Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 3 наурыздағы Заңына қатысты

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 3 наурыздағы Заңы қазақстандық дипломаттардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға, сондай-ақ дипломатиялық қызмет органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған.

Заңда реттелуі көзделген кейбір мәселелер Мемлекет басшысымен алдын ала келісілді.

Заңда келесідей өзгерістер мен толықтырулар көзделінген.

Дипломатиялық қызмет ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру мақсатында Заңда «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері» тиесілі ұғымы бекітілді.

Бұл санатқа зейнеткерлік жасқа толған және кемінде 25 жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның ішінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында 15 жыл жұмыс істеген адамдар жатқызылады.

Яғни, Төтенше және Өкілетті Елші, халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (өкілетті) өкіл қызметін атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай төлем төленетін болады.

Әлемдік саясат пен экономика саласында іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу мақсатында дипломатиялық қызмет органдары жүйесіне ғылыми мекемелер қосылды.

Бүгінгі таңда сыртқы саяси бағдарға ғылыми-аналитикалық сүйемелдік көрсетіп отыруды Сыртқы істер министрлігіне қарайтын Сыртқы саяси зерттеулер институты жүзеге асыруда.

Жаңа өзгерістер институттың мәртебесін арттырып, оның қызметінің негізгі бағыттарын бекітуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің құқықтық мәртебесін айқындауға және оны дипломатиялық қызмет органдарының жүйесіне енгізуге бөлек назар аударуға тура келеді.

Өкілдікті заң деңгейінде бекіту, ең алдымен оның заңды мәртебесін анықтау үшін, сондай-ақ шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдіктері алдында оның маңыздылығын арттыру үшін қажет.

Одан басқа шет елдердегі мекемелер жұмысының ерекшелігін ескере отырып, олардың шаруашылық қызметі мен қаржылық тәртібіне байланысты мәселелерді жүйеге келтіруге қатысты өзгерістер қарастырылуда.

Жоғарыда келтірілгендерден басқа, заңда кездесетін құқықтық олқылықтарды жойып отыру қарастырылған, бұл жалпы нормативтік-құқықтық базаны, жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 апреля 2021
Дата обновления
06 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы