Жалпы мәліметтер
1991 жылы 27 желтоқсанда Вьетнам Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.
1992 жылы 29 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2008 ж. Қазақстанда Вьетнамның Елшілігі ашылды.
2013 жылы Вьетнамда Қазақстанның Елшілігі ашылды.
2019 жылдың 18 мамырынан бастап Ерлан Байжанов Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі қызметін атқаруда.
2022 жылдың 3 ақпанынан бастап Фам Тхай Ньы Май ханым Вьетнамның Қазақстандағы Елшісі қызметін атқаруда.
Саяси ынтымақтастық
Вьетнам Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Қазақстан мен Вьетнам арасында өзара сенім мен қолдауға негізделген достық қарым-қатынастар орнатылды.
1994 ж. ақпанда Вьетнамның Сыртқы істер министрі Нгуен Ман Камның Қазақстанға сапармен келді.
1994 ж. маусымда Вьетнам Премьер-Министрі Во Ван Киет Қазақстанға ресми сапармен келді.
2009 ж. 17 сәуірде Боао Азия форумы аясында (Хайнань аралы, Қытай) Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев Вьетнам Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгпен кездесті.
2009 ж. 14-15 қыркүйекте Вьетнам Премьер-Министрі Нгуен Тан Дунг Астанаға ресми сапармен келді.
2011 жылғы 30 қазан - 1 қараша аралығында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Вьетнамға ресми сапармен барды.
2012 ж. 10-11 қыркүйекте Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шанг Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
2015 ж. 29-30 мамырда Вьетнам Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунг ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.
2022 ж. 17-18 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Б. Тілеуберді Вьетнамға ресми сапармен барды.
2022 ж. 12-13 қазанда Вьетнамның Вице-президенті Во Тхи Ань Суан ханым АӨСШК 6-шы Саммитіне қатысу мақсатында Астанаға келіп, сапардың аясында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаев және ҚР Премьер-Министрі А.Смайыловпен кездесті.
Қазақстан мен Вьетнамның сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты негізде сімаралық саяси консультациялар өткізіледі. Соңғы саяси консультациялар 2020 ж. қарашада онлайн форматта өтті.
Парламентаралық ынтымақтастық
Екі елдің парламенттері арасындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді.
2015 ж. 27-31 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.Жақыповтың Вьетнамға ресми сапары өтті.
2017 ж. 16-18 қазанда Вьетнам Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганның Қазақстанға ресми сапары өтті.
2018 ж. 9 қазанда Анталияда (Түркия) Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 3-ші кездесуі аясында және 2019 жылғы 8 сәуірде Дохада (Катар) Парламентаралық одақтың 140-шы Ассамблеясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин мен Вьетнам Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нган арасындағы кездесулер өтті.
2019 ж.23-24 қыркүйек Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші кездесуіне қатысу үшін Вьетнам Ұлттық Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Тонг Тхи Фонг ханым Нұр-Сұлтанға келді.
2019 ж. 13-15 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің Ветнамға ресми сапары өтті.
Қазақстан Парламенті мен Вьетнам Ұлттық Ассамблеясында парламентаралық ынтымақтастықты дамыту үшін достық топтары құрылды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Соңғы жылдары Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың көрсеткіштері сенімді өсуді көрсетіп отыр.
Қазақстанның Вьетнаммен сыртқы сауда айналымы 2022 жылы 525,7 млн АҚШ долларын құрды. Бұл 2021 жылының көрсеткішімен салыстырғанда 23,4%-ға жоғары. Бұл ретте экспорт 125,6 млн АҚШ долл. (+55%), ал импорт 400,1 млн АҚШ долл. (+15,9%) құрды.
Қазақстаннан Вьетнамға экспортталатын негізгі тауарлар: өңделмеген қорғасын (44,9%), өңделмеген мырыш (34,8%), легирленбеген болаттан жасалған ыстықтай прокат (15,9%), басқа кендер мен концентраттар (1,1).
Вьетнамнан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: телефон аппараттары (52,6%), шаңсорғыштар (6,4%), микрофондар мен дауыс зорайтқыштар (5,7%), компьютерлер (5,5%), баспа техникасы (2,9%), электронды интегралдық схемалар (2,9%), теледидарлар, мониторлар мен проекторлар (2,5%), шиналар (1,6%).
Қазақстан мен Вьетнам арасында Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды (1997 ж.). Комиссияның 10-шы отырысы 2022 ж. 26 қыркүйекте Ханой қаласында өтті. 2023 ж. 30-31 наурызда Ханой қаласында аталған комиссияның Ауыл шаруашылығы жөніндегі кіші комитетінің бірінші отырысы өтті.
Көлік және логистика
2022 ж. қазаннан бастап екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілді. Қазақстандық «Sunday Airlines» әуе компаниясы аптасына екі рет «Алматы – Камрань» бағыты бойынша, ал «VietJet» вьетнамдық әуекомпаниясы Камрань қаласынан Астана мен Алматыға аптасына 4 рет тікелей рейстерді жүзеге асырады.
Қазақстан паспорттарының иелеріне Вьетнамға бару үшін виза талап етіледі.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Қазақстан-Вьетнам жолында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту маңызды рөл атқарады.
2012 жылғы 10-16 қыркүйекте Қазақстанда Вьетнам мәдениетінің күндері өтті.
2013 жылғы 11-14 маусымда Ханойда Қазақстанның Вьетнамдағы мәдениет күндері өтті.
2013 жылы Ханой педагогикалық университетінде Абай атындағы ғылым және мәдениет орталығы өз жұмысын бастады.
2014 жылғы 19 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-де Вьетнам мәдениеті және білім беру орталығының ашылу салтанаты өтті.
2020 ж. желтоқсанда Қазақтың ұлы жазушысы Абай Құнанбаевтың вьетнам тілінде «Тәңір сөздері» кітабының тұсаукесері өтті.
2021 жылдың қарашасында Дананг қаласында қазақ көркем фильмдерінің күндері өтті.
2021-2022 жж. вьетнам тілінде «Қазақ ертегілерінің» үш томдығы жарық көрді.
Білім саласындағы ынтымақтастық
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандық және вьетнамдық студенттер екі елдің жоғары оқу орындарында алмасу бойынша білім ала алады.
Шарттық-құқықтық база
Дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылы ішінде кең ауқымды қарым-қатынастар аясында серіктестіктің одан әрі нығаюына ықпал ететін елеулі шарттық-құқықтық база құрылды. Барлығы 50-ден астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды.