Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы қатынастар

1993 ж. 1 қаңтарда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2005 ж. Словакияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

2006 ж. Елшінің Прагадағы тұрақты резиденциясымен Қазақстанның Братиславадағы дипломатиялық өкілдігі ашылды.

2009 ж. Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі ашылды.

2019 ж. Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі ашылды.

2022 ж. маусымнан бастап Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев болып табылады.

2022 ж. қыркүйектен бастап Словакияның Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнаг болып табылады.

2021 ж. 18 қазанда Өскемен қаласында Словак Республикасының Құрметті консулдығы ашылды.

2022 ж. 19 желтоқсанда Банска-Быстрица қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды.

Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары деңгейдегі сапарлар

Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Словак Республикасына 2007 ж. 20-21 қарашада мемлекеттік сапармен барып қайтты.

Словак Республикасының президенттері Қазақстанға үш мәрте сапармен келіп кетті (Р. Шустер – 2001 ж. 14-15 қарашада ресми сапармен; И. Гашпарович – 2010 ж. 29-31 наурызда ресми сапармен және 2010 ж. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушы словак делегациясының басшысы ретінде).

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев 1999 жылғы 18 қарашада Ыстанбұлдағы ЕҚЫҰ Саммиті шеңберінде Словакия Президенті Р. Шустермен кездесу өткізді.

Жоғары деңгейдегі байланыстар (2018-2021 жж.)

2018 ж. 15-16 қарашада Словакия Премьер-министрі П. Пеллегринидің Қазақстанға ресми сапары болып өтті.

2019 ж. 7-8 сәуірде Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі М. Лайчак ЕҚЫҰ Төрағасы ретінде Қазақстанға сапармен келіп кетті.

2019 ж. 9 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов ЕҚЫҰ-ның ресми емес Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысу үшін Словакияға жұмыс сапармен барып қайтты.

2020 жылғы 7-8 қазанда ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің Братиславада өткен «Globsec» 15-ші халықаралық форумына қатысу шеңберінде Словакияға жұмыс сапары өтті.

2021 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Е. Қазыханның Братиславаға жұмыс сапары болып өтті.

2021 жылғы 11 қазанда СР Сыртқы және еуропалық істер министрі И. Корчоктың Қазақстанға ресми сапары болып өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық

Словакияға:

- Қазақстан Парламенті Мәжілісі және Сенаты депутаттарының (1999-2017 жж. аралығында 6 рет);

- Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету жөніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі ретінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтановтың (2015 ж. 23-24 ақпан);

- Братиславада НАТО Парламенттік ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысу үшін Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенаты депутаттарының (2019 ж. 31 мамыр-3 маусым) сапарлары болып өтті.

Қазақстанға:

- Словакия Халықтық Радасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы, ЕКПА-дағы делегация мүшесі М. Керидің (2021 жылғы 22 қараша);

- Словакия Халықтық Радасының төрағалары П. Пашканың (2013 ж. 10-13 маусым), А. Данконың (2019 ж. 23-24 қыркүйек);

- Словакия Халықтық Радасы Конституциялық-құқықтық комитетінің төрағасы Р. Мадейдің (2015 ж. 24-27 сәуір);

- Қазақстандық-словак парламентаралық достық тобының басшысы П. Марчек бастаған словак парламенті депутаттарының (2017 ж. 9-10 маусым, Достық тобының қазақстандық депутаттарымен кездесті) сапарлары болып өтті.

Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында Словакиямен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтар жұмыс істейді (Сенаттағы топтың төрайымы – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы О.Перепечина; Мәжілістегі топтың төрағасы – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Б.Торғаев).

Словак парламентінде 16 депутаттан тұратын Әзербайжанмен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Түрікменстанмен және Өзбекстанмен достық тобы құрылған. Достық тобының төрайымы − Адриана Пчолинска.

Шарт-құқықтық база

Қазақстан мен Словакия арасында 26 халықаралық шартқа қол қойылған (қазіргі таңда олардың 23-і күшіне енген).

2020 жылғы 8 қазанда Братиславада Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен «Словакия Республикасының Мемлекеттік ормандары» мемлекеттік кәсіпорны арасында орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды;

2020 жылғы 7 қазанда Братиславада Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Словак Республикасының Көлік және құрылыс министрлігі арасында туризм саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды;

2020 жылғы 10 желтоқсанда Братиславада Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Словак Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасында су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

2021 жылғы 26 ақпанда Братиславада словак экспорттаушылар кеңесі мен QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2021 жылғы 11 қазанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Словакия Сыртқы істер министрліктері арасында дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Көпжақты ынтымақтастық

Словакия Қазақстанның Еуропалық Кеңестің қылмыстық сот төрелігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенцияларына қосылуын қолдады.

Сонымен бірге Словакия Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне; 2013-2017 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетіне мүшелігіне кандидатурасын қолдады және Астанадағы «ЭКСПО 2017» көрмесіне қатысты. Словак павильоны «ауданы 400 шаршы метрден кем павильондар дизайны» номинациясы бойынша 115 қатысушының ішінен екінші орынды иеленді.

Словакия Еуропа елдерінің алғашқылары қатарында Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, сондай-ақ ҚР азаматтары үшін ЕО-ның визалық режимін ырықтандыру мәселесінде Қазақстанды қолдайды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынастар дәйекті дамуымен сипатталады және одан әрі кеңейтуге әлеуеті бар.

Қазақстан Словакияны Орталық және Шығыс Еуропадағы, жалпы Еуропалық Одақтағы маңызды саяси, сауда-экономикалық әріптес ретінде қарастырады. Словакияның дамыған өңдеу және қайта өңдеу салалары, электроника, машина жасау, химия өнеркәсібі және ақпараттық технологиялар Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Қазақстан мен Словакия едәуір транзиттік-көліктік әлеуетке ие. Қазақстан мен Словакия аумақтары арқылы Азиядан Еуропаға құрлық жолдары өтеді. Нәтижесінде «Белдеу және жол» бастамасы аясындағы жобаларға қатысу екі мемлекет үшін өзекті болып табылады.

Өзара тиімді ынтымақтастықты белсенді дамытудың ынталандырушы алғышарттары 2017 жылғы 1 қаңтарда Словакия азаматтары үшін визасыз режимнің енгізілуі және Словакияның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігі МКК деректеріне сәйкес, Қазақстан мен Словакия арасындағы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы екіжақты тауар айналымы 120,2 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,8 млн. АҚШ долл., импорт – 118,3 млн. АҚШ долл.).

Қазақстандық экспорттың негізгі баптары: табиғи газ, тыңайтқыштар, машиналардың бөлшектері және құрылғылар.

Қазақстандық импорттың негізгі баптары: машиналар, техника, құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары, гербицидтер, дәрі-дәрмектер, азық-түлік, ағаштан жасалған қағаз массасы, баспа өнімдері, тоқыма бұйымдары, жиһаз және т.б.

2005 жылдан 2022 жылдың 2-тоқсанына дейін Қазақстанға словак тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 21,8 млн. АҚШ долл. құрады.

2022 ж. 1 қаңтардағы ахуал бойынша Қазақстанда словак капиталының үлесімен 31 заңды тұлға, филиал мен өкілдік тіркелген («Oftum» көздің көруін лазермен түзету орталықтары, «ELTECO» электр қуатымен резервтік қамту саласындағы компаниясы, «KANTO METAL» және «CSBC» қорғаныс өнеркәсібі үшін химиялық барлау машиналарын жасау және сату саласындағы компаниялары, «CME.Slovakia» емдеу-диагностикалық технологияларды жеткізу саласындағы компаниясы, «Ish Pumps Olomouc» электр станциялары үшін сорғылар мен арматураларды жеткізушісі, «PROGAST» ет өңдеу өнеркәсібін кешенді қамтамасыз ету саласындағы компаниясы), олардың ішінде 29-ы кіші, 1 үлкен және 1-і орта, 26-ы әрекет етуде, сондай-ақ 23 бірлескен кәсіпорын тіркелген (13-і әрекет етуде).

Екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Қазіргі таңға дейін Комиссияның 9 отырысы өткізілген (соңғысы 2022 ж. 10-11 наурызда Братиславада өтті). Комиссияның қазақстандық тараптан тең төрағасы – Энергетика вице-министрі Т. Момышев, словак тарапынан Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы К. Галек болып табылады. Іс-шара шеңберінде Қазақстан және Словакия іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум өтті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Словакия екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына үлкен мән береді, сондықтан өткен жылдар белсенді шығармашылық оқиғаларға толы болды.

Әртүрлі жылдары Словакияда «Қазақстан Камератасы» ансамблі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Жәмилә Серкебаева өнер көрсетті.

2017 жылғы 26 сәуірде Братиславада дипломатиялық қатынастардың орнатылғанының 25 жылдығына орай «Дәуір» этно-фольклорлық ансамблінің және «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университеті оркестрінің қатысуымен гала-концерт өтті. Концертке Словакия Үкіметінің, Парламентінің, іскерлік, мәдени және журналистік топтарының, сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың өкілдерін қосқанда 700 адам қатысты. Гала-концерт Словак филармониясының әйгілі «Редута» концерттік залында өтті.

2017 жылғы 6 желтоқсанда Братиславада гала-концерт және Kazakhstan Fashion Week Astana қазақстандық сән индустриясының көрсетілімі өтті. Ұлттық дизайнерлердің қазақ халқының мәдениеті мен рухани дәстүрлерін ашатын топтамалары көрсетілді.

Өз кезегінде, 2017 жылғы 18 шілдеде Астанадағы ЭКСПО-2017-дегі Словакияның Ұлттық күні аясында атақты словак сәнгерлерінің сән көрсетілімімен бірге көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы атақты «Лучница» словак фольклорлық-би ансамблінің концерті өтті.

Екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан мен Словакиядағы оқиғалар туралы жағымды сипатта үнемі хабарлап отырады. Тұрақты түрде тілшілердің пресс-турлары ұйымдастырылып отырады, мысалы, тек 2018 жылы «Хабар-24» телеарнасы Словакияға екі рет келіп, екіжақты қатынастар туралы бірқатар репортаждар шығарды. 2018 жылғы 10 желтоқсанда Братиславада словак қоғамының беделді өкілдерінің басын қосқан «Қазақстан-Словакия: өзара түсіністік пен әріптестіктің 25 жылдығы» кітабының тұсауы кесілген конференция өтті. Іс-шара барысында қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырған Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының презентациясы өтті.

2020 жылдың 30 қаңтарда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Братиславадағы Словакия ғылым академиясының Орталық кітапханасында Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасының Абай шығармалары мен оның өмірі мен қызметіне арналған 200-ден астам басылымды сыйға беру салтанатты рәсімі, сондай-ақ Абай шығармашылығына арналған «дөңгелек үстел» өтті.

2020 жылғы 5 қазанда Братиславада онлайн-форматта Словак жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырған Абайдың «Қара сөздерінің» словак тіліне алғашқы аудармасының тұсаукесері өтті.

2021 жылғы 17 наурызда Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен және британдық Hertforshire Press баспасымен бірлесіп, словак тіліндегі Қазақстан туралы алғашқы кітаптардың бірі – «101 zážitkov z Kazachstanu» («Қазақстаннан 101 әсер») жаңа кітабының онлайн тұсаукесері өткізілді.

Білім саласындағы байланыстар белсенді дамуда. Жоғары оқу орындары арасындағы сәтті ынтымақтастықтың негізін 2009 жылғы 2 қарашада екі елдің білім министрліктері арасында қол қойылған тиісті меморандум қалады.

Қолданыстағы келісімдер және университеттер арасындағы байланыстар екі елдің университеттерінде магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуіне, докторлық диссертацияларды бірлесіп ғылыми басқаруға, студенттер және профессорлық-оқытушылық құрам алмасуға мүмкіндік береді. Осылайша, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Кирилл және Мефодий университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға, Братиславадағы Словак техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Прешов университетімен, Нитра қаласындағы Словак ауылшаруашылық университетімен және Кирилл және Мефодий университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Нитрадағы Константин Философ университетімен ынтымақтастық туралы келісімі бар. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Братиславадағы Коменски университетімен, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Жилина университетімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің A. Дубчек атындағы Тренчан университетімен келісімі бар.

2020 жылғы 11 қыркүйекте Братиславада Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы мен Словакия ғылым академиясының ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР ҰҒА президенті М. Жұрынов, Словакиямен − САН Президенті П. Шайгалик қол қойды. Келісім жасасу Қазақстан мен Словакияның ғылыми топтары арасындағы, оның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, түрлі бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге, PhD деңгейінде оқытуға және постдокторантура жұмысында Қазақстандық ғылыми топтар өкілдеріне мүмкіндік береді.

2021 жылғы 10 ақпанда онлайн-режимде ҚР Туризм және қонақжайлылық Халықаралық университеті мен Братиславадағы Словак экономика университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Университет арасында Erasmus + International Credit Mobility бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісім бар. Й. Шафарика Кошице қаласында және Көкшетау университетінде. Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Абай.

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы