Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мағлұматтар

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 8 ақпанда орнатылды.

Қазақстанның Аммандағы Елшілігі 2007 ж. шілдесінде ашылды. Иорданияның Қазақстандағы Елшілігі 2007 ж. сәуір айынан бастап қызмет етуде.

2019 ж. 6 маусымнан бастап Айдарбек Әнұарбекұлы Тұматов Қазақстанның Иорданиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2019 ж. 11 ақпаннан бастап Юсуф Абделгани Иорданияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде қызмет атқаруда.

Мемлекетаралық қатынастар тарихы

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен Иордания Королі Абдалла II арасындағы қалыптасқан жылы қарым-қатынастардың арқасында бүгінгі таңда Қазақстан-Иордания ынтымақтастығы жоғары деңгейге жетті. 1993 жылғы ақпанда дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамуымен және көп қырлы сипатымен ерекшеленеді, және Корольдікті еліміздің Таяу Шығыс аймағындағы ең жақын әрі сенімді одақтастарының қатарына жатқызады.

Екіжақты қатынастардың жоғары деңгейінің айқын дәлелі ретінде жоғары деңгейдегі үздіксіз байланыстар мен өзара саяси сенімнің тереңдеуі болып табылады және ол сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салаларға оң әсерін тигізеді. Атап айтқанда, 2006 және 2009 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Иорданияға екі ресми сапары өтті. Өз кезегінде, Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусейн Қазақстанға жеті рет сапармен келді (2005, 2007 және 2017 жылдары ресми сапары, 2008 ж. және 2007 ж. жеке сапары, 2014 ж. және 2015 ж. жұмыс сапары). 2015 жылғы 10-11 маусымда Король Абдалла II Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысты. Дәл осы кезеңдерінде Қазақстан-Иордания қатынастарының оң бағытын және жоғары динамикасын айқындайтын ынтымақтастықтың берік құқықтық негізі қалыптасты.

Корольдің соңғы ресми сапары 2017 ж. 31 қазан – 1 қарашада аралығында жүзеге асты. Сапардың негізгі оқиғасы ретінде ИХК монархына «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының» табыстау рәсімі болды. Осылайша, Король Абдалла II аймақтық және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тынымсыз күш-жігері үшін берілген сыйлықтың алғашқы лауреаты болды.

Сонымен қатар, 2019 ж. 25 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында ҚР Президенті Қ.Тоқаев Иордания Королі Абдалла II-мен келіссөздер өткізді.

Парламентаралық байланыстар

Парламентаралық қатынастар да белсенді дамуда. Атап айтқанда, 2019 жылы екіжақты қатынастар тарихында тұңғыш рет ИХК Парламентінің екі палатасының басшылары Иордания Сенатының спикері Файсал әл-Файез және Өкілдер палатасының спикері Атеф ат-Тарауна 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия парламенттері спикерлерінің 4-ші отырысына қатысу шеңберінде Қазақстанға сапармен барды. Аталған іс-сапар барысында ИХК Сенатының спикері Ф.әл-Файез ҚР Сенатының Төрағасы Д.Назарбаевамен, ал ИХК Өкілдер палатасының спикері А.ат-Тарауна ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр және ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаровпен келіссөздер өткізді.

Оған қоса, 2019 жылғы 16 қазанда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Д.Назарбаева Нұр-Сұлтанда өткен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес жөнінде саммит аясында ИХК король отбасының мүшесі, Халықаралық қатерлі ісікпен күрес одағының президенті ханшайым Дина Миредпен кездесті.

 Үкімет Басшылары деңгейіндегі іс-шаралар

2016 ж. 16 маусымда ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов Иордания Премьер-министрі Хани Мульқимен телефон арқылы сұхбатасты. Сұхбат барысында екі ел Үкімет басшылары сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың басымды бағыттары төңірегінде пікір алмасты.

2016 ж. 7-8 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов және Иордания Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия, сауда және жабдықтау министрі Джауад Ананидің жетекшілігімен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 4-ші отырысы және Іскерлік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының өткізілуі 2020 ж. барысында Амманда жоспарланған.

 Сыртқы істер министрліктері арасындағы байланыстар

Соңғы жылдары екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы байланыстардың күшеюі байқалуда. 2019 жылғы 1 наурызда Әбу Дабиде өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов ИХК Сыртқы істер министрі Айман ас-Сафадимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 2019 жылғы 6-7 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның аймақтық форумына қатысу үшін Иорданияға сапармен келіп, оның барысында Иордания Королімен, Сыртқы істер министрімен және басқа тұлғалармен кездесті.

2017 жылғы 6 шілдеде Амман қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Камалдиновтың және ИХК Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы З.ал-Лузидің басшылығымен екіжақты қарым-қатынастардың тарихында алғашқы рет СІМ-аралық консультациялары өтті. 2020 жылдың барысында Нұр-Сұлтан қаласында СІМ-аралық консультациялардың 2-ші кезеңін өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 23 желтоқсанда консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Иордания консультацияларының бірінші раунды өтті.

Саяси деңгейдегі белсенді өзара іс-қимыл негізгі халықаралық және аймақтық мәселелерге қатысты ұстанымдар өзара қалыптастыруында көрінеді. Бұл тұрғыда Сирия бойынша Астана процесіне бақылаушы ел ретінде қатысатын Иорданияның рөлін ерекше рөлін атап өту маңызды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Бүгінгі таңда ҚР мен ИХК арасындағы сауда-экономикалық қатынастар объективті себептерге байланысты (логистикалық мәселелер, аймақтық қақтығыстар және т.б.) екіжақты саяси ынтымақтастықтың динамикасына сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта 40 млн. доллардан аспайтын сауданың қарапайым көлеміне қарамастан, соңғы жылдары оның айтарлықтай өсуінің оң тенденциясы байқалуда. Атап айтқанда, 2018 жылғы 6 млн 654 мың долларға қарағанда 2019 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 6 есеге өсті. 2017 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 563, 8 мың АҚШ долларға жетті. 2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы небары 563,8 мың АҚШ долларын құрады.

Қазақстанның Иорданияға экспортында энергия ресурстары, механикалық және электр аспаптары, химия және қара металлургия өнімдері басым. Иорданиядан Қазақстанға жеткізілетін негізгі импорт түрлері - косметика, ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік тауарлары және фармацевтика.

Екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын орнату өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңызды аспектісі болып табылады. Бүгінгі күні бұл үшін қажетті заңнамалық негіз жасалып, Қазақстан мен Иорданияның авиациялық биліктері арасында диалог орнатылды. Қазақстан Республикасында енгізілген «ашық аспан» режимі аясында тікелей рейстердің ашылуы тауар айналымы мен туристтік ағымның артуына ықпал ететіні сөзсіз.

 Мәдени-гуманитарлық қатынастар

Соңғы жылдары білім, ғылым және мәдениет саласындағы байланыстар кеңеюде. «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және екіжақты дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуы аясында 2018 жылғы 8-10 сәуір аралығында Иордания қалаларында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мусаходжаеваның концерттері өтті. 2019 жылғы 24-25 маусымда Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен «Silk way» халықаралық университетінің (Шымкент) өкілдері Иорданияға барып, Иордания университеттерінің басшылығымен Қазақстанда иорданиялық студенттерді оқыту мәселелерін талқылады.

2019 жылғы 19-20 тамыз аралығында Амман қаласында қазақстандық кино күндері сәтті өтті. Оның аясында «Амре» және «Анаға апарар жол» фильмдері көрсетілді.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
07 октября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы