Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасымен ынтымақтастығы

1996 жылғы 15 наурызда Хаттамаға қол қою арқылы дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2024 жылғы қарашадан бастап ҚР-дың АНДР-дағы Елшісі – Әнуарбек Ахметов.

2022 жылғы наурыздан бастап АНДР-дың ҚР-дағы Елшілігі жұмыс істейді.

2025 жылғы шілдеден бастап АНДР-дың ҚР-дағы Елшісі – Атман Мехаджи.

Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда АНДР Президентінің жеке өкілі, Мемлекеттік министр А. Бельхадемнің ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы) Саммитіне қатысу үшін Астанаға сапары өтті.

2015 жылғы 12-13 ақпанда АНДР Президентінің арнайы өкілі, Энергетика министрі Ю.Юсфи Астанаға сапармен келіп, ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовпен және ҚР Энергетика министрі В. Школьникпен келіссөздер өткізді. ҚР Энергетика министрімен кездесу барысында мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнату және күн энергетикасын дамыту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасылды.

2018 жылғы 28-29 тамызда АНДР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы М. Меделчи ҚР Конституциясы күніне арналған «Конституция: құқық үстемдігі, азаматтық қоғам және қазіргі заманғы мемлекет құндылықтарының көрінісі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Астанаға сапармен келді.

2020 жылғы 24-25 ақпанда ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәми «Конституциялық сот төрелігі және адам құқықтарын қорғау» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін Алжирге сапар жасады.

2025 жылғы 12 шілдеде АНДР Премьер-министрі Н. Ларбауи Жапониядан қайтар жолда Тараз қаласының әуежайына техникалық қону жасап, онда жұмыс түскі асы форматында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Бақаевпен, сондай-ақ облыс және қала басшылығымен кездесті.

Сыртқы саяси ведомстволар деңгейіндегі байланыстар

2013 жылғы ақпанда Каир қаласында өткен ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы) XII Саммиті аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ. Сарыбай АНДР Сыртқы істер және шетелдегі ұлттық қауымдастық министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Б. Сахлимен кездесті.

2014 жылғы 28-29 мамырда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Ашықбаев бастаған Қазақстан делегациясы Алжир қаласында өткен Қосылмау қозғалысы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 17-ші отырысына қатысты.

2014 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 69-шы сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов АНДР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Рамтан Ламамрамен кездесті.

2015 жылғы мамыр және маусым айларында ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 42-ші сессиясы және Африка Одағының 25-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мұсинов АНДР Сыртқы істер министрі Р. Ламамрамен ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдау және Алжирдің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылу мәселелерін талқылады.

2016 жылғы 17-18 ақпанда Алжир қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мұсинов пен АНДР Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Бас хатшысы А. Берексидің төрағалығымен қазақстан-алжир саяси консультацияларының 1-ші раунды өтті. Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар ҚР мен АНДР сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. АНДР Сыртқы істер министрі Р. Ламамра қазақстандық делегация басшысымен кездесу барысында Алжирдің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады.

2017 жылғы мамырда ҚР Президентінің арнайы өкілі – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Камалдинов Алжирге жұмыс сапарымен барып, АНДР Премьер-министрі А. Селлалмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

2017 жылғы 10-11 қыркүйекте АНДР Сыртқы істер министрі А. Мессахельдің ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ-ның 1-ші Саммитіне қатысу үшін Астанаға алғашқы жұмыс сапары өтті.

2018 жылғы 17 қарашада ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Қ. Әбдірахманов Абу-Дабиде өткен «Sir Bani Yas Forum» халықаралық форумы аясында АНДР Сыртқы істер министрі А. Мессахельмен кездесті.

2024 жылғы 20 ақпанда Алжир қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Бақаев пен АНДР Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Л. Маграманенің төрағалығымен қазақстан-алжир саяси консультацияларының 2-ші раунды өтті.

2024 жылғы 5 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Нұртілеу Жидда қаласында өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс сессиясы аясында АНДР Сыртқы істер және шетелдегі ұлттық қауымдастық министрі А. Аттафпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Үкіметаралық комиссия құрудың, көлік-логистика мәселелерін шешу үшін «Орта дәлізді» пайдаланудың, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

2025 жылғы 20-22 мамырда Алжир қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Д. Кеңбейіл Ислам даму банкінің отырысына қатысты. Сапар барысында екіжақты кездесулер өткізіліп, ИҚАҰ және БҰҰ шеңберіндегі ҚР басымдықтары ілгерілетілді.

2026 жылғы 15 наурызда ҚР мен АНДР арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшылары арасында хат алмасу өтті. Хаттарда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және барлық салалардағы әріптестікті тереңдетуге ортақ мүдделілік расталды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында ҚР мен АНДР арасындағы тауар айналымының көлемі 1,063 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 1,059 млн АҚШ доллары, импорт – 4,93 мың АҚШ доллары.

2025 жылы тауар айналымы 76,3 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 75,9 млн АҚШ доллары, импорт – 401,2 мың АҚШ доллары.

2024 жылы тауар айналымы 5 млн АҚШ долларына жетті, оның ішінде экспорт – 3,1 млн АҚШ доллары, импорт – 1,9 млн АҚШ доллары.

Экспорттың негізгі өнімдері: бидай, ферроқорытпалар, металдар.

Импорттың негізгі өнімдері: жемістер.

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында халықаралық трейдерлер арқылы, қазақстандық компаниялардың қатысуымен және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ желісі бойынша Алжирге алғаш рет 349 мың тонна бидай жөнелтілді.

2024 жылғы қарашада Қазақстанда өз экспортын ілгерілету және инвестициялар тарту мақсатында алжирлік және африкалық серіктестермен байланыс орнатуға мүдделі кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды. Оның құрамына аграрлық, цифрлық, тау-кен өнеркәсібі, көлік, тамақ, энергетика, қаржы, фармацевтика және әскери-техникалық секторлардағы ҚР-дың 30-дан астам компаниясының басшылары кіреді. Оларды шартты түрде Алжирмен Іскерлік кеңестің қазақстандық бөлігі деп атауға болады.

2025 жылғы 5 қарашада «KazakhExport» пен Алжирдің экспортты сақтандыру жөніндегі мемлекеттік компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бұл АНДР-ға қазақстандық экспортты сүйемелдеу үшін кең мүмкіндіктер ашты.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2025 жылғы желтоқсанда Шымкент жастар театры Адрар қаласында өткен Халықаралық шөл театрлары конкурсына қатысып, гран-при иеленді.

2026 жылғы 2-4 сәуірде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында Алжир және Оран қалаларында қазақстандық «Forte Trio» музыкалық тобы мен Алжирдің Мемлекеттік симфониялық оркестрінің бірлескен концерті өтті. Іс-шараның құрметті қонағы Алжир Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы С. Шаиб болды. Іс-шаралар ресми тұлғалардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, іскер топтар өкілдерінің, дипломатиялық корпус мүшелерінің, Қазақстан достарының, сондай-ақ жетекші жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы