Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қатысты

    1. Заңнамалық актіні қабылдау негіздемесі.

    2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында Бесінші каспий саммиты барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға (бұдан әрі − Конвенция) қол қойды.

    2019 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті                  Н.Ә. Назарбаев «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» № 222-VI Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын Конвенцияның ережелеріне сәйкестендіру мақсатында Сыртқы істер министрлігі басқа  мемлекеттік органдармен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленді (бұдан әрі – Заң).

     

    1. Заңнамалық актіні қабылдау мақсаттары.

    Заң жобасын қабылдау мақсаты Конвенцияның ережелерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына имплементациялау болып табылады.

     

    1. Заңнамалық актіні іске асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары.

    Заңды іске асыру әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

    Заңды қабылдау мынадай оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соғады:

    - ұлттық заңнаманы Конвенция ережелеріне сәйкестендіру;

    - Мемлекеттік шекараны қорғау және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою;

    - қолданыстағы құқықтық тетіктердің, соның ішінде шекара кеңістігінде белгіленген режимдердің тиімділігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету. 

    Бұдан басқа, Заңды іске асыру Каспий теңізіндегі балық шаруашылығы саласындағы қызметтің көптеген маңызды аспектілерін қамтуға мүмкіндік береді:

    1) Каспий теңізінің балық аулау аймағында және жалпы су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мүмкіндігі;

    2) Каспий теңізіне бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру мүмкіндігі;

    3) Каспий теңізінің балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын қорғауды жүзеге асыру.

    1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы мәліметтер.

    Заң Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға алып келмейді.

     

    1. Қабылданған заңнамалық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ Парламент қабылдаған, бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы ақпарат.

    Заң  Қазақстан Республикасы Конституциясына, қолданыстағы заң актілеріне, сондай-ақ Парламент қабылдаған бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заң актілеріне сәйкес келеді.

Дата публикации
07 апреля 2021
Дата обновления
07 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы