Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан-Пәкістан қатынастары

 

Пәкістан 1991 жылы Қазақстан Республикасының егеменді мәртебесін мойындаған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы (ПИР) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 24 ақпанда орнатылды.

2021 жылғы 18 мамырдан бастап ҚР-дың ПИР-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.С. Қыстафин.

Сондай-ақ, Астана қаласында ИРП Елшілігі жұмыс жүргізіп жатыр.

2023 жылғы 2 наурыздан бастап ПИР-дің ҚР-дағы Елшісі Науман Башир Бхатти болып табылады.

 

Саяси саладағы өзара іс-қимыл

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1992 және 2003 жылдары Пәкістанға ресми сапарлары өтті.

Өз кезегінде Қазақстанға әр уақытта Пәкістан басшылары ресми/жұмыс сапарларымен келді:

ПИР Премьер-министрі Беназир Бхутто (1995 ж. 23-25 тамыз);

ПИР Президенті Фарук Легари (1996 ж. 28-30 қазан);

Первез Мушарраф ПИР Үкіметінің басшысы (2000 ж. 6-7 қазан);

ПИР Премьер-министрі Юсеф Раза Гилани (2011 ж. 6-7 қыркүйек);

Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф (2015 ж.25-26 тамыз).

 

Пәкістан басшылары Қазақстанға бірнеше рет барды:

2017 жылғы 8-10 маусымда ПИР Премьер-Министрі Наваз Шарифтің Астанадағы ШЫҰ Саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапары барысында Пәкістан ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі мәртебесін алды. Сонымен қатар, Премьер-министр «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты;

2017 жылғы 9-12 қыркүйекте, қазіргі кезде ПИР-дің марқұм Президенті Мамнун Хусейн ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатына қатысты;

2022 жылғы 13 қазанда ПИР Премьер-Министрі Ш.Шариф АӨСШК-нің 6-шы Саммитіне қатысты.

2022 жылғы 11-13 желтоқсан аралығында ПИР Ұлттық Ассамблеясының Спикері Р.Ашрафтың шақыруы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Ж.Қошанов Пәкістанға ресми сапармен барды.

2020 ж. 28 ақпанда Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан қатынастары тарихындағы 1-ші сыртқы саяси ведомстволар деңгейіндегі саяси консультациялар раунды барысында саяси диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады.

2022 жылғы 18-19 тамызда ШЫҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшылықтарының отырысында ҚР ҚК хатшысы Г.Нұрдаулетов пен ПҚК хатшысы Аамир Хасанның екіжақты кездесуі өтті.

                

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2022 жылы екіжақты тауар айналымының көрсеткіші 73 млн. 239 мың АҚШ долларға дейін төмендеді, оның ішінде импортқа 37 млн. 261 мың АҚШ доллары келеді, экспортқа - 35 млн. 878 мың АҚШ долл.

Қазақстанға Пәкістан экспортының негізін асыл тастар мен зергерлік бұйымдар, тоқыма, химиялық және фармацевтикалық өнімдер, ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары, көкөністер, жемістер, аяқ киім, былғарыдан жасалған бұйымдар, спорттық және медициналық тауарлар, құрылыс материалдары және т.б. құрайды.

Қазақстаннан Пәкістан импортына құрылыс және лак-бояу материалдары, шикізат тауарлары, азық-түлік тауарлары, машиналар мен жабдықтар, тыңайтқыштар, көмір, қара және түсті металдар, өсімдік майлары және т.б. кіреді.

Қазіргі уақытта сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және энергетика салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты іске асырудың негізгі тетігі Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) болып табылады.

Осы уақытқа дейін тараптар Үкіметаралық комиссияның он бір отырысын өткізді, оның соңғысы 2022 жылғы 23-24 желтоқсанда Исламабад қаласында өтті.

 

Әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Пәкістан әскери және әскери-техникалық саладағы жүйелі ынтымақтастықты дамытуға белгілі бір қызығушылық танытуда. 2002 жылы ҚР ПИР-дегі Елшілігінің жанынан әскери атташе аппараты ашылды.

 

Мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл туралы

Халықаралық ұйымдар шеңберінде тараптар тұрақты негізде екі елдің әл–Фараби мен Алама Икбалдың тарихи-мәдени тұлғаларына арналған форумдар өткізеді.

Екі ел үшін маңызды оқиғалардың қатарында 2022 жылы екіжақты форматтағы жасырын «жұмсақ күш» ретінде әрекет ететін «Қазақстан - менің екінші Отаным» түлектер қауымдастығының құрылуы болды.

Шарттық-құқықтық база

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасының негізінде ҚР мен ПИР арасындағы дипломатиялық және консулдық қатынастарды орнату туралы келісім және ҚР мен ПИР арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаттары туралы Декларация жатыр.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
27 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы