Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасымен ынтымақтастығы

настары



Қазақстан Республикасы мен Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 2011 жылғы 5 қыркүйекте ноталар алмасу арқылы орнатылды. Қазақстан Эфиопияны Африкадағы прагматикалық және болжамды серіктес ретінде қарастырады және өзара тиімді, тең құқылы ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға мүдделі.

Жоғары деңгейдегі сапарлар

2013 жылғы 11-12 желтоқсан - ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Эфиопияға ресми сапары өтті. Сапар барысында Президент М.Ташомемен, Премьер-министр Х.Десаленьмен, Сыртқы істер министрі Т.Адханоммен кездесулер өткізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға келісті.

2016 жылғы 27-31 қаңтар - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаевтың Аддис-Абеба қаласына сапары өтті.

2023 жылғы 2 наурыз - Баку қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Тұмыш Эфиопия Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Д.Меконненмен кездесу өткізді. Тараптар саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылады. Эфиопия тарапы Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасын қолдайтынын растады.

2023 жылғы 6 маусым - Эфиопияның бұрынғы президенті М.Ташоме Астана халықаралық форумының Арнайы панельді сессиясына қатысып, «Пан-африканизм және Африканың жаһандық сын-қатерлерді шешудегі рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Форум аясында оның ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі С.Жұманғаринмен кездесуі де өтті.

2025 жылғы 1 шілде - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры, онкология кафедрасының меңгерушісі Д.Қайдарова Эфиопия астанасы Аддис-Абебада 2025 жылғы 30 маусым – 1 шілде аралығында Африка Одағы ұйымы аясында өткен «Rays of Hope 2025» («Үміт сәулелері») беделді форумына қатысты.

2025 жылғы 27-29 шілде - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Тасжүреков Аддис-Абебада өткен БҰҰ Азық-түлік жүйелерін шолу жөніндегі екінші саммитіне (UNFSS+4) қатысты.

2025 жылғы 17-18 қыркүйек – Эфиопияның Конфессияаралық кеңесінің Бас хатшысы Л. Таделе мырза Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысты.

2026 жылғы 4 наурыз – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопияның Сауда және өңірлік интеграция министрі Кассахун Гофемен кездесу өткізді. Тараптар экономикалық іс-қимылдың стратегиялық басымдықтарын, екіжақты тауар айналымын арттыру жоспарларын және екі елдің іскер топ өкілдері үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін талқылады.

2026 жылғы 6 наурыз – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопияның Инновациялар және технологиялар министрі Белете Молла Гетахунмен кездесті. Кездесу барысында тараптар инновация, цифрлық трансформация, сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу саласындағы екіжақты іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылап, бұл бағыттағы екі елдің мақсат-міндеттерінің ортақтығын атап өтті.

2026 жылғы 14-15 сәуір – Қазақстанның жаңадан құрылған «KTZ Air Cargo» жүк авиакомпаниясы басшылығы бастаған делегация «Ethiopian Aviation Forum 2026» жұмысына қатысты. Форум аясында қазақстандық делегация Эфиопияның «Ethiopian Airlines» ұлттық авиакомпаниясының басшылығымен кездесу өткізіп, жүк авиациясы саласындағы стратегиялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сыртқы саяси ведомстволардың өзара іс-қимылы

 2016 жылғы 22 қыркүйек - Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясы аясында ҚР СІМ мен Эфиопия СІМ арасында екіжақты консультациялар туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастар және өзара қызығушылық тудыратын халықаралық мәселелер бойынша консультациялар өткізуге келісті.

 2021 жылғы 28 желтоқсан - Жоғары лауазымды тұлғалар деңгейінде бейнеконференция форматында алғашқы ведомствоаралық консультациялар өтті. Іс-шара барысында Қазақстан СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры О.Оңалбаев пен Эфиопия СІМ Азия және Тынық мұхиты елдері департаментінің бас директоры М.Асфо екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын, парламентаралық диалогты жандандыру жолдарын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны дамытуды талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 2023 жылғы 5 наурыз - ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының (СЗЗИ) және Эфиопия СІМ жанындағы Сыртқы істер институтының (СІИ) өкілдері арасында бейнеконференция форматында кездесу өтті. Қазақстан делегациясын ҚР СІМ жанындағы СЗЗИ Басқарма төрағасы Б.Нұрғалиев, ал Эфиопия СІМ СІИ атынан Атқарушы директор Д.Амба басқарды. Кездесу барысында сарапшылар халықаралық қауіпсіздік, тұрақты даму, өңірлік ынтымақтастық саласындағы жағдайлар бойынша пікірлерімен және бағалауларымен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі институт арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 2023 жылғы 3 шілде - Астана қаласында Эфиопияның Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министрі М.Арга қатысуымен саяси консультациялардың екінші раунды өтті. Екінші раунд қорытындысы бойынша саяси консультациялардың қорытынды хаттамасы мен оны 2024-2025 жылдарға арналған іске асырудың Жол картасы қабылданды.

 

Парламентаралық диалог

 2022 жылғы 28 қараша - Қазақстан мен Эфиопияның достық топтары депутаттарының алғашқы парламентаралық кездесуі өтті, оның барысында тараптар екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілетуге өз деңгейінде жәрдемдесуге келісті. Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспан, ал Эфиопия Парламентінің атынан Эфиопия Парламентінің Халық өкілдері палатасының халықаралық қатынастар және бейбітшілік мәселелері жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы д-р Дима Ногго Сарбо басқарды.

 2023 жылғы 26 желтоқсан - Қазақстан мен Эфиопия парламенттерінің достық топтары депутаттарының онлайн форматтағы кездесуі өтті. Қазақстан тарапынан достық тобын ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жарқынбек Амантай, Эфиопия тарапынан делегацияны Эфиопия Парламентінің Халық өкілдері палатасының Адами ресурстар және технологиялар мәселелері жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Бетелхем Лакеу ханым басқарды.

 2025 жылғы 31 қаңтар – 2 ақпан - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Нұртаза Эфиопия Парламентінің Халықаралық істер комитетінің төрағасы Д.Ногомен және ҚР – Эфиопия достық тобының төрағасы Бетлехем ханыммен кездесу өткізді.

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық
Қазақстан мен Эфиопия арасында көпжақты жаһандық құрылымдар шеңберінде сенімді қарым-қатынастар қалыптасқан және сақталып келеді. Тұрақты жұмыс пен әртүрлі деңгейдегі достық байланыстардың арқасында Қазақстан мен Эфиопия БҰҰ жүйесі ұйымдарында өзара тиімді қолдау алмасуды жүзеге асыруда. Бұған дейін өзара негізде Эфиопия Қазақстанды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелеріне, EXPO-2017 өткізілетін орынды таңдау, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне (АҚК) сайлау кезінде, Қ.А.Яссауи кесенесінің ЮНЕСКО материалдық мұралар тізіміне енуі мәселесі бойынша және т.б. дауыс беру барысында қолдады.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы