Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті

арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 сәуірде орнатылды.

Палестинаның Қазақстандағы Елшілігі 1993 жылдың маусымынан бері жұмыс атқарады. 2015 жылдың қазан айынан бастап Палестинаның Қазақстандағы Елшісі Монтасер Абу Зейд.

2020 жылғы 22 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Айдарбек Тұматов болып табылады.

ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Палестина арасындағы қарым-қатынастарға жетекшілік етіп келеді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Палестинаға екі рет ресми сапар жасады (1995 жылғы желтоқсан, 2000 жылғы сәуір).

Палестина Мемлекетінің Президенті, Палестинаны Азат ету ұйымының, Палестина Ұлттық Әкімшілігінің Төрағасы Ясер Арафат Қазақстанға екі рет сапар жасады (1991 жылғы желтоқсанда, 1999 жылғы сәуірде).

Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2019 жылы 4,4 мың. АҚШ долларын құрады (импорт).

Қазақстан-Палестина шарт-құқықтық базасы келесі келісімдерден тұрады:

- Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Палестина Мемлекетiнiң Үкiметi арасында экономика және өндiрiс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (1995 жылғы 27 желтоқсан);

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласындағы офистік үй-жайды өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім (2010 жылғы 16 қыркүйек).

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
07 октября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы