Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Индонезия Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстандық-индонезиялық қатынастар

 

Қазақстан Республикасы (ҚР) мен Индонезия Республикасы (ИР) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 2 маусымда орнатылды.

2012 ж. сәуірде Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігі ашылды.

2010 ж. желтоқсанда Индонезияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Д.Сарекенов (2019 ж. 18 мамырдан бастап).

Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман (2021 ж. 23 қыркүйектен бастап).

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Индонезия арасындағы қарым-қатынастар достық және өзара тиімді ынтымақтастық рухында дамып, әртүрлі деңгейде тұрақты саяси диалог орнатылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1995 және                  2012 жж. Индонезияға, Индонезия Республикасының Президенттері М.Сухартоның 1995 ж. және С.Б.Юдойононың 2013 ж. Қазақстанға сапарлар алмасулары, Индонезия Республикасының Вице-президенті Будиононың VII Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына қатысу үшін Астанаға сапары (2011); Индонезия Республикасының Вице-Президенті Юсуф Калланың ИЫҰ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін Астанаға сапары (2017 ж.)  өтті.

Индонезия Қазақстанның көптеген сыртқы саяси бастамаларын қолдайды және Қазақстанда өткізілетін халықаралық іс-шараларға белсенді қатысады (Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі және т.б.).

Өзара іс-қимылдың негізгі тетіктерінің бірі – Қазақстан мен Индонезия сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялары болып табылады. Соңғы саяси консультациялар 2017 ж. 15-16 маусымда Джакартада өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық.

Соңғы жылдары парламентаралық ынтымақтастықтың жандануы байқалады. Қазақстан мен Индонезия парламентшілерінің өзара сапар алмасулары тұрақты болып табылады.

Екі ел парламентшілерінің негізгі сапарлары: 2018 ж. 12-14 наурыз ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Индонезияға сапарын шегіп,                    ИР Президенті Джоко Видодомен кездесті.

2022 жылғы 20-24 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспан бастаған парламенттік делегация Парламенттік Ассамблеяның 144-ші сессиясына қатысу үшін Индонезияға сапармен барды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2022 жылы екіжақты сауда айналымы 515 млн. АҚШ долл. (+51%), оның ішінде ҚР-дың Индонезияға экспорты-196,8 млн. АҚШ долл. (+31,6), Индонезиядан ҚР-ға импорт-318,2 млн. АҚШ (+87,7%) долларын құрады.

Қазақстандық экспорттың негізгі баптары феррохром (80%) және легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар (18%).

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі тетігі - экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Индонезия бірлескен үкіметаралық комиссиясы (ҮАК). Осы уақытқа дейін комиссияның 1 отырысы өтті (2013 ж. 21-22 тамыз, Джакарта).

Комиссияның тең төрағалары: қазақстандық тараптан – ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров, индонезиялық тараптан - Экономика жөніндегі министр-үйлестіруші Эйрланга Хартарто.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2021 ж. қарашада ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Индонезия тәуелсіздігінің 76 жылдығына арналған балалар суретінің конкурсы ұйымдастырылды, сондай-ақ ҚР әдебиетінің Индонезия Ұлттық академиялық кітапханасында орналасқан «Абай атындағы бұрышына» кітаптар топтамасы тапсырылды.

Шарттық-құқықтық база

ҚР мен ИР арасындағы нормативтік құқықтық актілердің негізін
5 келісім мен 12 меморандум құрап, олардың негізгісі - дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визадан босату туралы Келісім (2012 ж. 13 сәуір), сондай-ақ экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы Келісім (1995 ж. 7 сәуір) болып табылады.

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
27 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы