Жалпы мәлімет
1992 ж. 5 маусым – Қазақстан Республикасы және Болгария Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған күн.
2004 ж. ҚР-дың Болгариядағы Дипломатиялық миссиясы ашылды.
2019 ж. 18 шілде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Дипломатиялық миссиясы Елшілік болып қайта құрылды.
1994 ж. Болгарияның ҚР-дағы Елшілігі ашылды.
2020 ж. 27 ақпаннан бастап Б.Хаджиев Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.
2022 ж. 9 желтоқсаннан бастап В.Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.
Жоғары деңгейдегі сапарлар
ҚР Президентінің Болгарияға бір рет сапары болды (1999 ж.
15-16 қыркүйек).
БР Президенттері Қазақстанға үш рет сапармен келді (1994 ж.
23-31 шілдеде Ж.Желевтің ресми сапары; 2003 ж. 25-27 қыркүйекте Г.Пырвановтың ресми сапары; 2010 ж. 1-2 желтоқсанда Г.Пырвановтың ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу мақсатында жасаған жұмыс сапары).
БР Вице-президенттері Қазақстанға төрт рет сапармен келді (2006 ж. 10-11 қаңтарда А.Марин ҚР Президентінің инаугурациясына қатысу үшін; М.Попова 2016 ж. 27-31 тамызда «Ядролық қарусыз әлем құру» конференциясына және 2018 ж. 12-13 қарашада Астана клубының
IV-отырысы жұмысына қатысу үшін; 2019 ж. 7-9 қазанда И.Йотованың жұмыс сапары).
ҚР Премьер-Министрі Болгарияға бір рет сапармен келді (2006 ж.
23-24 шілдеде Д.Ахметов ресми сапармен).
Парламентаралық ынтымақтастық
БР Халық Жиналысы 49-шақырылымындағы «Болгария - Қазақстан» парламенттік достық тобының басшысы - Туризм жөніндегі комиссияның төрағасы Е.Анисова (Құқық және бостандық үшін қозғалыс). Қазақстандық тараптан – Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Е.Әбіл.
Болгарияға сапарлар:
- ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы М. Оспанов (1996 ж. қазан);
- ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының делегациясы (2012 ж. қараша);
- ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының делегациясы (2008 ж. маусым және қараша, 2009 ж. сәуір).
Қазақстанға сапарлар:
- БР Халық Жиналысының Төрағасы Ц.Цачева (2015 ж. қараша);
- БР Халық Жиналысы Төрағасының орынбасарлары П.Берон (2007 ж. тамыз), Г.Пирински (2012 ж. тамыз), В.Жаблянов (2017 ж. қараша), сондай-ақ В.Марешки (2019 ж. қараша);
- БР Халық Жиналысының депутаттары (2005 ж. желтоқсан, 2009 ж. мамыр, 2012 ж. мамыр, 2016 ж. маусым, 2019 ж. маусым);
- ҚР-дағы парламенттік сайлауға шетелдік бақылаушы ретінде қатысу үшін ЕҚЫҰ арнайы координаторы, қысқа мерзімді миссиясының басшысы К.Вигенин (2021 ж. қаңтар)
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазіргі уақытта екіжақты сауда көрсеткіштері жоғары емес, атап айтқанда әлемдегі дағдарыстық жағдайлардың теріс әсеріне байланысты. 2022 ж. сауда айналымы 181,3 млн. АҚШ долл. құрады (ҚР экспорты –
142,4 млн. АҚШ, импорт – 38,9 млн. АҚШ долл.). 2023 ж. қорытындысы бойынша – 95,1 млн. АҚШ долл. (ҚР экспорты – 27,3 млн. АҚШ долл., импорт – 67,9 млн. АҚШ долл.)
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия (ҮАК) экономикалық саладағы өзара іс-қимылдың маңызды тетігі болып табылады. ҮАК-тің тең төрағалары: қазақстандық тараптан – Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров, болгар тарапынан – Экономика және өнеркәсіп министрі Б.Богданов.
Осы уақытқа дейін ҮАК-тің 4 отырысы өткізілді (бірінші, екінші – 2004 ж. дейін, үшінші – 2014 ж. және төртінші – 2016 ж.). ҮАК-тің келесі
5-отырысын 2024 ж. Софияда өткізу жоспарланған.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2015 ж. 10 қарашадағы Мәдениет саласындағы келісім осы саладағы ынтымақтастықтың нормативтік-құқықтық негізін айқындайды.
Болгарияда 3 қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді:
1) 2015 ж. бастап София университетінің түркология кафедрасында;
2) 2017 ж. бастап София орталық кітапханасында (бөлек орын);
3) 2018 ж. бастап София техникалық университетінде.
Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай София Қоғамдық кеңесінің 2018 ж. 15 наурыздағы №167 шешімімен София көшелерінің біріне «Астана» атауы берілді. 2018 ж. 28 желтоқсанда көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2020 ж. 10 тамызда А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Свети Влас қаласында Абай барельефі ресми түрде ашылды.
2020 ж. 29 қыркүйекте Варна қ. Қоғамдық кеңесінің (мәслихат)
№ 393-4-2 шешіміне сәйкес қаладағы көшелердің біріне «Абай» атауы берілді.
2020 ж. 19 қарашада А.Құнанбайұлының 175 жылдығына және
Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай жаңадан шығарылған атаулы пошта маркаларын өшіру рәсімі және Ж.Алтаевтың Әл-Фараби туралы болгар тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті.
1995 ж. Павлодарда Болгар этномәдени орталығы құрылды. ҚР аумағында көптеген этномәдени қоғамдық бірлестіктер тіркелген: Ақтөбе облысында «Вяра», Астана қ. «Злата», Павлодар облысында «Славяне», Атырау облысында «Возрождение».
Павлодар облысында К.Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің болгар бөлімі табысты жұмыс істеуде.
ҚР және РБ жоғары оқу орындары (ЖОО) бірлескен ынтымақтастықты ұйымдастыруда, соның арқасында Болгарияның София, Варна, Пловдив, Бургас, Благоевград, Русе және Стара Загора жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттер білім алуда (59).
2021 ж. 27 қазанда Әлихан Бөкейханов университеті мен Техникалық университет Өзара түсіністік туралы жаңартылған меморандумға қол қойды (қазақстандық ЖОО-ның атауының өзгеруіне байланысты).
2022 ж. 21-24 қыркүйекте өткен қала әкімі А.Байхановтың басшылығымен Павлодар әкімдігі делегациясының Бургасқа сапары аясында Торайғыров университеті мен Бургас еркін университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ Торайғыров университеті мен профессор А.Златаров атындағы университет арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2022 ж. 13 желтоқсанда «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасының ғимаратында көрнекті мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық корпус және Қазақстан достарының қатысуымен қазақстандық бұрыштың салтанатты ашылуы өтті.
2023 ж. 8 маусымда Астана халықаралық форумының шеңберінде
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Болгар ғылым академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2023 ж. 18 шілдеде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Әулие Климент Охрид атындағы София университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2023 ж. 11 қыркүйекте Софияда өткен ХІ «Славян ертегісі» халықаралық кинофестивалінде қазақстандық режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» туындысы ең үздік көркем фильм номинациясында «Гран при» жеңіп алды.
2023 ж. 24 қазанда Софиядағы Орталық әскери клубтың сахнасында Ғазиза Жұбанова атындағы «Kazakh Quartet» мемлекеттік ішекті квартеті музыканттарының концерті өтті.
2023 ж. 25 қазанда Республика күніне арналған іс-шаралардың шеңберінде, Семейде Alikhan Bokeikhan University базасында София техникалық университетінің филиалын ашу туралы келісімге ресми қол қою салтанаты өтті.