Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1992 ж. 22 ақпан – дипломатиялық қатынастар орнатылды;

1993 ж. қазан - Үндістанның ҚР-дағы Елшілігі ашылды;

1993 ж. қараша - Үндістанда ҚР Елшілігі ашылды;

2007 ж. қараша - Үндістан Елшілігі Астанаға көшті;

2007 ж. қараша - Алматыда Үндістан Елшілігінің консулдық бөлімшесі ашылды;

2021 ж. мамырдан бастап Қазақстанның Үндістандағы Елшісі - Нұрлан Жалғасбаев;

2021 ж. маусымнан бастап Үндістанның Қазақстандағы Елшісі - Т.В. Нагендра Прасад.

Саяси ынтымақтастық

Жоғарғы деңгейдегі сапарлар:

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев Үндістанға төрт рет ресми сапармен барды (1992, 1996, 2002 және 2009 жж.);

ҮР Вице-президенттері ҚР-да ресми сапарлармен екі рет болды (1996 ж. - К.Нараянан, 2008 ж. - М.Х.Ансари);

ҮР Премьер-Министрлері ҚР-да төрт рет болды (1993 ж. - Н.Рао, 2002 ж.- А.Ваджпаи, 2011 ж. - М.Сингх, 2015 ж. - Н.Моди);

2022 ж. 27 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаев үнді тарапы бейнеконференция форматында ұйымдастырған 1-ші «Орталық Азия-Үндістан» Саммитіне қатысты.

2023 ж. 13 қаңтарда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ҮР Премьер-министрі Н.Модидің шақыруымен үнді тарапының G20 төрағалығы аясында бастамашылық еткен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» онлайн-саммитіне қатысты.

2023 ж. шілдеде ҚР Президенті Қ. Тоқаев үнді тарапы бейнеконференция форматында ұйымдастырған ШЫҰ Саммитіне қатысты.

 Жоғары деңгейдегі сапарлар:

ҚР Сыртқы істер министрлері Үндістанға екі рет ресми сапармен барды (1999 ж. - Қ.Тоқаев, 2013 ж. - Е.Ыдырысов);

 ҮР Сыртқы істер министрлері ҚР-да ресми сапарлармен төрт рет болды (2010 ж. - С.М.Кришна, 2013 ж. - С.Хуршид, 2018 ж. - С.Сварадж, 2021 ж. - С.Джайшанкар);

2019 ж. ҮР Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі В.Муралидхаран ҚР-ға барды;

2021 ж. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Нью-Делиге барды (АЫД 3-ші СІМК);

2022 ж. маусым және қазан айларында РҮР Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі М.Лекхи ҚР-ға барды;

2023 ж. маусымда Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Үндістанға барды (ШЫҰ СІМК);

2023 ж. қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу «Жаһандық Оңтүстік дауысы» атты 2-ші онлайн-саммитке қатысты.

Парламентаралық ынтымақтастық

2011 ж. 13 қазанда ҚР мен Үндістан парламенттерінің төменгі және жоғарғы палаталарының депутаттарынан тұратын Достық тобы құрылды.

2013 ж. 10-11 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев бастаған қазақстандық бір топ депутаттар Үндістанға сапармен барды.

2019 ж. 23-24 қыркүйекте ҮР Парламенті жоғарғы палатасы Төрағасының орынбасары Х.Нараян Сингх Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кездесуіне қатысты.

Сыртқы саясат ведомстволар арасындағы ынтымақтастық

СІМ аралық консультациялардың 8 раунды өтіп, соңғысы 2023 ж. 13 ақпанда Нью-Делиде орын алды (қазақстандық тараптан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Тумыш, үнді тарапынан ҮР Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Верма қатысты).

2009 ж. 5-6 қарашада Астанада Қазақстан-Үндістан консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 1-ші раунды өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық

2022 ж. қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҮР арасындағы тауар айналымы 2,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,4%-ға жоғары. Осы кезеңдегі ҚР экспорты - 1,9 млрд доллар (+ 16,2%), Үндістаннан импорт - 0,6 млрд доллар (+ 49%).

2023 ж. қаңтар-қарашада бұл көрсеткіш 920,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,8%-ға төмен. Осы кезеңде Қазақстаннан экспорт – 381,9 млн доллар (-78,5%), Үндістаннан импорт – 538,2 млн. доллар (+5,7%).

Қазақстанда үнді капиталының қатысуымен 360-қа жуық заңды тұлға тіркелген. Соңғы 25 жылда Үндістаннан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестиция ағыны 390 млн. АҚШ долларын құрады.

 Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының 14 отырысы өткізілді (ҮАК-тың 14-отырысы: 2022 жылғы 3 маусым Нью-Делиде өткен). ҮАК-тың қазақстандық бөлігі үшін – Сауда және интеграция министрлігі, үнді тарапынан – Мұнай және табиғи газ министрлігі жауапты.

Әскери-техникалық ынтымақтастық

2018 ж. 3-4 қазанда ҮР Қорғаныс министрі Н.Ситараманның Қазақстанға сапары аясында ҚР Қорғаныс министрлігінің және ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесулері өтті. ЮНИФИЛ құрамында бітімгершілік контингентін бірлесіп енгізудің салтанатты рәсімі өтті (2022 ж. 14 қарашада 6 адамнан тұратын қазақстандық контингенттің 10-шы ротациясы өтті).

2022 ж. 18-21 қазанда ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Р.Шпекбаев бастаған қазақстандық делегация Гандинагар қаласында (Гуджарат штаты) өткен «DefExpo-2022» 12-ші халықаралық әскери техника мен қару-жарақ көрмесіне қатысты.

2023 ж. 1-11 қараша аралығында «Матибұлақ» полигонында «Kazind-2023» Қазақстан-Үндістан бірлескен 7-ші оқу-жаттығуы өтті.

2023 ж. 22-24 қарашада Бангалор қаласында (Карнатака штаты) Қазақстан-Үндістан Қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 7-ші отырысы өтті.

Әуе қатынасы

1993 жылғы 10 қыркүйекте қол қойылған Әуе қатынасы туралы келісімге сәйкес қазіргі уақытта «Эйр Астана» авиакомпаниясы «Алматы-Дели-Алматы» бағыты бойынша апта сайын 12 рейсті, «Алматы-Мумбай-Алматы» бағыты бойынша 2 рейсті орындайды. «IndiGo» әуекомпаниясы «Дели-Алматы-Дели» бағыты бойынша аптасына 2 рейс орындайды.

Ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Үндістанның техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) аясында 1200-ден астам қазақстандық мамандар ҮР ЖОО-да әртүрлі бағыттар бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2022 ж. 2 маусымда Нью-Дели қаласындағы Сан-Мартин саябағында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов пен М.Лекхи А.Құнанбайұлының бюстін салтанатты түрде ашты.

2022 ж. 17-23 қарашада Нью-Дели және Мумай қалаларында «Орталық Азия-Үндістан» диалогы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің түрлі салаларындағы белсенді жастарға арналған «Жастар форумы» өтті.

5-16 желтоқсанда Нью-Делиде «Орталық Азия-Үндістан» диалогы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің жас дипломаттары үшін арнайы курстар өтті (ҚР СІМ-нен 5 дипломат қатысты).

2023 ж. Нью-Дели қаласында «Indo-Kazakh Writers' Meet» Қазақстан мен Үндістан жазушыларының кездесуі өтті.

 2023 ж. Нью-Дели қаласында Қ.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақ кербез» би ансамблі 9-шы Үнді халықаралық би және музыка фестиваліне қатысты.

2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Шиллонг, Гувахати, Ахмедабад, Мумбай және Нью-Дели қалаларында өткен халықаралық фольклорлық фестивальдарға қатысты.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы