Ү.ж. 13 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы ЗаңыҚазақстан Республикасының халықаралық шарттардың жұмыс істеу тәртібі мен шарттың айқындау мақсатында әзірленген. Көрсетілген тәртіп пен талаптардың заңнамалық айқындамасы 2017 жылғы Конституцияның 4-бабының
3-тармағына енгізілген өзгерістерде көзделген.
Заңды қабылдау Қазақстан Республикасының алдында алған міндеттемелерін орындамайтын мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді.
Осы мәселелерді «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасының алдында алған міндеттемелерін орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды орындауды тоқтата тұру түріндегі қарымта шаралар (қарымта шаралар) қабылдауын көздейтін нормалар енгізу арқылы шешу ұсынылады.
Сонымен қатар, Заңды қабылдау бейінді заңға ратификацияланған халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы заңдарының алдындағы басымдығы, мұндай халықаралық шарттардың тікелей қолданылуы, жұртшылықты халықаралық шарттардың мәртебесіндегі өзгерістер жөнінде хабардар ету туралы нормалар енгізуді, сондай-ақ халықаралық шарттарды тоқтату тәртібін реттеудегі олқылықтарды жоюды қамтамасыз етеді.
Заң қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарларға әкеп соқтырмайды.