Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 28 мамыр – Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Б.Арын болып табылады (Сауд Арабиясының Рияд қаласындағы резиденциясымен).

2015 жылғы желтоқсаннан бастап Бахрейн Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Ю.әл-Абдалла болып табылады (Түркияның Анкара қаласындағы резиденциясымен).

Аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар

1997 ж. – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Бахрейн Корольдігіне ресми сапары.

2014 ж. – Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл-Халифаның Қазақстанға ресми сапары.

2023 ж. 1-3 ақпан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің Бахрейнге алғашқы ресми сапары.

Парламентаралық ынтымақтастық

2019 ж. – Бахрейн Парламенті Кеңес өкілдерінің спикері Фаузия Зайналдың Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға сапары.

2023 ж. 11-15 наурыз – Парламентаралық Одақтың 146-шы Ассамблеясына қатысу үшін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Е.Болгерт пен Л.Рысбекованың құрамындағы қазақстандық делегацияның Манамаға сапары.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2023 жылы тауар айналымы 188,4 мың долл. құрады. Бахрейнге қазақстандық экспорт көлемі 63 мың долл. болды.

АХҚО-ның Бахрейн банк ісі және қаржы институтымен, Бахрейннің Орталық банкімен, Ислам қаржы мекемелерінің бухгалтерлік және аудит жөніндегі ұйымымен (AAOIFI), Халықаралық ислам қаржы нарығымен (IIFM) ынтымақтастығы орнатылды. АХҚО Орталық кеңесінде исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша халықаралық сарапшылар қатарында Корольдіктің өкілдері жұмыс істейді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2021 ж. 29 қыркүйек – Корольдік гуманитарлық қордың Бас хатшысы М.әл-Саедтың қатысуымен Бахрейн тарапының қаражатына салынған Астана қаласында 1 200 оқушыға арналған № 91 мектептің ашылуы өтті.

2023 жылғы 28 маусымда «SCAT» әуекомпаниясы қазақстандық «Skyway Ltd» туроператорымен бірлесіп, алғаш рет «Манама-Алматы» бағыты бойынша аптасына 1 рет тікелей маусымдық чартерлік авиарейсті іске қосты.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
18 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы