Жалпы мәліметтер
1992 ж. 6 қазан – дипломатиялық қатынастар орнатылған күн.
1997 ж. ақпанда Қазақстанда Грекияның Елшілігі ашылды.
2005 ж. 13 қаңтарда Грекияда Қазақстанның Дипломатиялық миссиясы ашылды.
2009 ж. 22 мамырда дипмиссия Елшілік болып қайта құрылды.
2021 ж. мамырдан бастап Қазақстанның Грекиядағы Елшісі болып Е.Баударбек-Қожатаев тағайындалды.
2021 ж. қарашадан бастап Қазақстанның Грекиядағы Елшісі болып Э.Какиопулу табылады.
Ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі сапарлар
ҚР Президенті Н.Назарбаев Грекияға 2001 ж. шілдеде мемлекеттік сапармен және 2004 ж. тамызда Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу мақсатында келді.
2002 ж. маусымда Грек Президенті К.Стефанопулос Қазақстанға ресми сапармен келді.
2009 ж. 27-28 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тажиннің Грекияға сапары өтті.
2009 ж. 1-2 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік хатшысы – СІМ Қ.Саудабаев Грекияның төрағалығымен Афинадағы ЕҚЫҰ СІМК отырысына қатысты.
2010 ж. 1-2 желтоқсанда Грекияның Премьер-министрі Дж.Папандреу Астанада өткен ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.
2022 ж. 5-6 желтоқсанда Грек Сыртқы істер министрі Н.Дендиас Қазақстанға сапармен келді.
Парламентаралық ынтымақтастық
2009 ж. 9-12 қазанда ҚР Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ ПА Вице-президенті Қ.Тоқаев Афинадағы ЕҚЫҰ ПА-ның отырысына қатысты.
2016 ж. 16-22 наурызда парламенттік достық тобының мүшесі, «Жаңа демократия» партиясының Парламент депутаты М.Воридис кезектен тыс парламенттік сайлауда ЕҚЫҰ ПА-ның бақылаушысы ретінде Қазақстанға келді.
2016 ж. 1 маусымда Грекия Парламентінің депутаты М.Воридис «Терроризмге қарсы діндер» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін Астанаға келді.
2017 ж. 19-20 қазанда «Қазақстан-Грекия» парламентаралық достық тобының тең төрағасы А.Тасболатов және достық тобының мүшесі А.Қоңыров жұмыс сапарымен Грекияға келді.
2019 ж. 23-25 қыркүйекте Грекия Парламенті депутаты И.Саракьотис Еуразия елдерінің Парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келді.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты тауар айналымы 2023 жылы 2,254 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 2,218 млрд., импорт – 36 млн.) құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға жоғары (1,631 млрд. АҚШ долл., экспорт – 1,608 млрд., импорт – 23 млн.).
Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия екіжақты қарым-қатынастың маңызды тетігі болып табылады. Осы уақытқа дейін ҮАК-тың 5 отырысы өткізілді (соңғысы Астанада 2022 ж. 19 қазанда). Тең төрағалар: Қазақстан тарапынан — ҚР МСМ Вице-министрі Е.Еркінбаев, Грекия тарапынан — СІМ министрінің орынбасары К.Фрагояннис.
2022 ж. 20 маусымда Грекияда Қазақстан-Грек іскерлік кеңесі ашылды. Қазақстан тарапынан белгілі экономист Жақсыбек Кулекеев, Грекия тарапынан кәсіпкер Томас Ламнидис тең төраға болып тағайындалды.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2017 ж. 24 мамырда Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Ахарнэ қаласында «Анаға апарар жол» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
2018 ж. 18-19 мамырда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі «Амфиония» атты алғашқы Афиналық әскери-музыкалық фестиваліне қатысты.
2018 ж. 12 қазанда Афинада Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» кітабы негізінде түсірілген қазақстандық режиссер Е.Тұрсыновтың «Шал» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
2019 ж. 5 сәуірде «Қазақстан-Грекия» конференциясы аясында Афинада «Қазақстанның Ұлттық кітапханасында сақталған грек тіліндегі кітаптар каталогының» тақырыптық тұсаукесері өтті.
2019 ж. 25 тамызда Афинада «Абай — ұлы дала ақыны» атты әдеби кеш өтті.
2019 ж. 11 қарашада Афинада «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесінің ашылуы өтті (Алтын адамның әлем мұражайларына шеруі).
2020 ж. 30 қарашада ҚР Грекиядағы Елшілігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бейнеролик дайындап шығарды.
2021 ж. 14 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Афинадағы ҚР Елшілігінің жаңа ғимаратында Грекияның СІМ басшысы Н.Дендиастың қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
2022 ж. 27 қазанда Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Ахарнэ қаласында монумент ашылды.
2023 ж. 5 қарашада Қазақстанның Тараз және Грекияның Ежелгі Олимпия қалалары арасында бауырластық қатынастар орнату туралы актіге қол қою салтанатты рәсімі өтті.