Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2020 жылдағы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпараты
ҚР Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы№11-4/689 бұйрығына сәйкес 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітіліп, онда 18 мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шаралар жүргізу көзделген болатын.
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына және қабылданған карантиндік шараларға байланысты жоспарланған мемлекеттік аудит объектілерінің 6 объектісінде аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. 12 мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шараларды жүргізу 2021 жылға ауыстырылды.
Сондай-ақ жыл бойы 2 объектіде жоспардан тыс аудиторлық іс-шаралар өткізілді.
2015 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде қамтылған қаражат көлемі жалпы сомасы 25 895,1 млн. теңгені құрады. Жалпы сомасы 10,4 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, рәсімдік бұзушылықтар саны - 91. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша бюджетке 5,6 млн. теңге өтелді және есепке алу бойынша 4,8 млн. теңге қалпына келтірілді. Шетелдегі мекеменің 1 қызметкері әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Анықталған бұзушылықтардың негізгі сипаты бюджеттік, бухгалтерлік заңнаманың және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамау, сондай-ақ мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану болып табылады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға және алдағы уақытта ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою және болдырмау жөніндегі ұсынымдармен бірге шешімдер жіберілді.
Аудиторлық іс-шаралардың материалдары тұрақты негізде мемлекеттік аудиттің бірыңғай дерекқорында орналастырылады.