстандық әнші Д.Құдайбергеннің жеке концерті өтті.

«Елім-ай» қазақстандық мәдени орталығы Прагада Қазақстанның мәдениет күндерін үнемі өткізіп тұрады. 2023 жылдың көктемінде «Елім-ай» орталығы он бесінші рет мәдениет күндерін өткізді.

2021 жылы ҚР Елшілігі Чех теледидарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған деректі фильм түсірді. Фильм Чехияның орталық теледидарында көрсетілді.

2022 ж. 24 наурызда Прагада Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына, сондай-ақ «Алаш» қозғалысының мәдени мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аясында чех және ағылшын тілдерінде «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының тұсаукесері өтті, оның бірнеше данасы Карлов университетіне сыйға тартылды. Кітапқа қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері мен қазіргі «алаштанушы» ғалымдардың еңбектері енді.

 

 

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы