Қазақстан-Кения саяси қатынастары
1993 жылғы 15 қарашада дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2025 жылғы 8 қаңтардан бастап Питер Мутуку Матуки Кения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі (қоса атқарушы, резиденциясы Мәскеу қаласында) болып табылады.
2025 жылғы 23 мамырдан бастап Барлыбай Садықов Қазақстан Республикасының Кениядағы Елшісі, Қазақстанның Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі болып табылады.
2025 жылғы 27 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Кениядағы Елшілігі жұмыс істейді.
Аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар
2023 жылғы 20 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Кения Президенті У. Рутомен кездесуі өтті.
2024 жылғы 6-8 наурыз аралығында ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі Көмекшісі Е.Қазыхан бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Кенияға сапармен барды. Делегация құрамына «Атамекен» Сыртқы сауда палатасының, «QazTrade» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «Құрық» портының басшылары кірді.
Кездесулер барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Кенияның Сыртқы істер және диаспора мәселелері жөніндегі министрлігі арасында саяси және дипломатиялық консультациялар өткізу туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ келесідей 4 бағыт бойынша сарапшылық жұмыс топтарын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді:
Мемлекеттік ведомстволардың өзара іс-қимылы
2024 жылғы 17 қаңтарда Қазақстанның Эфиопиядағы және Кениядағы (2023 жылғы 7 желтоқсаннан бастап қоса атқарушы), сондай-ақ Африка одағы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Б.Садықовтың Кенияның Министрлер кабинетінің Премьер-хатшысы – Сыртқы істер және диаспора мәселелері жөніндегі Министрі М. Мудавадимен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, ынтымақтастықты дамыту жоспарларды, әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты сапарларды және шарттық-құқықтық базаны қалыптастыруды талқылады.
2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласында екі елдің СІМ департамент директорлары деңгейінде сыртқы саяси ведомствоаралық консультациялардың алғашқы раунды өтті. Консультациялар барысында тараптар екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.
Парламентаралық диалог
2026 жылғы 25 ақпанда ҚР-ң Елшісі Б.Садықовтың Кения Ұлттық Ассамблеясының Спикері М. Ветангуламен кездесуі өтті. Кездесу барысында екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың барлық бағыттары талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Достық тобын құру, Парламент депутаттарының өзара сапарларын ұйымдастыру және парламентаралық өзара іс-қимылды дәйекті түрде нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан тарапы Қазақстан мен Кения парламентарийлерінің Достық тобына енгізу үшін ҚР депутаттарының тізімін жолдады.
Халықаралық алаңдарда өзара қолдау көрсету
Қазақстан мен Кения арасында көпжақты жаһандық құрылымдар аясында сенімді қарым-қатынас қалыптасып, сақталып келеді. Әртүрлі деңгейдегі тұрақты жұмыс пен достық байланыстардың арқасында Қазақстан мен Кения БҰҰ жүйесіндегі ұйымдарда өзара тиімді қолдау алмасуды жүзеге асыруда. Бұған дейін өзара іс-қимыл негізінде Кения 2012 жылғы қарашада Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросындағы дауыс беру кезінде Астананың «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге кандидатурасын қолдады. Кения «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысты. Сондай-ақ Кения Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кандидатурасын қолдады. Қазақстан Кенияның 2016-2018 жылдарға арналған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне және 2021-2022 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кандидатураларына қолдау білдірді.
Кения БҰҰ Бас Ассамблеясының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру туралы резолюциясын қолдады.
Қазақстан тарапы 2027–2036 жылдар кезеңіне Халықаралық сот судьясы лауазымына Кения кандидаты Ф. Окованы қолдады.
Кения Қазақстан Республикасының 2039–2040 жылдар кезеңіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кандидатурасын қолдады.
Шарттық-құқықтық база
2024 жылғы 7 наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Кенияның Сыртқы істер және диаспора мәселелері жөніндегі министрлігі арасында Өзара түсіністік және саяси, дипломатиялық консультациялар өткізу туралы меморандумға қол қойылды.
Сауда- экономикалық ынтымақтастық
2024 жылы Қазақстан мен Кения арасындағы тауар айналымы 42,4 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға жоғары. 2025 жылы тауар айналымы 52,21 млн АҚШ долларына дейін өсті (+18,87%), бұл ретте экспорт – 1 мың долларды (+60%), импорт – 52,2 млн долларды (+18,9%) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға жоғары.
Қазақстан Кенияға негізінен күкіртті, электрлік шамалар мен сәулеленуді өлшеуге және бақылауға арналған аппаратураларды, автоматты түрде реттеу мен басқаруға арналған аспаптар мен құрылғыларды экспорттайды. Ал Кениядан шай, кесілген гүлдер мен гүл бүршіктерін, имбирь, шафран, куркума, жөке, лавр жапырағын, басқа да дәмдеуіштер мен тұқымдарды импорттайды.
2026 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Елшілігі Кенияның Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі бизнес-форум ұйымдастырды. Іс-шараға кениялық тараптан Ақпарат, байланыс және цифрлық экономика вице-министрі С. Исабоке, Сауда-өнеркәсіп палатасының ұлттық директоры К. Ондитти, Кения СІМ Экономика және коммерциялық дипломатия департаментінің директоры Э. Матура және т.б. қатысты. Қазақстандық тараптан онлайн форматта «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «NS Art venture Labs» және «TransAsia Logistics» компанияларының өкілдері қатысты.