Жалпы мәлімет
1992 ж. 15 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 ж. қарашада Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.
2003 ж. қыркүйекте Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясы ашылды.
2012 ж. наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Дипломатиялық миссия Елшілік болып қайта құрылды.
2021 ж. қыркүйектен бастап – Мадалина Лупу Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2023 ж. 24 наурыздан бастап – Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Жоғарғы деңгейдегі сапарлар
ҚР Президенті Н.Назарбаев Румынияға екі рет барды (ресми сапармен 1998 ж. 20-21 қыркүйекте, мемлекеттік сапармен 2007 ж 21-22 қарашада).
Румыния Президенттері Қазақстанға төрт рет барды (ресми сапарлармен: Эмиль Константинеску – 1999 ж. 10-11 қарашада, Ион Илиеску – 2003 ж. 9 қыркүйекте, мемлекеттік сапармен: Траян Бесеску – 2010 ж. 2-3 наурызда, жұмыс сапарымен: Траян Бесеску – 2010 ж. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммиті шеңберінде).
Румыния Премьер-Министрі Қазақстанға бір рет барды (Виктор Понта 2013 ж. 27-28 маусымда ресми сапармен).
ҚР Премьер-Министрі Румынияға барған жоқ.
Румынияның Сыртқы істер министрлері Қазақстанға үш рет барды (ресми сапарлармен: Адриан Настасе – 1992 ж. 15 шілдеде және Теодор Мелешкану – 2017 ж. 27-28 шілдеде (ЭКСПО - 2017), жұмыс сапарымен: Лазар Команеску – 2008 жылғы 15 қараша (Орталық Азия бойынша тур).
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Нұртілеу 2023 ж. 12 желтоқсанда Румынияға ресми сапармен келді.
Парламентаралық ынтымақтастық
- НАТО ПА 63-ші сессиясына қатысу үшін сенатор Н.Нұрсипатов пен мәжілісмен Е. Бектұрғанов құрамындағы ҚР Парламенті делегациясының сапары (2017 ж.6-9 қазан);
- парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Б. Ерсаевтың құрамында ҚР Парламенті Мәжілісі делегациясының сапары (2019 ж.14-15 наурыз).
ҚР-ға сапарлар:
- Румыния Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Ф. Йордакенің сапары (2017 ж. 27 шілде);
- Румыния Парламентінің адам құқықтары, культтер және ұлттық азшылықтар комитеті төрағасының орынбасары Т. Чофудың сапары (2018 ж. 16-19 сәуір);
- шетелдегі румын диаспорасы мәселелері жөніндегі парламенттік комиссия төрағасы К.Кодрянуның сапары (2018 ж. 29 мамыр-3 маусым);
- Румыния Парламенті депутаттары палатасы төрағасының орынбасары Ф. Йордакенің Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-ші отырысына қатысуы (2019 ж. 23-24 қыркүйек).
2020 ж. қазан айында «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық топтары басшыларының бейнеконференция форматындағы келіссөздері өтті.
2021 ж. 19-22 желтоқсанда Румыния Парламенті Сенатының Вице-спикері А. Георгиу және достық тобының жетекшісі К. Никулеску-Цыгырлаш бастаған парламенттік делегацияның Астанаға сапары өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 2 879,3 млрд. АҚШ долларын құрады.
2022 ж. тауар айналымы 2,65 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 2,51 млрд., импорт-142 млн., + 69%), 2021 ж. – 1,57 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 1,52 млрд., импорт-48 млн.), 2020 ж. – 1,33 млрд. АҚШ доллары (экспорт – 1,26 млн., импорт – 73 млн.), 2019 жылы – 1,8 млрд., 2018 жылы – 1,7 млрд., 2017 жылы – 992 млн., 2016 жылы – 803 млн., 2015 жылы – 1,4 млрд.
ҚР ҰБ деректері бойынша Румыниядан ҚР экономикасына инвестициялардың жалпы ағыны – 1,57 млрд. АҚШ доллары (2005-2022 жж.). ТШИ-ның ҚР-дан Румынияға жалпы шығуы 1,9 млн. АҚШ доллары (2005-2022 жж.).
Қазақстанда Румынияның қатысуымен 28 компания, Румынияда – қазақстандық капиталдың қатысуымен 35 заңды тұлға тіркелген.
Қазақстан-Румыния cауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы (ҮАК). Қазақстан тарапынан ҮАК тең төрағасы – Энергетика министрі А.Сәтқалиев, Румын тарапынан – Энергетика министрі С. Бурдужа.
2022 ж. 6-7 қазанда Астана қаласында ҮАК-тың 16-шы отырысы өтті, оның барысында тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде Румынияға мұнай жеткізілімін ұлғайтуды және екі елдің ТХКБ бағытын дамытуға қатысуын қарастырды.
2016 ж. қаңтардан бастап Бухарест қаласында Румын-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы жұмыс істейді (Төрағасы – бұрынғы қоршаған орта министрі П.Лифичиу).
2021 ж. 30 наурызда бейнеконференция форматында қазақстан-румын бизнес-форумы өтті, оның жұмысына екі елдің бизнес-топтарының 100 өкілі қатысты.
2022 ж. 7 қазанда Астана қаласында екі елден 30-дан астам кәсіпкердің қатысуымен қазақстан-румын бизнес-форумы өтті.
2023 ж. 6-7 сәуірде Констанца қаласында «Каспий теңізі - Қара теңіз дәлізі және Констанца порты - Еуропаға жол» конференциясы өтті.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2015 ж. бастап Бухарест қаласында жыл сайын қазақстандық кино фестивалі өткізіледі, оның аясында ҚР танымал кинорежиссерлерінің шығармалары көрсетіледі.
2017 ж.бастап Қазақстандық кино күндері Констанца және Клуж-Напока қалаларында өткізіледі.
2020 ж. 10 қыркүйекте Бухарестте қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылу салтанаты өтті.
2021 ж. 22 наурызда Бухарест қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының концерті өтті.
2021 ж. 24-26 тамызда елшіліктің көмегімен ТҮРКСОЙ елдерінің концерттік тобы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Румынияның Констанца және Крайова қалаларында бірқатар концерттер қойды.
2021 ж. 24 тамызы мен 25 қазанында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел және ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
2021 ж. 10 қыркүйекте Бухаресттегі «Қазақстан» скверінің және Астанада румын ақыны Михай Эминескудің бюстінің бір мезгілде ашылуы өтті.
2022 ж. 29 маусымда екі елдің мемлекет басшыларының «Біртіндеп басып биікке» және «Әке туралы толғау» кітаптарын қазақ және румын тілдеріне аударудың бір мезгілде тұсаукесері өтті.
2022 ж. 12 қыркүйекте Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің Клуж-Напока қаласында концерті өтті.
Қазақстанда румын ұлттық-мәдени қоғамдары жұмыс істейді: Астана қаласында «Димитрий Кантемир», Алматы қаласында «Ұлы Штефан», Қарағанды қаласында «Дачия» және Павлодар қаласында «Буковина».