Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 19 ақпанда орнатылды.

1995 ж. Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі ашылды.

2007 ж. Аустрияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі – М.Тілеуберді.

Аустрияның Қазақстандағы Елшісі – В.Кемпель.

Саяси ынтымақтастық

2022 ж. 20 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында Президент Қ.Тоқаевтың Аустрияның Федералдық Президенті А.Ван дер Белленмен кездесуі өтті.

Президент Н.Назарбаев Аустрияда 1993, 2000, 2004, 2012 жж. ресми сапармен болды.

АР Президенті Х.Фишер Қазақстанда ресми сапармен 2010 ж. болды.

Екі ел СІМ басшылары 2022 ж. өткізілген екіжақты және көпжақты іс-шаралар аясында (19 қаңтар, 21 маусым – Вена, 1 желтоқсан – ЕҚЫҰ СІМ, Лодзь, Польша) бірнеше рет кездесті.

2023 ж. 30 қарашада Скопьеде (Солтүстік Македония) Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Аустрия сыртқы саяси ведомствосының басшысы А.Шалленбергпен кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2023 ж. екіжақты сауда айналымы 332,6 млн. долл. құрады (экспорт – 9,7 млн., импорт – 322,9 млн.). 2022 ж. – 202,7 млн. долл. (экспорт – 4,7 млн., импорт – 198 млн.).

2005 – 2023 жылдың ІІІ тоқсаны аралығында Аустриядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 3 млрд. долл. құрады.

2009 жылдан бері Қазақстан-Аустрия Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғат қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) жұмыс істейді. 2023 ж. 20 сәуірде Грац қ. (Аустрия) ҮАК 11-отырысы өтті.

2012 ж. бастап Қазақстан-Аустрия Іскер кеңесі жұмыс істейді (8-отырысы 2021 ж. 22 қыркүйекте Астанада өтті).

 

 

Дата публикации
15 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы