Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 12 ақпан - Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылған күні.

1993 ж. ҚР-да Ауғанстан Елшілігі ашылды (2005 жылы Елшілік Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді). Алматы қаласында Ауғанстанның Бас консулдығы жұмыс істейді.

2002 ж. Ауғанстанда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылды.

2003 ж. ҚР-дың Ауғанстандағы Елшілігі ашылды.

2018 ж. сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Ә.О.Есенгелдиев атқарады.

2021 ж. қазаннан бастап Қазақстандағы Ауғанстан істерінде уақытша сенім өкілі Н.М.Такал болып табылады.

Ең жоғары және биік деңгейдегі сапарлар

Ауғанстан президенттері ҚР-ға жеті рет сапар шекті (Х.Карзайдың 2004 жылғы 15-16 сәуірдегі және А.Ганидың 2015 жылғы 19-20 қарашадағы ресми сапарлары, сондай-ақ ЕҚЫҰ және АӨСШК саммиттеріне қатысу шеңберінде).

Ауғанстанның вице-президенттері мен атқарушы билік басшылары ҚР-ға төрт рет келді (А.З.Масуд ресми сапармен 2007 жылғы 13-15 маусымда және ШЫҰ кездесуіне қатысу шеңберінде 2008 жылғы 30 қазанда, М.К.Халили 2014 жылғы 21-23 мамырда Астана экономикалық форумына қатысу шеңберінде, А.Абдулла 14 желтоқсанда2014 ж. ШЫҰ отырысына қатысу шеңберінде).

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі С.Жұманғарин 2023 жылғы 15 сәуірде Қабыл қаласына ресми сапармен барды.

ҚР Сыртқы істер министрлері Ауғанстанға бес рет іссапармен барды (Қ.Саудабаев 2009 жылғы 22 қараша, 2010 жылғы 17 мамыр және 20 шілде, Е.Қазыхан 2012 жылғы 13 маусым және Е. Ыдырысов 2016 жылғы 24 қараша).

Парламентаралық ынтымақтастық

2012 жылы ИРА парламентінің төменгі палатасының спикері А.Ибрахими Ауған делегацияларының басында ҚР-ға екі рет келді (14 наурыз – ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесі, 28-29 тамыз – «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» тақырыбында халықаралық конференция).

2013 жылғы 11-12 мамырда Ауғанстанда ҚР Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев бастаған парламенттік делегация болды.

2013 жылғы 9-13 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісі басшылығының шақыруымен Қазақстанда Ауғанстан Парламентінің төменгі палатасының екінші вице-спикері С.Сальджуки бастаған Парламенттің төменгі палатасының делегациясы болды.

2015 жылғы 14-17 маусымда Ауғанстан Парламентінің төменгі палатасының делегациясы құрамында әйелдер мен балалар істері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Ш.П.Ахмади мен бюджет жөніндегі комиссия мүшесі Б.М.Джаузджани Астана қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты.

2016 жылдың 31 мамырынан 1 маусымына дейін Ауғанстан парламентінің мүшесі С.Сальджуки Терроризмге қарсы діндер халықаралық конференциясына және Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының отырысына қатысты.

2016 жылғы 26-27 қыркүйекте Ауғанстан Парламенті Сенатының Халықаралық істер жөніндегі комиссиясының төрағасы А.Паштун Астана қаласындағы Ғылым технологиялар және инновациялар мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумына қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 522,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Оның ішінде Қазақстаннан Ауғанстанға экспорт көлемі 504,2 млн. долларды құрады. Қазақстаннан Ауғанстанға экспорттың негізгін: бидай немесе қара бидай ұны (үлесі 58,3%), бидай (19,4%), легирленбеген болаттан жасалған жалпақ илек суықтай илектелген (4,2%), күнбағыс майы (3,4%), кептірілген бұршақ дақылдары (3%), аралас минералды тыңайтқыштар (2,2%), зығыр тұқымдары (2,1%), табиғи газ (2%) және т. б. тауарлар құрады.

2023 жылы Ауғанстанның Қазақстанға импорт көлемі 17,9 млн.   долларды құрды. Оның негізін: минералды, газдалған және қант қосылған су (үлесі 80,5%), жүзім, жаңа піскен немесе кептірілген (6,1%), парфюмерияда немесе фармацияда қолданылатын өсімдіктер (2,7%), пияз, сарымсақ (2,7%) және т. б. тауарлар құрады.

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, Ауғанстаннан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 1 млн. АҚШ долларын құрады.

2023 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан 197 кәсіпкер мен 70 компания жіберілді. Олардың сапарлары барысында келесі келісімшарттар жасалды:

  1. «Bashir Nawid Complex» - а/ш өнімдерін жеткізу туралы келісімшарт.
  2. «Ауғанстан майы дилерлерінің Балх одағы» мен Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
  3. «Паши групп» пен «Евразиан Фуд Трейд» ЖШС арасындағы ұн жеткізу бойынша келісімшарт.
  4. «Сафар компаниясы Лимитед» пен «Май дела» ЖШС арасындағы өсімдік майын жеткізу туралы келісімшарт.
  5. «Асали ЛТД» - өсімдік майын жеткізу бойынша ОРТАМАКС ЖШС мен «Пойма май комбинаттары» ЖШС арасындағы келісімшарт.
  6. «Агахан Тужарат ЛТД» мен «Зырян Май» ЖШС арасындағы өсімдік майын сатып алуға қатысты келісімшарт.
  7. «Хамиди Энерджи» мен «Промбаза-7» ЖШС арасындағы өсімдік майын жеткізу бойынша келісімшарт.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2021 жылғы 17 қазанда ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыханның Ауғанстанға сапары барысында 5 мың тонна ұн (74 вагон) мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

2021 жылғы желтоқсанда Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов бастаған қазақстандық сауда-экономикалық делегацияның сапары барысында ауған тарапына дәрі-дәрмек түріндегі гуманитарлық көмек әкелінді (1,5 тонна). 2022 жылдың қаңтарында Мазари-Шариф қаласына гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жеткізілді (200 тонна күріш, 60 тонна өсімдік майы, 2 тонна макарон, 116 тонна ет консервілері, 30 қысқы шатыр, дәрі-дәрмектер: моксифлоксацин және фавипиравир).

2022 жылғы 20 ақпанда Хайратон  (Балх провинциясы) темір жол тұрағында ауған халқына қазақстандық гуманитарлық көмектің кезекті партиясын (5 контейнер, 39 тонна дәрілік заттар) ресми тапсыру өтті.

2022 жылғы 31 тамызда БҰҰ-ның «Термез жүк орталығы» логистикалық терминалында (ТР) маусым айының соңында елдің оңтүстік-шығыс провинцияларында орын алған жер сілкінісінен зардап шеккен ауған халқы үшін қазақстандық гуманитарлық көмекті (азық-түлік, киім-кешек, шатырлар, кереуеттер және т. б. қамтитын 9 вагон) БҰҰ өкілдеріне ресми тапсыру рәсімі өтті.

2023 жылғы 10 және 12 сәуірде Хайратон (Балх провинциясы) теміржол станциясына азық-түлік тауарларынан (қарақұмық, бұршақ, май, қоюландырылған сүт және т.б.) тұратын 81 гуманитарлық көмек вагоны жіберілді.

2023 жылғы 15 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі С.Жұманғаринның Қабыл қаласына сапары барысында гуманитарлық көмек партиясы дәрі-дәрмек түрінде берілді.

2023 жылғы 10 қазанда Герат провинциясындағы ірі жер сілкінісіне орай көмек көрсету мақсатында Герат қаласына 45 адамнан тұратын ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағы барды.

2023 жылғы 11 қазанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына байланысты Герат провинциясына жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы авиабортпен салмағы 1600 тоннадан асатын азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарынан тұратын гуманитарлық жүк жеткізілді.

2023 жылғы 21 қазанда Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған жалпы салмағы 1662 тонна болатын 27 вагоннан тұратын қазақстандық гуманитарлық көмек партиясы «Хайратон» (Балх провинциясы) теміржол станциясына жеткізілді. Көмекке күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрастар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, іш киімдер, жастық қаптары және кереуеттер кірді.

2009 және 2018 жылдары білім беру өзара іс-қимылы бойынша келісімдерге қол қойылды. Олардың аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарында берілген гранттар негізінде ауған студенттері, магистранттар мен докторанттар үнемі білім алуда. 2023 жылғы мамырда оқуға кезекті 30 ауған студентін қабылдау іс-шарасы жүзеге асырылды.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
18 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы