Жалпы мәліметтер
Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 25 тамызда орнатылды.
1993 ж. 15 сәуірде Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі ашылды.
2006 ж. қаңтарда Бельгияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі М.Баймұхан.
Бельгияның Қазақстандағы Елшісі А.Вантигем.
Саяси ынтымақтастық
Президенті Қ.Тоқаев 2021 ж. қарашада Брюссельге сапармен барды.
Президенті Н.Назарбаев Бельгияға 9 рет сапармен барды (1993, 2000, 2002, 2006, 2010 екі рет, 2014, 2016, 2018 жж.).
Бельгиялықтар королі Филипп принц мәртебесінде Қазақстанда 3 рет болды (2002, 2009, 2010 жж.).
2022 ж. 18-19 қаңтарда Бельгияға жұмыс сапары аясында Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Бельгия ресми өкілдерімен кездесті.
Екі ел сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар механизмі жұмыс істейді. Соңғы саяси консультациялар 2022 ж. 17 қазанда Астанада өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2023 ж. Қазақстанның Бельгиямен сауда айналымы 523,7 млн. долл. (экспорт – 220,7 млн., импорт – 303 млн.) құрады 2022 ж. – 514,8 млн. (экспорт – 271,3 млн., импорт – 242,9 млн.).
Бельгиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы көлемі
2005 ж. бастап 12,4 млрд. долл. құрады.
2023 ж. мамыр айынан бастап Қазақстан-Бельгия Іскер Кеңесі қызмет етеді.