Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы қарым-қатынастар

Қазақстан мен Жаңа Зеландия қарым-қатынастары

 

Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 12 мамырда орнатылды.

2022 ж. бастап Жаңа Зеландияның Қазақстандағы Елшісі болып (резиденциясы Мәскеу қаласында) Сара Мэри Уолш тағайындалды.

2022 ж. 21 қазанда Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Дж. Матепараенің 2014 ж.
1 шілдедегі өкімімен резиденциясы Алматы қаласында орналасқан Жаңа Зеландияның Қазақстандағы Құрметті консулы болып Нұрлан Смағұлов тағайындалды.

2020 ж. 15 қазанда Брайан Эшли Джонсон ҚР-дың Оклендтегі Құрметті консулы лауазымына тағайындалды.

2022 ж. 15 маусымда Жаңа Зеландияның Қазақстандағы Елшісі Сара Уолш ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Іс-шара барысында С.Уолштың ҚР СІМ, ҚР СИМ өкілдерімен кездесулері өткізілді.

ҚР мен Жаңа Зеландия арасындағы тауарайналым 2022 жылы 6 млн. АҚШ долл. құрап, оның ішінде экспорт - 1,2 млн. долл., ал импорт – 4,8 млн. долл. көрсетті.

Жаңа Зеландиядан келетін импорттың негізгі баптары: шарап, сары май, гүлдер, жаңа піскен жемістер, тұқымдар, егуге арналған жемістер мен бүршіктер, химия өнеркәсібі өнімдері, медициналық реагенттер, косметикалық құралдар, фурнитура, пластмассадан, вулканизацияланған резеңкеден және қара металдардан жасалған бұйымдар.

2023 ж. ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда Жаңа Зеландияның қатысуымен 9 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді.

2005-2020 жж. аралығында ҚР-ға құйылған Жаңа Зеландияның тікелей инвестициясы 0,4 млн. АҚШ долл. құрады.

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
27 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы