Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Ұлы Британия Құрама Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мағлұмат

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылды.

1992 жылғы қазанда Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

1996 жылғы ақпанда ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі ашылды.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі – М.Ілиясов.

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі – К.Лич.

Саяси ынтымақтастық

Президент Н.Назарбаев Ұлыбританияға 9 рет сапармен барды (1991, 1992, 1994, 1997, 2000, 2006, 2012, 2013, 2015 жж.).

Қазақстанға Корольдік отбасы мүшелері – Ханзада Чарльз (1996 ж.), Ханшайым Анна (1993 ж.), Глостер Герцогы (2000 және 2017 жылдары), Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі арнайы өкілі Йорк Герцогы Ханзада Эндрю (2003, 2006, 2007 және 2010 жылдары) және Кент Ханзадасы Майкл (2009 ж.) сапарлармен келді.

2013 жылғы 30 маусым – 1 шілде аралығында Ұлыбритания
Премьер-Министрі Д.Кэмерон Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оның нәтижесінде екі ел арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылданып, Стратегиялық диалог құрылды.

2022 жылғы 21-22 желтоқсанда Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Лондонға сапармен барды.

2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және халықаралық даму министрі Дж.Клеверли Қазақстанға сапары өтті.

2023 жылғы 2 қазанда ҚР және Ұлыбритания сыртқы істер министрлері орынбасары деңгейінде Қазақ-британ стратегиялық диалогының 7-ші отырысы өтті.

Қазақстан мен Ұлыбританияда парламентаралық достық топтары жұмыс істейді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2023 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты тауар айналымы 1,18 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 702,9 млн., импорт – 478,7 млн.); 2022 ж. тауар айналымының көлемі – 1,8 млрд.

2005 жылдан 2023 жылдың 3 тоқсанына дейін Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 17,1 млрд. доллардан асты.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында Сауда-экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс істейді.

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы