Жалпы мәліметтер
Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 10 қыркүйекте орнатылды.
2002 ж. Нидерландтың Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
2003 ж. 17 шілдеде Қазақстанның Амстердамдағы Бас консулдығы ашылды. 2005 ж. 18 ақпанда Қазақстанның Амстердамдағы Бас консулдығы Дипломатиялық миссияға қайта ұйымдастырылды. 2007 ж. 1 қаңтарда Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Нидерландтағы Елшілігіне қайта ұйымдастырылды.
Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі А.Жұмағалиев.
Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі Н.Схермерс.
Саяси ынтымақтастық
2023 ж. 30 шілдеде Президенті Қ.Тоқаев Нидерланд Премьер-министрі М.Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.
Президенті Н.Назарбаев Нидерландқа 2002 ж. және 2014 ж. сапармен барды.
2019 ж. 30 қазанда Премьер-Министрі А.Маминнің Нидерландқа ресми сапары өтті.
Нидерланд Премьер-министрлері Қазақстанда 2 рет болды (2010 және 2015 жж.).
2022 ж. 22 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында екі ел сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.
Екі ел сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар механизмі жұмыс істейді. Соңғы саяси консультациялар 2022 ж. сәуірде Гаагада өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2023 ж. Қазақстанның Нидирландпен сауда айналымы 4,4 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 4 млрд., импорт – 400 млн.); 2022 ж. – 5,8 млрд. (экспорт – 5,7 млрд., импорт – 300 млн.).
Нидерландтан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 2005ж. бастап 117,7 млрд. долл. құрады.
2014 ж. наурыз айынан бастап Қазақстан-Нидерланд Іскер Кеңесі қызмет етеді.