1992 жылғы 26 мамырда дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2016 ж. сәуірде Марокконың Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
2020 ж. 30 желтоқсанда ҚР Мароккодағы Елшілігі ашылды.
2021 ж. 3 наурыздан бастап ҚР Мароккодағы Елшісі – С.Сайлауқызы.
2021 ж. желтоқсаннан МК ҚР-дағы Елшісі – Мұхаммед Р. Маанину.
Саяси ынтымақтастық
Жоғары деңгейдегі байланыстар
2014 ж. 22-23 сәуірде Марокко Парламенті Кеңесшілер палатасының Төрағасы Мұхаммед Әл-Шейх Биядилла Астанада алғашқы сапармен болды, ал 2014 ж. 10-12 қарашада ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Рабатқа алғашқы қарымта сапармен барды.
2025 ж. 23-25 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың Мароккоға алғашқы ресми сапары жүзеге асты.
2006 ж. 21-22 тамыз – Марокко Королінің арнайы өкілі, министр М.Лаэнсердің Астанаға іссапары аясында Король Мұхаммед VI ҚР Президентіне жолдауы табысталды.
2010-2011 жж. МК Сыртқы істер министрі Л.Ахарбаш ЕҚЫҰ Саммитіне (2010 ж. желтоқсан) және ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясына (2011 ж. маусым), ал қазіргі МК СІМ Н.Бурита ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші Саммитке (2017 ж. қыркүйек) қатысу үшін Астанаға сапармен келген болатын.
2024 ж. 11-14 желтоқсанда Қазақстанның Бас прокуроры Б.Асылов бастаған делегацияның Мароккоға жұмыс сапары болды.
2025 ж. 27 ақпан – 1 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – СІМ басшысы М.Нұртілеудің Мароккоға алғашқы ресми сапары өтті.
ҚР мен МК Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбат жүргізіп (2021 ж. сәуір), түрлі халықаралық алаңдарда кездесті (2018 ж. қыркүйек, Нью-Йорк; 2024 ж. ақпан, Женева; 2024 ж. қыркүйек, Нью-Йорк).
Сыртқы істер министрлігі деңгейіндегі байланыстар
СІМаралық консультациялар 2011 жылдан бері үнемі өткізілуде. Саяси консультациялардың 5-ші отырысы 2024 ж. 8 қарашада онлайн-режимде өтті (СІМ орынбасарлары Ә.Бақаев және Ф.Язух деңгейінде).
2017 ж. 29 мамыр – ҚР СІМ орынбасары А.Камалдиновтың Рабатқа сапары аясында МК СІМ Н.Буритамен кездесуі өтіп, Марокко Короліне атына жолданған ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші Саммитке шақыру хаты табысталды.
Парламентаралық ықпалдастық
ҚР мен МК Парламенттерінің жоғарғы және төменгі палаталарда достық топтар құрылған.
2023 ж. 14 желтоқсанда төменгі палаталарындағы достық топтың онлайн форматта 1-ші кездесуі, ал 2025 ж. 22-25 қыркүйекте МК Өкілдер палатасының делегациясының Астанаға сапары аясында достық топтың 2-ші отырысы өтті.
2018 ж. 6-7 желтоқсанда ҚР Сенат депутаты Н.Төреғалиевтің Рабаттағы Парламентаралық одақ конференциясына қатысты.
2019 ж. 4-6 қазанда ҚР Сенатының депутаттары Т.Мұқашев пен Ғ.Дүйсембаев Марракеште өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысына қатысты
2023 ж. 13-15 маусымда ҚР Мәжіліс депутаты Н.Сәрсенғалиев Марракеште өткен Конфессияаралық диалог бойынша парламенттік конференциясына қатысты.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2025 жылы ҚР мен Марокко арасындағы сауда айналым 68% өсіп, 461,5 млн. долл. құрады (экспорт – 434 млн. долл., импорт – 27,5 млн. долл.).
Анықтама: 2024 жылы - 274,4 млн. долл., 2023 жылы - 167,3 млн. долл., 2022 жылы - 387,4 млн. долл., 2021 жылы - 129 млн. долл., 2020 жылы - 70,6 млн. долл.
Қазақстанның экспортын күкірт (экспорттың 90,5%), бидай, сульфаттар, көмір, зығыр тұқымдары және бұршақ тұқымдастар құрады.
Мароккодан импорт киім-кешек пен аяқ киім (экспорттың 75,9%), цитрусты жемістер, қатырылған балық, жеңіл автокөліктерден тұрады.
2017 ж. 28 қыркүйекте АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетов Касабланкадағы Тұрақты даму жөніндегі қаржы орталықтарының 1-ші форумына қатысып, АХҚО мен Касабланка қаржы орталығы арасында Меморандумға қол қойылды.
2021 және 2023 жж. Касабланкада екі мәрте «ҚР-Марокко» бизнес форумы өтті, оған 30 астам қазақстандық пен марокколық компаниялар қатысты.
2023 ж. 9-15 қазанда Марракеште өткен ДБ мен ХВҚ жылдық отырысына ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров, ҰБ төрағасы Т.Сүлейменов, ҚНРДА Төрайымы М.Әбілқасымова және т.б. қатысты.
2024 ж. 13-17 мамырда қазақстандық «Sergek Group» мен «Parqour» IT компаниялардың Мароккоға сапары болып, олардың Рабат, Касабланка, Марракеш әкімдіктерімен кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде, қазіргі уақытта Марокконың солтүстігіндегі Беркан қаласында «Parqour» компаниясының интеллектуалды 4 паркингі (800 көлік) ашылып қызмет етуде.
2025 ж. 28 ақпанда ҚР СІМ М.Нұртілеудің Мароккоға сапары барысында «Zine Capital Invest» холдингінің президенті Н.Зинмен, «Alomra Group International» бас директоры Д.Беномармен, «CADEX Group» президенті Д.Юсефи және «Anfa Realities» президенті Ю.Эссасимен кездесулері өтіп, сапар аясында «Zine Capital Invest» пен «Азық-түлік КК» ҰК арасында 300 мың тонна бидай экспорттау келісімге қол қойылды.
2025 ж. мамырда алғашқы рет 60 мың тонна көлемінде қазақстандық бидай Мароккоға экспортталды (Лиепая порты арқылы).
2025 ж. 21-26 мамырда қазақстандық туроператорлар мен блогерлер Мароккоға сапармен келіп, Мароккконың туризм жөніндегі ұлттық кеңсесімен бірлесіп туристік роудшоу ұйымдастырды және марокколық әріптестермен келіссөздер өткізді.
2025 ж. 29-30 мамырда МК кәсіпорындар Бас конфедерациясы өкілі, «Alomra International Group» компаниясының президенті Д.Беномар Астана халықаралық форумына қатысып, ҚР Сыртқы сауда палатасымен ҚР-МК Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойды.
2025 ж. 11-13 қарашада қазақстандық «ElectroDetailDesign» компаниясы өкілдерінің Мароккоға сапары пысықталып, марокколық MASEN, ONEE, ANEE, NAREVA компанияларымен кездесулері өтті.
2026 ж. 14-16 сәуірде ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы С. Томпиева басқарған қазақстандық делегация Марракеш қаласында өткен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) GISS-2026 жахандық симпозиумға қатысты.
2026 ж. 20-24 сәуірде ҚР Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі, Қазақстан Даму банкі және Өнеркәсіпті дамыту қорының сарапшыларынан тұратын қазақстандық делегацияның Ислам даму банкінің бағдарламасы аясында Мароккоға сапары өтті.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2022 ж. 10-13 желтоқсанда Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы Н.Тағанұлының Мароккоға сапары өтіп, ҚМДБ мен МК Уақып министрлігі арасында ислам ынтымақтастығы келісіміне қол қойылды.
2023 ж. 4 шілдеде Рабат мэрі А.Рхлалудың Астанадағы халықаралық мэрлер форумына қатысты және Астана мен Рабат арасында бауырластық қала орнату туралы Меморандумға қол қойылды.
2023 жылдан бастап қазақстандық жас өнерпаздар жыл сайын Марокко Королі Мұхаммед VI патронажымен өтетін «Балалар бейбітшілік үшін» халықаралық фестиваліне қатысып келеді.
2023 ж. 24-26 қазанда ҚР Республика күніне орай Жамбыл филармониясы мен Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің Рабат оркестрімен бірлескен концерттері Рабат және Эссауйрада қалаларында өтті.
2024 ж. 12-17 сәуірде Астана Мәслихатының Төрағасы Е.Каналимов Мароккоға сапармен келіп, Астана мен Рабат қалалары арасындағы 2024-2027 жж. арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
2024 жылғы 16-18 қазанда ҚР Республика күніне орай Рабаттағы Мұхаммед V атындағы театрда, сондай-ақ
2025 ж. 5-9 қазанда Загорада 19-шы Транссахаралық кинофестивалінде Қазақстан бас қонақ ретінде қатысып, фестиваль аясында ҚР Республика күні атап өтілді. Іс-шарада «Тюлпан», «Сасық», «Томирис» және «Паралимпиец» атты 4 қазақстандық фильм көрсетіліп, Шымкент филармониясының концерті мен қазақ ұлттық киімдерінің көрсетілімі өткізілді.
2025 ж. 21 қазанда Рабатта Қазақстан гольф федерациясы мен Марокконың Корольдік гольф федерациясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Содан кейін қазақстандық жас гольфшілер Мароккода жаттығу жиындарына қатысты.
2025 ж. 9 желтоқсанда Рабаттағы Ұлттық кітапханада ҚР Тәуелсіздік күніне орай ҚР Елшілігі қызметінің жыл қорытындысы бойынша іс-шара өтіп, концерттік бағдарлама мен Қазақстанда жүзеге асырылатын реформалар мен жобалары туралы брифинг ұйымдастырылды.
2025 жылы Қазақстан мен Марокко өзара 20 оқу грантымен алмасуды келісіп, 2025 жылдан бастап екі елдің студенттеріне жоғары оқу орындарында білім алу үшін өзара 20 грант жыл сайын бөлінуде. Қазіргі уақытта 5 ҚР азаматтары Марокконың жоғары оқу орындарында білім алуда.
2026 ж. 5-7 ақпанда Сале қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркем академиясының академигі Жанұзақ Мүсәпірдің «Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Шарттық-құқықтық база
ҚР мен МК арасында 18 құжатқа қол қойылған (3 мемлекетаралық, 2 үкіметаралық, 1 мекемеаралық, 6 меморандум және 1 пошта маркасы туралы конвенция мен 1 санитарлық сертификат).
2025 ж. 19 наурыздан бастап Қазақстан мен Марокко азаматтары үшін 30 күнге дейін жалпы визасыз режим қолданылады.