Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер

 

Қызмет көрсетуші туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы саясат және сыртқы істер саласында көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.10.2020 № 370/НҚ бұйрығының редакциясында) дипломатиялық қызмет органдары 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:

  • ҚР шет елдердегі мекемелер – 15 мемлекеттік қызмет (оның ішінде Министрлік және шет елдердегі мекемелер – 3);
  • Министрлік және оның ведомствалары – 3 мемлекеттік қызмет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

2020 жылы 2 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілді:

1) «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу»;

2) «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру» (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.10.2020 № 370/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің редакциясында – қызмет тек «электрондық үкімет» порталы арқылы қолжетімді).

Тегін және (немесе) ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдары тегін 6 (алты) мемлекеттік қызмет көрсетеді, ал қалған 12 (он екі) қызметт3 ақылы түрде көрсетеді.

Электронды және (немесе) қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

18 мемлекеттік қызметтің ішінде:

- қағаз түрінде – 7 мемлекеттік қызмет (38,8%)

- электронды/қағаз түрінде – 10 мемлекеттік қызмет (55,5%)

- электронды түрінде – 1 мемлекеттік қызмет (5,5%)

Ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2020 жылы ҚР дипломатиялық қызмет органдары көрсеткен мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан келесі қызметтер саны ең көп сұранысқа ие болып табылады:

  1. Қазақстан Рсепубликасына кіру және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту – 33102.
  2. Құжаттарды заңдастыру – 14612.
  3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою – 7851.
  4. Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу – 6508.
  5. Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу – 3667.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жасалған жұмыс

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпаратқа  қол жеткізу көздері мен орындары

Қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы Министрліктің (www.gov.kz) және ҚР шет елдердегі мекемелерінің интернет-ресурстарынан, (www.egov.kz) «электрондық үкімет» веб-порталдарынан, бірыңғай байланыс-орталығынан (1414) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялау және талқылау

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында жария етіліп, талқылау үшін орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жария талқылаудан өтіп, оның нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың барлық ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, назарға алынды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

Барлық мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес қатаң түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде сипатталған, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын тәртібі Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында, Министрліктің және ҚР шет елдердегі мекемелерінің азаматтарды қабылдау бөлімдеріндегі ақпараттық стендтерде, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы (1414) арқылы қолжетімді.

Сондай-ақ министрліктің және шет елдердегі мекемелердің қызметкерлерімен тұрақты негізде телефон және ұялы байланыс арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестері мен тәртібі түсіндіріледі.

Ақылы мемлекеттік қызметтердің құнын нормативтік-құқықтық бекіту және есептеу ҚР Салық кодексінің, «Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төменгі және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысының негізінде жүргізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс-шаралар

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижелері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық іс - шаралар жоспарының 2019 жылы - 80 %, ал 2020 жылы - 90% қызметтерді электрондық форматқа аударуды қамтамасыз ету бойынша 84-тармағын орындау шеңберінде Министрлік 6 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырды.

Мәселен, қағаздан электронды/қағаз форматына келесілер аударылды:

1) Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту;

2) Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу;

3) Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу;

4) Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу;

5) Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу;

6) Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу;

«Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру» мемлекеттік қызметі электрондық/қағаз нысаннан электрондық форматқа ауыстырылды.

3 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдері қысқартылды:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою – қағазды форматта 3 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін, электронды форматта 1 жұмыс күні;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару – қағазды форматта 3 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін, өтініш берудің электрондық нысаны кезінде 1 жұмыс күні;
  • Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу – электрондық нысанда өтініш берген кезде 35 күннен 27 жұмыс күніне дейін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VI ҚР Заңымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін оңтайландыру бөлігінде олардың бірыңғай қағидаларын біріктіре отырып түзетулер енгізілді.

Қабылданған түзетулерді іске асыру үшін 2020 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен министрліктің барлық мемлекеттік қызметтерінің тәртібін айқындайтын 13 заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті бекітілді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

 

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары туралы ақпарат

2020 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар тіркелмеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы қорытынды

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығын іске асыру мақсатында «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2020 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/89 бұйрығы бекітілді. Осы жоспарда ҚР 10 шет елдердегі мекемесінде және Министрліктің 2 құрылымдық бөлімшесінде бақылау іс-шараларын жүргізу көзделген.

Алайда, COVID-2019 коронавирусының бүкіл әлемде таралуына және мемлекеттік шекаралардың жабылуына байланысты бақылау іс-шараларының жоспарына 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 11-1-4/255 бұйрықпен өзгерістер енгізілді.

Нәтижесінде 2020 жылы жаңартылған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес 3 тексеру жүргізілді: ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінде, ҚР СІМ Инвестиция комитетінде және ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде.

Ішкі бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзудың 89 фактісі анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді, бұзушылықтарды болдырмау және бизнес-процестерді жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау нәтижелері

2020 жылғы 27 ақпандағы № 12-Э бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіге сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2020 жылғы 4-18 наурыз аралығында ҚР СІМ Инвестиция комитетінде профилактикалық бақылау жүргізді.

Бақылау қорытындысы бойынша Инвестиция комитетінде 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 8 бұзушылық фактісі анықталды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін одан әрі арттыру және қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру перспективалары

2021 жылы Министрлік мемлекеттік қызметтерді одан әрі электронды форматқа көшіру, бизнес-процестерді жеңілдету, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Дата публикации
06 апреля 2021
Дата обновления
06 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы