1992 жылы 6 наурызда дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 жылы тамызда Мысырдың Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
1993 жылы сәуірде Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі ашылды.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап МАР-дың ҚР-дағы Елшісі Ибтисам Хасан ханым болып табылады.
2025 жылдың қаңтарында ҚР-ның МАР-дағы Елшісі болып А.Жеңіс тағайындалды.
Саяси ынтымақтастық
Жоғары деңгейдегі байланыстар:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Мысырға 3 рет ресми сапармен (1993, 2007, 2008) барды.
Мысыр Президенті Абдел Фаттах ас-Сиси 2016 жылғы 26-28 ақпанда Қазақстан Республикасына ресми сапармен барды (бұған дейін Қазақстанға ресми сапармен 2006 жылғы қарашада Хосни Мүбарак келген болатын).
Президент Х.Мүбарак 2008 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа Мысырдың жоғары наградасы – Ұлы Ніл орденін табыс етті.
2015 жылғы 5 мамырда Мысыр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен МАР Президенті А.Ф.ас-Сиси телефон арқылы сөйлесті. Н.Назарбаев пен А.Ф.ас-Сисидің алғашқы кездесуі 2015 жылы 9 мамырда Мәскеуде екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында өтті.
2022 жылдың 24 ақпанында Мысыр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев пен МАР Президенті А.Ф.ас-Сиси арасында телефон арқылы сөйлесті.
2024 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Қазан қаласында өткен БРИКС XVI саммиті аясында МАР Президенті А.Ф.ас-Сисимен қысқаша әңгімелесті.
2024 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Бакуде өткен COP29 климаттық саммитіне қатысу барысында әл-Азхардың жоғарғы имамы Ахмед әл-Тайебпен әңгімелесті.
Парламентаралық өзара іс-қимыл
2022 жылғы 20-21 ақпанда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаевтың Мысырға ресми сапары өтіп, оның барысында МАР Сенатының спикері Төрағасы Әбдел Уахаб Әбдел Разекпен, әл-Азхардың жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайебпен және т. б. кездесулер өтті.
2023 жылғы 4-5 маусымда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мысырға сапармен барып, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға, оның ішінде Каирдегі мешітінің ашылу рәсіміне қатысты, оны қалпына келтіруге ҚР елеулі қаржылық және сараптамалық үлес қосты. Сапар аясында жоғарғы Палата Спикері әл-Азхардың жоғарғы имамымен және Мысыр Парламенті Сенатының төрағасымен кездесулер өткізді. Мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы мәдени-рухани байланыстарды кеңейту жөніндегі белсенді қызметі үшін ҚР Президентінің жарлығымен әл-Азхар университетінің жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб І дәрежелі «Достық» орденімен, Мысыр Парламенті Сенатының Төрағасы Әбдел Уахаб Әбдел Разек II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге үлкен үлес қосқан Мысырдың басқа да діни, саяси және қоғам қайраткерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
2024 жылғы 2-6 маусымда Астанаға МАР Парламенті Сенатының Төрағасы Әбдел Уахаб Әбдел Разек ресми сапармен келіп, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаевпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановпен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан-Мысыр парламентаралық достық тобының отырысы өтті. Екі елдің Парламент палаталары арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Жоғары деңгейде байланыстар
2022 жылғы 12-13 қазанда МАР Сауда және өнеркәсіп министрі А.Самир Қазақстанға жұмыс сапарымен барып, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.А.Өскенбаевпен кездесті.
2022 жылғы 6-7 қарашада ҚР Премьер-Министрі А.А.Смайылов бастаған ҚР ресми делегациясы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (COP27) 27-сессиясына қатысу үшін Шарм эль-Шейх қаласына барды.
2023 жылғы 24-26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі А.С.Қуантыровтың Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (AIIB) Басқарушылар кеңесінің 8-ші жыл сайынғы отырысына қатысу үшін Шарм эль-Шейх қаласына жұмыс сапары өтті.
2025 жылдың 27-31 қазанда Шарм-эль-Шейх қаласында Жоғарғы аудит палатасының төрағасы А.Смайылов бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы INTOSAI Халықаралық Жоғары аудит органдары ұйымының XXV съезіне қатысты.
Сыртқы саяси ведомстволар деңгейіндегі байланыстар
1998 жылы 21-22 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаевтың МАР-ға алғашқы ресми сапары болды.
2010 жылғы 1-2 желтоқсанда МАР Сыртқы істер министрі Ахмед Абул Гейт Астанаға барып, ЕҚЫҰ-ның Астана саммитіне қатысты.
2012 жылдың тамыз айында Тегерандағы Қосылмау қозғалысының саммиті кезінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов пен МАР Сыртқы істер министрі Мұхаммед Амрдың кездесуі өтті. 2012 жылдың 15 қарашасында Джибутиде ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 39-сессиясы кезінде және 2013 жылдың 6 ақпанында Каирде ИЫҰ-ның 12-сессиясы кезінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың МАР Сыртқы істер министрі Мұхаммед Амрмен келіссөздер жүргізді.
2013 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясы аясында Қазақстан мен Мысыр Сыртқы істер министрлері Е.Идрисов пен Набил Фахмидің кездесулері өтті.
2018 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов пен МАР Сыртқы істер министрі Самех Шукри арасында кездесу өтті. Ол терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін мінез-құлық кодексін ұсыну бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысына қатысты.
2018 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов еркін әлемге жету үшін әдеп кодексін таныстыру бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысына қатысқан МАР Сыртқы істер министрі С.Шукримен кездесті.
2025 жылғы 23 қаңтарда Мысыр тарапының бастамасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу МАР Сыртқы істер министрі Б.Әбделаттымен телефон арқылы сөйлесті. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.
2026 жылғы 7 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Көшербаев МАР Сыртқы істер министрі Б. Абделатымен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, шиеленісті азайтудың және барлық даулы мәселелерді халықаралық құқық шеңберінде тек саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешудің маңыздылығын атап өтті. Министрлер сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.
Екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері саяси консультациялардың тоғыз раунды өтті. Консультациялардың соңғы раунды 2025 жылғы 19 ақпанда Астанада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыров пен МАР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Шахиннің төрағалығымен өтті. Тараптар БҰҰ, ИЫҰ, АҚЫҰ, АӨСШК аймақтық және халықаралық құрылымдар шеңберінде табысты ынтымақтасуда.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен МАР арасындағы тауар айналымының көлемі 351,8 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 209,7 млн. долл., импорт – 142,1 млн. долл.), 2024 жылы – 273,9 млн. долл. (экспорт – 137,2 млн. долл., импорт – 136,7 млн. долл.). Динамикада 2023 ж. тауар айналымының жыл сайынғы көлемі – 161,2 млн., 2022 ж. – 150,3 млн., 2021 ж. – 80,4 млн., 2020ж. – 84,3 млн. долл. құрады.
Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мысыр ҮАК (ҮАК) тең төрағалары: Қазақстан тарапынан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж.Мәдиев, Мысыр тарапынан – МАР Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар жөніндегі министрі Б.Абделаты болып табылады. ҮАК-тың соңғы 5-ші отырысы 2017 жылғы 8-9 наурызда өтті Каир. Келесі отырыс Астанада 2026 жылға жоспарланған.
«Future of Egypt for Sustainable Development» (Mostakbal Misr) мемлекеттік агенттігінің өкілі Ю.Мохаммед 2025 ж. 2-3 қазанда Астанада өткен жыл сайынғы «AGRICOM 2025» халықаралық конференциясына қатысты.
2025 ж. 30-31 қазан аралығында «Orascom Construction PLC» компаниясының вице-президенті Тамер Шафик «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR-2025) қатысты.
2026 жылғы 19-20 қаңтарда «Orascom Investment Holding» төрағасы Нагиб Савирис ҚР Сыртқы істер министрі Е.Б. Көшербаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Астана және Алматы қалаларына сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі М.Нұртілеумен, ҚР Сыртқы істер министрі Е.Көшербаевпен, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Т.Сүлейменовпен, Ресей Федерациясының Даму және қаржы нарықтары қауымдастығы (РДҚҚ) төрағасының орынбасары О.Кизатовпен, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А.Тамабекпен, «Тау-Кен-Самұрық» мұнай-газ компаниясының инвестициялар және маркетинг департаментінің бас директорымен, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Д.Сатыбалдымен кездесулер өтті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстандағы ірі жобаларға инвестиция салу туралы келісімдерді жүзеге асыру болды.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2007 жылдың қазан айында Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру туралы келісімге қол қойылды. Жобаның құны 12 миллион долларды құрады, оның 4,5 миллион доллары Қазақстан Республикасына бөлінді. 2023 жылдың 5 маусымында Каирде Сұлтан Әз-Захер Бейбарыстың 800 жылдығын мерекелеу аясында көне мешітінің ашылуы өтті, оны қалпына келтіруге қазақстандық тарап қаржылық және сараптамалық үлес қосты. Осы салтанатты шараға ҚР Президентінің атынан ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаев қатысты. Сондай-ақ Каир опера театрында Қазақстанның Мысырдағы мәдениет күндеріне арналған гала-концерт өтті.
Астана мен Каир, Алматы мен Александрия, Түркістан облысы мен Қызыл теңіз провинциясы арасында бауырлас байланыстары орнатылды.
ҚР Мысырдағы Елшісі А.Жеңіс 2025 ж. 18 сәуірде Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Х.Бакримен, 2025 ж. 12 мамырда Әл-Шарқия провинциясының губернаторы Х.Әл-Ашмонимен, 2025 ж. 20 мамырда Қалюбия провинциясының губернаторы А.Аттыямен кездесу барыстарында, Алматы облысы мен Оңтүстік Синай провинциясы, Қызылорда облысы мен Әл-Шарқия провинциясы, Жамбыл облысы және Қалюбия провинциясы арасында бауырлас қатынастарын орнатуға келісті. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2025 жылдың 18-21 тамыз аралығында Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының қазақстандық әртістері халықаралық «Citadel Festival» фестиваліне қатысып, Ніл өзенінің жағасында орналасқан әйгілі Мысыр қоғамдық кітапханасының сахнасында өнер көрсетті.
2025 ж. 30 қарашада Каир қ. өткен «The Pyramids Echo» халықаралық фестивалі аясында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің концерті өтті.
Аталған іс-шара және онда Димаштың қатысуы туралы жергілікті БАҚ-да көптеп материалдар жарияланды. Оның ішінде, көне мысырлық «Al-Ahram» газетінде «Kazakh singer Dimash Qudaibergen to close Egypt's Pyramids Echo festival», және «Al Gomhuria» Мысырдың ықпалды мемлекеттік күнделікті газетінде мақалалары жарық көрді. Instagram, Facebook және т.б әлеуметтік желілерде кеңінен таратылды.
2026 жлдың 1-11 ақпан аралығында Мысырда жыл сайын өтетін «Aswan International Festival for Culture and Arts» халықаралық фестиваліне «Шымкент концерт» концерттік ұйымына қарасты «Қазына» халық би ансамблінің өнерпаздары қатысты.
2026 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшілігі Каир университетінде бұрынғы Елші Асқар Мусиновтың «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс» атты монографиясының араб тіліне аудармасының тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға АӨСШК Бас хатшысы Қ.Сарыбай, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Б.Батыршаев, А.Мусиновтың жұбайы мен балалары, МАР бұрынғы сыртқы істер министрлері А.Мұса мен М.Әл-Ораби, Қызыл теңіз провинциясының бұрынғы губернаторы және Қазақстан-Мысыр достық қауымдастығының төрағасы А.Абдулла, Мысырда аккредиттелген шетелдік елшілер, жергілікті жазушылар, саясаткерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Мысырдың жоғары оқу орындарында ҚР-дан 100-ге жуық студент оқиды. Білім беру саласындағы маңызды бірлескен жоба Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті (2001 жылдан бастап) болып табылады. Ол, қазақстандық студенттерге шетелге шықпай-ақ білікті теологиялық білім алуға мүмкіндік береді.
Мысыр делегациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысады. 2022 жылдың ақпан айында Н.Назарбаев атындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы мен «Әл-Азхар» дінаралық диалогты дамыту орталығы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2001 және 2023 жылдарда Қазақстанның Мысырдағы, 2008 жылы Мысырдың Қазақстандағы мәдениет күндері ұйымдастырылды.
Елдер арасындағы құқықтық база 60-тан астам екіжақты келісімдерді қамтиды.