Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 1 қазан – Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1997 жылы Дубайда ҚР Бас консулдығы ашылды.

2005 жылы ҚР-да БАӘ-нің Елшілігі ашылды.

2006 жылы БАӘ-де ҚР-дың Елшілігі ашылды.

2019 жылғы 26 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Меңілбеков болып табылады.

2021 жылғы қыркүйектен бастап БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.әл-Арики болып табылады.

Аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар

Екіжақты қарым-қатынастардың берік негізі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың БАӘ-ге ресми және жұмыс сапарларының (1998, 2000, 2004, 2005, 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2018, 2019 ж.), сондай-ақ БАӘ-нің марқұм президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның  2008 жылы ресми сапары және оның 2004, 2006, 2007, 2009, 2010, 2011 және 2013 жж. жеке сапарлары нәтижесінде қаланды.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев БАӘ-ге 4 рет барды (ресми сапарлар 2020 жылғы қаңтар және 2023 жылғы қаңтар; жұмыс сапарлары 2022 жылғы мамыр және 2023 жылғы желтоқсан).

2018 жылдың шілдесінде Әбу Даби Тақ мұрагері  шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанға ресми сапармен келді.

Парламентаралық ынтымақтастық

2019 жылғы 23-24 қыркүйек – БАӘ Федералдық ұлттық кеңесінің төрағасы Амал әл-Кубейсидің ҚР-ға жұмыс сапары.

2021 жылғы 17 маусым – бейнеконференция байланысы режимінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен БАӘ Федералды ұлттық кеңесі арасында парламенттік ынтымақтастық тобының алғашқы кездесуі өтті.

2023 жылғы 6-7 қараша – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы
М. Әшімбаевтың Абу Дабиге жұмыс сапары.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен БАӘ Федералдық ұлттық кеңесі арасындағы ынтымақтастық тобының басшысы Нажметдинұлы Болатбек болып табылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2023 жылы тауар айналымы 328,9 млн. долл. құрады. БАӘ-ге қазақстандық экспорт көлемі 210,3 млн. долл. болды.

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес 2005-2023 жылдары БАӘ-ден ҚР-ға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 3,7 млрд. долл. құрады, ҚР-дан БАӘ-ге – 1,2 млрд. долл. болды.

2022 жылы БАӘ-ден тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 416,7 млн. долл. болды (27% өсім). Осы уақытқа дейін Үкіметаралық комиссияның
9 отырысы өткізілді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2019 жылғы 18-28 ақпанда Шарджа және Хор-Факкан қалаларында Шарджа әмірлігінің Мәдени мұра институтының қолдауымен қазақстандық мәдени апталығы өтті.

2019 жылғы 24-27 сәуірде Абу Дабиде «Астана Балет» театры ИЫҰ, БАӘ Сыртқы істер министрлігі, Абу Даби Мәдениет және туризм департаменті ұйымдастырған Ислам ынтымақтастық фестиваліне қатысты.

2020 жылғы 26 қыркүйекте қазақ ақыны, философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР-дың БАӘ-дегі Елшілігінің ғимаратында «Абай» мәдени-танымдық залы ашылды.

2021 жылғы 18 наурызда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР-дың БАӘ-дегі Елшілігінде Әмірліктердің тұрғындары ерекше қажеттіліктері және таңғажайып таланттары бар жас қазақстандықтардың шығармашылық жұмыстарымен таныстыратын «Әлем балалардың көзімен» көрмесі өтті.

2021 жылғы 20 наурыз бен 20 сәуір аралығында Шарджа қаласында «Мәдени мұра» фестиваліне Астана қаласы мен Жамбыл облысының Қазақстандық қолөнершілері қатысты.

2023 жылғы 11 қазанда Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің өкілдігі ашылды.

 

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
18 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы