Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар

Негізгі ақпарат

1992 жылғы 27 сәуір – Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылған күні.

2006 жылғы тамызда Оманның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

2010 жылғы қазанда Қазақстанның Омандағы Елшілігі ашылды.

2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Мұхаметәліұлы болып табылады.

2020 жылғы наурыздан бастап Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Әл-Бахрани болып табылады.

Жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлар

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Оманға сапармен екі рет барған (1997 және 2008 жж. ресми сапарлар).

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Оманға 2023 жылғы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында ресми сапармен барды.

Парламентаралық ынтымақтастық

2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Консультативтік кеңестің (Парламенттің төменгі палатасы) төрағасы Халид әл-Мәуали Астанада өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кездесуіне қатысты.

2019 жылғы 9-10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сенаты Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Оманға сапармен барды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Оман Каспий құбыр консорциумының бастамашылары мен қатысушыларының бірі болды. Каспий құбыры консорциумын салу туралы келісімге Қазақстан мен Оман арасында 1992 жылы Масқатта қол қойылды.

1998 жылы өтеусіз көмек аясында Оман Астанадағы «Салтанат Сарай» ғимаратының құрылысына Қазақстанға 10 млн. АҚШ долл. бөлді.

Оман мемлекеттік мұнай компаниясы «Oman Oil» Қазақстандағы мұнай кен орындарын игерумен 1994 жылдан бері айналысады.

Екі ел арасындағы іскерлік белсенділіктің өсу тенденциясы байқалуда, Қазақстан Республикасы мен Оман арасындағы тауар айналымы:

2019 ж. - 472,6 мың. АҚШ долл.

2023 ж. - 10,2 млн. АҚШ долл.

Тікелей инвестцииялар: ҚР Ұлттық банкінің ақпаратына сәйкес, 2005-2023 жж. аралығында Оманнан Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы сомасы 253,4 млн. АҚШ долл. құрады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Оман Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне үнемі қатысады - 2009 ж. Оман Бас мүфтиінің кеңесшісі III Съезге қатысты, 2015 ж.

Оманның дін және уақыфтар министрінің орынбасары және Оман Бас мүфтиятінің Аппарат басшысы V Съезге қатысты, 2022 ж. Бас мүфтиятінің Бас хатшысы VII Съезге қатысты.

2012 жылғы наурызда «Астана» симфониялық оркестрі «Ritz-Carlton Al Bustan Palace» қонақүйінің концерттік залының сахнасында өнер көрсетті.

2018 жылғы мамырда «Қазақстан киносының апталығы» өтті, оның барысында «Алмаз қылыш» және «Анаға апарар жол» көркем фильмдері омандық көрермендерге ұсынылды.

2018 жылғы маусымда «Bait Al Zubair» мұражайында Қазақстан Республикасы астанасының 20-жылдығына арналған «Астана – Еуразия жүрегі» фотокөрмесінің ресми ашылу салтанаты өтті.

2019 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Азия жазушыларының бірінші форумы аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Оман Жазушылар одағы арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Хаттамаға қол қойылды.

2021 жылғы 22 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған фотокөрмелер өтті.

2021 жылғы қыркүйекте Ж.Жабаевтың 175-жылдығына орай қазақтың ұлы ақыны туралы көркем фильмдер көрсетілді.

Жыл сайын Оманда тұратын ҚР азаматтарының қатысуымен Наурыз мейрамы өтеді.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
18 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы