10 желтоқсан 1992 ж. – Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнату.
1995 ж. шілдесінде ҚР-дың Литва, Латвия және Эстониядағы Елшілігі (қызметтерді қоса атқару бойынша) ашылды.
2014 ж. желтоқсанда Латвияның ҚР Елшілігі ашылды.
2019 ж. шілдеде ҚР-дың Латвиядағы Елшілігі ашылды.
2021 ж. бастап Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі И.Мангуле.
2023 ж. қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Кәріпов.
Өте жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Латвияға 1 рет сапары болды (мемлекеттік сапармен –2006 ж.).
Латвияның Президенттері Қазақстанға алты рет келді (төрт рет мемлекеттік және ресми сапарлармен: Г.Улманис – 1994 ж., В.Вике-Фрейберга – 2004 ж., В.Затлерс – 2008 ж., А.Берзиньшс – 2013 ж.; екі рет жұмыс сапарымен: В.Затлерс – 1-2 желтоксан 2010 ж. - ЕҚЫҰ Саммиті, Р.Вейонис – 9-10 шілде 2017 ж. - ЭКСПО-2017).
Парламентаралық ынтымақтастық
Латвияға сапарлар:
- ҚР Парламент Сенатының депутаты Т.Мұсабаевтың (мамыр 2019 ж.).
ҚР-ға сапарлар:
- парламенттік делегациясының (7-9 маусым 2003 ж., шілде 2008 ж., ЕҚЫҰ ПА қатысу);
- Сейм вице-спикері И.Либин-Эгнеренің (мамыр 2016 ж.);
- Сеймнің Халықаралық істер комитетінің басшысы И.Калниньштың (23-25 қараша 2016 ж.);
- Латвия Сеймі мен Қазақстан Парламентінің ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық тобы төрағасының орынбасары Л.Швецованың (23-24 қыркүйек 2019 ж., Еуропа елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші отырысына қатысу).
Екі елдің парламенттері арасындағы өзара әрекеттесудің маңызды тетігі ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы болып табылады. Топтардың басшылары: қазақстандық тараптан – Парламент Мәжілісінің әлеуметтік -мәдени даму комитетінің мүшесі Жанарбек Әшімжанов; латвиялық тараптан – Линда Лиепиня, Адам құқықтары және қоғаммен байланыс комиссиясының және Парламенттік сұраныстар комиссияның мүшесі.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазіргі кезде екіжақты сауда көрсеткіштері оң даму қарқынын көрсетуде. Қазақстандық статистика деректері бойынша Қазақстан мен Латвия арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылы 356,3 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 279,2 млн. дол, импорт-77,1 млн.дол.), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 62%-ға көп (218,6 млн. АҚШ долл.).
Экономикалық өзара әрекеттесудің маңызды тетігі Экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы (8-ші отырысы 2021 ж. 3 қарашада онлайн-форматта өтті, 9-шісі үстіміздегі жылы Ригада жоспарланған) және Көлік жөніндегі жұмыс тобы (5-ші отырысы өткен жылдың 12-13 маусымында Ригада өтті) болып табылады.
ҮАК тең төрағалары: қазақстандық тараптан – Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, латвиялық тараптан – тағайындалу күтілуде.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2019 жылы Латвия университетінің Академиялық кітапханасында «Абай» қазақстандық ақпараттық орталығы ашылды. Орталықта қазақстандық авторлардың әртүрлі көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттері ұсынылған.
2019 жылдан бастап қазақ тілін, ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында Латвияда Елгава қаласында «Сәуле» қазақстандық мәдени орталығы жұмыс істейді. Аталған Орталықта түрлі іс-шаралар, соның ішінде фотокөрмелер, Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша семинарлар мен дәрістер үнемі өткізіліп тұрады.
2021 жылғы 13 қазанда Балтық Халықаралық Академиясының «BiArt» галереясында тұрақты негізде «Қазақстан-Латвия» көркемсурет көрмесі тұрақты түрде жұмыс істейді, онда 36 танымал қазақстандық суретшілердің 50-ден астам жұмыстары ұсынылған.
2023 жылы Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығына, Мұрат Әуезовтің 80 жылдығына және Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына және Алаш Орда қайраткерлеріне арналған бірқатар іс-шаралар өтті.
2023 жылғы 13 мамырда қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері Ригада өткен шайбалы хоккейден Әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық хоккей құрамасына қолдау көрсету мақсатында Рига мен Юрмалада Қазақстанның ең үлкен туын ашты.
2023 жылғы 29 қарашада Латвияның жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің қатысуымен Алаш Орда қайраткерлеріне арналған әдеби кеш өтті.
2023 жылғы 15-16 желтоқсанда Латвия астанасында «Riga Symphony-2023» халықаралық вокал және музыка фестивалінің жыл сайынғы жастар байқауы өтті. Фестивальде елімізді 8-11 жас аралығындағы алты жас дарындары таныстырды. Қазақстандықтардың лайықты өнерін байқау қорытындысы көрсетті, яғни балаларымыз 5 алтын және 1 күміс медаль алды.
Екі елдің Білім министрліктері арасында ынтымақтастық туралы келісімі қолданылады. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясы шеңберінде білім беру және ғылыми байланыстарды дамытудың маңызы зор.