Жалпы мәліметтер
Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 11 ақпанда орнатылды.
1992 жылғы желтоқсанда Германияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды (Алматы қ.), 1999 жылы Елшілік Астана қаласына көшті.
1993 жылғы қыркүйекте Қазақстанның Германиядағы Елшілігі ашылды (Бонн қ.), 1999 жылы Елшілік Берлин қаласына көшті.
Қазақстанның Германиядағы Елшісі – Н.Онжанов.
Германияның Қазақстандағы Елшісі – М.Иверсен.
Саяси ынтымақтастық
Президенті Қ.Тоқаев Германияға үш рет сапармен барды: 2019 ж.
5-6 желтоқсанда және 2023 ж. 28 қыркүйекте ресми сапармен Берлинге, сондай-ақ 2020 ж. 14-16 ақпанда Мюнхен қауіпсіздік конференциясына және 2023 ж. 29 қыркүйекте «Орталық Азия + Германия» форматындағы Орталық Азия елдері басшыларының Федералдық канцлер О.Шольцпен алғашқы кездесуіне қатысу үшін.
Президенті Н.Назарбаев Германияда 8 рет сапармен болды (1992, 1997, 2001, 2004, 2007, 2012, 2015 жж.).
ГФР Федералдық президенттері 4 рет Қазақстанда болы: Р.Херцог (1995ж.), Х.Келер (2008 ж.), Ф.-В.Штайнмайер (2017, 2023 жж.). Федералдық канцлер ретінде Қазақстанға Г.Шредер (2003 ж.), және А.Меркель (2010 жылдың шілде және желтоқсан айларында) келді.
Қазақстанға сапармен келгендер: ГФР Сыртқы істер министрі Г.Вестервелле (2010, 2012 ж ж.), Ф.-В.Штайнмайер (2014 ж.) және А.Бербок (2022 ж.).
Германияға сапармен барғандар: Премьер-Министрі С.Ахметов (2012 ж.), Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р.Скляр (2019, 2020, 2021, 2023 жж.), Сыртқы істер министрлері Қ.Саудабаев (2009 ж.), Е.Қазыхан (2011 ж.), Б.Атамқұлов (2019 ж.), М.Тілеуберді (2020, 2022 жж.), Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Е.Қазыхан (2021 ж.).
ҚР мен ГФР сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар механизмі орнатылған.
Екі мемлекеттің парламенттерінде парламентаралық достық топтары құрылған.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2023 ж. екіжақты тауар айналымы 3,9 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 742,3 млн., импорт – 3,15 млрд.) құрады. ҚР мен ГФР арасындағы екіжақты тауар айналымы 2022 ж. 2,8 млрд. құрады (экспорт – 532,7 млн., импорт – 2,2 млрд.).
2005 жылдан 2023 жылдың 3-шы тоқсанына дейінгі мерзімде ГФР-дан ҚР-ға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 7,2 млрд. долларды құрады.
ҚР мен ГФР арасында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы, Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесі, Берлин Еуразиялық клубы аясында әрекеттестік орнатылған.