Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы қатынастар

1992 ж. 5 наурызда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2013 ж. желтоқсанда ОАР-да ҚР Елшілігі ашылды.

2003 ж. желтоқсанда ҚР-да ОАР Елшілігі ашылды (2008 ж. ақпанда Астанаға көшірілді).

2023 ж. қаңтардан бастап Е.Ахинжанов Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі болып табылады.

2016 ж. желтоқсаннан бастап Кийтуметци С.Т. Мэттьюс ОАР-дың Қазақстандағы Елшісі болып табылады.

Биік және жоғарғы деңгейдегі байланыстар

2002 ж. 2 қыркүйекте Йоханнесбург қаласында өткен БҰҰ Қоршаған орта және орнықты даму мәселелері жөніндегі конференцияға (жер саммиті) қатысу мақсатында ҚР Президенті Н.Назарбаев ОАР-ға сапармен барды.

2023 ж. 24 тамызда ҚР Президенті Қ.Тоқаев қазіргі ШЫҰ төрағасы ретінде Йоханнесбург қаласында өткен БРИКС XV Саммиті шеңберінде БРИКС Африка Аутрич және БРИКС Плюс кеңейтілген диалог отырысына онлайн-форматта қатысты.

1993 ж. ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрі С.Әбішевтің Оңтүстік Африкаға ресми сапары өтті.

1997 ж. ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Оңтүстік Африкаға жұмыс сапары өтті.

2007 ж. шілдеде ҚР Индустрия және сауда министрі Г.Оразбаковтың Оңтүстік Африкаға сапары өтті.

2023 ж. 1-2 маусымда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаров Оңтүстік Африкаға жұмыс сапары аясында Оңтүстік Африка СІМ басшысы Н.Пандормен кездесу өткізді.

Сыртқы істер министрлерінің орынбасары деңгейінде 7 сімаралық консультациялар өткізілді (соңғысы – 2023 ж. маусымда, Астанада).

Парламентаралық ынтымақтастық

2008 ж. 4 желтоқсанда Оңтүстік Африка билеуші партиясының Африка Ұлттық конгресінің төрағасы Дж. Зуманың Астанаға жұмыс сапары өтті.

2023 ж. 16 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың Баку қаласындағы Парламентаралық конференцияға қатысуы шеңберінде Парламенттің төменгі палатасы – ОАР Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Н.Маписа-Нкакуламен кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР мен Оңтүстік Африка арасындағы тауар айналымы 2023 ж. 69,2 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт – 8,4 млн. доллар, импорт – 60,7 млн. долларды құрады.

ҚР экспорты: барлық түрдегі күкірт, ферроқорытпалар, шарикті немесе роликті мойынтіректер.

ҚР импорты: механикалық жабдықтар мен техника, компьютерлер, қара металдардан жасалған бұйымдар, эл. құрылғылар, байланыс аппаратурасы, органикалық химия өнімдері, кендер, резеңке-техникалық бұйымдар, пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар, автотехника және т.б.

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 2005 ж. – 2023 ж. 3 тоқсан аралығында (18 жыл) – 44,67 млн. долларды, 2021 ж. қорытындысы бойынша 14,2 млн. долларды, ал    2022 ж. – 2,2 млн. долларды құрады.

2023 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР-да Оңтүстік Африканың қатысуымен 17 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап  «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС негізінде заманауи брондалған доңғалақты машиналарды шығару бойынша Орталық Азиядағы ең ірі бірлескен Қазақстан – Оңтүстік Африка кәсіпорны жұмыс істейді.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
18 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы