Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті

арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 10 сәуірде орнатылған.

2019 ж. қазан айынан бастап Израиль Мемлекетіндегі (ИМ) Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов болып табылады.

2018 ж. қазаннан бастап ҚР-дағы ИМ Елшісі – Лиат Вексельман.

ИМ аумағында ҚР Елшілігі 1996 ж. мамыр айынан бастап қызмет атқарады.

ҚР аумағында ИМ Елшілігі 1992 ж. тамыздан бастап қызмет атқарады.

 

Саяси қарым-қатынастар

ҚР Президенті Н.Назарбаев Израильге 2 ресми сапар (1995 ж. желтоқсан, 2000 ж. сәуір) және 1 жұмыс сапарын (2013 ж. наурыз) жасады.

ИМ Президенті Ш.Перес ҚР-ға 2009 ж. 30 маусым-1 шілдеде мемлекеттік сапармен және 2015 ж. қыркүйекте жеке сапары аясында Нұр-Сұлтанға барды. Израильдің Премьер-министрі Б.Нетаньяху 2016 ж. желтоқсанда Қазақстанда ресми сапармен болды.

Қазақстан тарапынан Израильге Премьер-Министрдің (1992 ж.); Жоғарғы сот төрағасының (1995 ж.); Білім және ғылым министрі (2007 ж. ақпан); Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007 ж. маусым); Парламент Сенаты төрағасының (мамыр 2008 г.); Парламент Мәжілісі төрағасының орнбасары (2008 ж. желтоқсан); ҰҚК Төрағасының (2013 ж. қазан, 2018 ж. желтоқсан); Индустрия және жаңа технологиялар 1-ші вице-министрінің (2013 ж. қазан);  Ауыл шаруашылық вице-министрінің (2015 ж. сәуір); Қорғаныс министрінің (2014 ж. қаңтар, 2016 ж. тамыз); Алматы Әкімі орынбасарының (2016 ж. қыркүйек, 2018 ж. желтоқсан), Қаржы министрінің (2017 ж. наурыз), Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрінің (2017 ж. қазан); Премьер-министр орынбасарының, Ауыл шаруашылық министрінің (2017 ж. сәуір), Ауыл шаруашылық министрлігі жауапты хатшысының (2018 ж. мамыр), Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің (2019 ж. тамыз) сапарлары жүзеге асырылған.

Қазақстанға сапармен келгендер: Израиль Ғылым және экономика министрі (1993 ж.); Энергетика министрі (1993 ж.); Қорғаныс министрлігінің бас директоры (1995 ж.); Сыртқы істер министрі (1995 ж. тамыз-қыркүйек 1995 ж., 2009 ж. қазан, 2010 ж. шілде); Премьер-министрдің орынбасары - Құрылыс және тұрғын үй министрі (2002 ж. 3-4 маусымда Алматыда, АӨСШК саммиті); Премьер-министрдің орынбасары-Негев және Галилеи даму министрі (2006 ж. 17 маусымда, Алматы, АӨСШК 2-ші саммиті); Мәдениет, ғылым және спорт министрі (2008 ж. қаңтар); Кнессет вице-спикері (2008 ж. мамыр); Ұлттық инфрақұрылымдар министрі (2007 ж.  желтоқсан, 2008 ж. қыркүйек, 2010 ж. сәуір); Ғылым министрі (2010 ж. шілде, 2011 ж. мамыр); Премьер-министрдің орынбасары - Стратегия істері жөніндегі министрі (2010 ж. желтоқсан); Ауыл шаруашылық және ауылдық аудандарды дамыту министрі (2014 ж. маусым), Экология министрі (2016 ж. желтоқсан).

Сыртқы саяси мекемелер арасындағы ынтымақтастық

Тұрақты негізде сімаралық консультациялар өтеді. Саяси консультациялардың 6-шы раунды 2013 ж. маусым айында Нұр-Сұлтанда, 7-ші раунд – 2015 ж. 3 қарашада Иерусалимде, 8-ші раунд – 2017 ж. 29 маусымда, 9-шы – 2019 ж.  26 ақпанда өтті.

Халықаралық ұйымдар мен форумдар аясындағы ынтымақтастық

Израиль тарапы Қазақстанның АӨСШК, ЕАЭК, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің бастамаларын қолдайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 1-ші Съезіне (2003 ж.) Бас ашкеназ раввині Й.Мецгер қатысты. 2-ші (2006 ж.) және 3-ші (2009 ж.) Съездерге Й.Мецгер және бас сефард раввині Ш.Амар қатысты. Президент Ш.Перес Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 3-ші Съезінің жұмысына құрметті қонақ ретінде қатысты. 2012 ж. мамырдағы 4-ші Съезге Израильдің Бас раввиндері және Иерусалим мен Палестина патриархы Теофил III қатысты. 2015 жылғы маусымдағы 5-ші Съезге Израильдің Бас сефард раввині И.Йосеф қатысты. 2018 ж. қазандағы 6-шыға Иерусалим мен Палестина патриархы Теофил III, және де бас сефард раввин И.Йосеф пен бас ашкеназ раввині Д.Лау қатысты.

2012 ж. қыркүйекте ИМ СІМ Бас директорының 1-ші орынбасары П.Авиви бастаған делегациясы АӨСШК-нің мерейтойлық сессиясына, сыртқы істер министрлерінің 4-ші кездесуіне және АӨСШК АЛТК отырысына қатысты.

2013 ж. ақпан айында Израиль Кеден Одағына мүше елдерімен еркін сауда туралы төртжақты Келісім жасауға қызығушылық білдірді. Жоғары Еуразиялық   Экономикалық Одақ отырыстарының нәтижесінде 2015 ж. 16 қазанда Бурабайда Еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы келісім жасасуға қатысты Израильмен келіссөздердің басталуы туралы шешім қабылданған болатын.   Келіссөздердің 6 раунды ұйымдастырылды: 2018 ж. 23 - 24 сәуірде Мәскеуде, 2018 ж. 8 - 11 қазанда Иерусалимде, 2019 ж. 11 - 14 наурызда Минскіде, 2019 ж. 29 шілде - 1 тамыз аралығында Мәскеуде, 2019 ж. 2-5 желтоқсанда Иерусалимде, 2020 ж. 3 - 5 наурызда Иерусалимде өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан израильдік озық технологиялар мен ноу-хауға, ал Израиль –  қазақстандық энергия тасымалдаушыларды жеткізуге қызығушылық танытады. Израиль тарапының деректері бойынша импортталатын мұнайдың жалпы көлемінің 25 пайызы Қазақстаннан әкелінеді.

Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 2019 ж. қорытындылары бойынша  514 млн. АҚШ долл. (экспорт – 466 млн. долл., импорт – 48 млн. АҚШ долл.), 2018 ж. 461 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 378 млн., импорт – 63 млн.).

2004 ж. Израильде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және дамыту мақсатында «Израиль - Қазақстан» сауда - өнеркәсіптік палатасы құрылды.

Іскер топтардың өзара іс-қимылының арқасында бірқатар бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылды: 2005 ж. «Қазэнергокабель» АҚ зауытында «Superior Cables» компаниясының жаңа жабдықтарды жеткізу және озық менеджментті енгізу; 2008 ж. Маңғыстау облысында МАЭК өндірістік мұқтаждықтары үшін «I. D. E. Technologies» компаниясының теңіз суын тұзсыздандыруға арналған 2 қондырғыны монтаждау (қуаты тәулігіне 12 мың текше м.); 2009 ж. ОҚО-да «M. A. D. Corporation» компаниясының қуаты 10 мың т. күркетауық етін өсіру және қайта өңдеу кешенін салу; 2010 ж. Астанада «AgroproLtd.»  компаниясының көкөніс өнімдерін өндіруге арналған алаңы шамамен 3 га болатын 2 жылыжай салу. Қазіргі уақытта «Netafim», «Naan Dan Jain Irrigation Ltd.» және т.б. Қазақстанда тамшылатып суару, мал шаруашылығы, құс өсіру және бау-бақша саласындағы жобаларды жүзеге асыруда.

Қазақстанда 2019 ж. 1 қазандағы жағдайы бойынша Израильдің қатысумен 141 кәсіпорын тіркелген.  Олар - құрылыс,  мұнайгаз, металлургиялық, өндеуші өнеркәсіптер, кабель өндірісі, телекоммуникация, қаржы және қаржыландыру, мүлікпен операциялар, фармацевтика және медицина, сауда және жарнама, туризм, көлік қызметтері, сумен жабдықтау, ауылшаруашылық, білім және ғылыми-техникалық салаларында маманданған.

1992 ж. 29 маусымда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Израильдік үкіметаралық комиссия құрылды. Комиссияның 8 отырысы өтті. Комиссияның қазақстандық бөлімінің тең төрағасы ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов болды. Израиль тарапынан – Қоршаған ортаны қорғау министрі, Иерусалим істері және ұлттық мұра жөніндегі министрі З.Элькин. ҚР Сыртқы істер министрінің 2020 ж. 20 қаңтардағы №11-1-4/21 бұйрығымен ҮАК қазақстандық бөлігінің жұмысын үйлестіру ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелген.

Инвестициялық ынтымақтастық

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, Израильден 2019 жылдың 3-ші тоқсанында тікелей инвестициялардың таза ағыны 3,8 млн. АҚШ құрады.

 2005 жылдан бастап 2019 жылдың 3-тоқсаны аралығында Қазақстан экономикасына тартылған израильдік инвестициялардың жиынтық көлемі 220,1 млн. АҚШ құрады.

2005 жылдан бастап 2019 жылдың 3-тоқсаны аралығында Қазақстаннан Израильге тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 14,6 млн. АҚШ құрады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Соңғы 10 жылда Қазақстан мамандарын шетелдік тағылымдама бағдарламасының аясында мыңнан астам қазақстандық дәрігерлер мен медбикелер Израильдің жетекші медициналық орталықтарында маманданудан өтті. Израиль мамандары Қазақстандағы медициналық орталықтар мен клиникаларының жанында жыл сайын шамамен 30 мастер — класстар өткізеді.

1993 жылдан бастап Израиль СІМ жанындағы МАШАВ халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Агенттіктің қолдауымен Израильде медицина, журналистика, білім беру технологиялары, ауыл шаруашылық, шағын кәсіпкерлік және су қорларын басқару салаларында 302 қазақстандық мамандар оқудан өтті.

Шарттық-құқықтық база келесі құжаттармен ұсынылған:

- ҚР және ИМ арасындағы өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы декларация (1995 ж. желтоқсан);

- Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау Келісімі, Қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастық туралы Келісімдер (1995 ж. желтоқсан);

- ҚР және ИМ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы Декларация (2000 ж. сәуір);

- Кеден істерінде ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісім (2000 ж. сәуір);

- Кәсіпкерлік, инвестиция және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту саласындағы  өзара әрекеттесу туралы Келісім (2000 ж. сәуір);

- Дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттар иелері үшін визалық режимді жою туралы Келісім (2009 ж.);

- Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келісім (2014 ж.);

- Ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастық  туралы Келісім (2016 ж.).

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
07 октября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы