Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Австралия арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Австралия арасындағы қатынастар

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 22 маусымда орнатылды. Аустралия Елшілігі Қазақстан Республикасында 1995 жылдан 1999 жылға дейін жұмыс істеді.

1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Аустралиядағы консулдығы жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 қарашадағы Жарлығымен Сидней қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылды.

2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Бас консулы қызметін Марат Қалижанов атқарады.

2019 жылғы маусымнан бастап Аустралияның Қазақстандағы Елшісі болып (резиденциясы Мәскеу қаласында) Грэм Михан (Graeme Meehan) тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

1996 ж. желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Аустралияға алғашқы ресми сапары болып, оның барысында саяси диалогтың негізі қаланды және екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары белгіленді.

Елдер арасындағы алғашқы екіжақты саяси байланыстар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Терещенконың 1993 жылғы шілдеде Канберраға жасаған сапары кезінде, сондай-ақ 1994 жылғы сәуірде Аустралия Генерал-губернаторы Б. Хейденнің Қазақстанға сапары кезінде орнатылды.

2017 ж. 26 мамырда Астанада екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары деңгейіндегі қазақстан-аустралиялық саяси консультациялары өтті. Мәжіліс барысында терроризммен күрес, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

2021 ж. 14 сәуірде Қазақстан мен Аустралия сыртқы саяси мекемелері арасында видеоконференц-байланыс форматында саяси консультациялар өтті.  Іс-шара барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР мен Аустралия арасындағы тауарайналым 2022 ж. 69 млн. АҚШ долл. құрап, оның ішінде экспорт-12 млн., ал импорт – 57 млн. көрсетті.

Экспорттың негізгі өнімі – азаматтық жолаушыларға арналған ұшақтар, сульфаттар, ашудастар, хромның триоксиді, мырыш, ферроқорытпалар, қара металл бұйымдары, табиғи құм, электр станциялар мен т.б.

Аустралиядан импорт тау-кен өндірісіндегі арнайы жабдықтар (фронтальды шелек тиегіштер, самосвалдар, көлік құралдарына арналған шиналар және дөңгелек тыстары, сұрыптау жабдықтары, домкраттар, көтергіштер, тиегіштер), сорғылар, осьтік желдеткіштер, тежеу құрылғылары, есту құрылғылары, медициналық құралдар, сүт майлары және т.б. құралған.

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасына австралиялық тікелей инвестиция 54,3 млн. АҚШ. құрады. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей инвестицияның жалпы көлемі 4,6 млн. АҚШ долл. болды.

Қазақстанда Аустралияның қатысуымен 68 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер қызмет атқаруда. Аустралиялық «Orica-Kazakhstan», «Kazakhstan Potash Corporation», «Rio Tinto», «Iluka Resources», «ALS Minerals», «Austmine» және басқалары сияқты компаниялар Қазақстанның тау-кен саласында табысты жұмыс істейді.

 Шарттық-құқықтық база

1997 жылғы 7 мамырда ҚР Үкіметі мен Аустралия Үкіметі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім 2004 ж. күшіне енді.

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
25 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы