1992 ж. 22 ақпанда дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 ж. қарашада Нью-Делиде ҚР Елшілігі ашылды.
2025 ж. сәуірден бастап ҚР-дың Үндістандағы Елшісі А.Есқараев.
1993 ж. қазанда Үндістанның ҚР-дағы Елшілігі ашылды. 2007 ж. қарашада Елшілік Астанаға көшірілгеннен кейін Алматыда консулдық пункт жұмыс істейді.
2025 ж. шілдеден бастап Үндістанның ҚР-дағы Елшісі - Й.К. Сайлас Тангал.
Саяси ынтымақтастық
Жоғары деңгейдегі байланыстар:
1992 ж.: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары.
1993 ж.: Үндістан Премьер-министрі Н.Раоның ҚР-ға ресми сапары.
1996 ж.: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары.
1996 ж.: Үндістан Вице-президенті К.Нараянанның ҚР-ға ресми сапары.
2002 ж.: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары.
2002 ж.: Үндістан Премьер-министрі А.Ваджпайдың ҚР-ға сапары (АӨСШК саммиті).
2008 ж.: Үндістан Вице-президенті М.Х. Ансаридің ҚР-ға ресми сапары.
2009 ж.: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Үндістанға мемлекеттік сапары.
2011 ж.: Үндістан Премьер-министрі М.Сингхтің ҚР-ға ресми сапары.
2015 ж.: Үндістан Премьер-министрі Н.Модидің ҚР-ға ресми сапары.
2017 ж.: Үндістан Премьер-Министрі Н. Модидің ҚР-ға сапары (ШЫҰ саммиті).
2022 ж.: ҚР Президенті Қ.Тоқаев бейнеконференция форматында 1-ші «Орталық Азия - Үндістан» саммитіне қатысты.
2023 ж.: ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Жаһандық Оңтүстіктің дауысы» 1-ші онлайн саммитіне қатысты.
2023 ж.: ҚР Президенті Қ.Тоқаев Үндістан тарапы ұйымдастырған ШЫҰ саммитіне (бейнеформатта) қатысты.
2024 ж.: ҚР Президенті Қ.Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Н.Модимен телефон арқылы сөйлесті.
Жоғары деңгейдегі байланыстар:
1999 ж.: ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Үндістанға ресми сапары.
2010 ж.: Үндістан СІМ басшысы С.М. Кришнаның ҚР-ға сапары.
2013 ж.: ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Үндістанға ресми сапары.
2013 ж.: Үндістан Сыртқы істер министрі С.Хуршидтің ҚР-ға сапары.
2018 ж.: Үндістан Сыртқы істер министрі С.Сварадждың ҚР-ға сапары.
2019 ж. Нью-Йоркте, 2020 ж. Мәскеуде, 2021 ж. Душанбеде және 2021 ж. Ташкентте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді үнді әріптесі С.Джайшанкармен кездесулер өткізді.
2019 ж.: Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер министрі В.Муралидхаранның Қазақстанға сапары.
2021 ж.: Үндістан СІМ басшысы С.Джайшанкардың ҚР-ға сапары.
2021 ж.: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Нью-Делиге сапары (3-ші ОАҮД СІМК).
2022 ж. маусым және қазан айларында Үндістан мемлекеттік сыртқы істер министрі М.Лекхидің ҚР-ға сапарлары.
2023 ж.: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Үндістанға сапары (ШЫҰ СІМК
2023 ж.: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу 2-ші «Жаһандық Оңтүстіктің дауысы» онлайн саммитіне қатысты.
2024 ж.: Үндістан СІМ орынбасары Д.Рави Астанада өткен ШЫҰ СІМК-ге қатысты.
2024 ж.: Үндістан Сыртқы істер министрі С.Джайшанкар ШЫҰ саммитіне (Астана қ.) қатысып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеумен кездесті.
2025 ж.: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу үнді әріптесі С.Джайшанкармен телефон арқылы сөйлесті.
2025 ж. (5-6 маусым): ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Нью-Делиге сапары (4-ші ОАҮД СІИК).
2026 ж. (18-19 ақпан): ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтың Нью-Делиге жұмыс сапары («AI Impact Summit»-ке қатысу үшін).
Парламентаралық ынтымақтастық
2013 ж.: ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев бастаған қазақстандық депутаттар тобының Үндістанға сапары өтті.
2019 ж.: Үндістан Парламенті Жоғарғы палатасы (Раджья Сабха) төрағасының орынбасары Х.Нараян Сингх Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысты.
Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық
Министр орынбасарлары деңгейінде сыртқы істер министрліктері арасында 8 раунд консультациялар өткізілді, соңғысы - 2023 ж. 13 ақпанда Нью-Делиде.
2009 ж. 5-6 қарашада Астанада консулдық мәселелер бойынша қазақ-үнді консультацияларының 1-ші раунды өтті.
2024 ж. 8 сәуірде Астанада терроризмге қарсы күрес жөніндегі Үндістан-Қазақстан Бірлескен жұмыс тобының 5-ші отырысы өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2025 ж. Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 923,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2024 ж. салыстырғанда 5,9%-ға төмен (981,2 млн. доллар).
2026 ж. қаңтар-ақпан айларында өзара сауда 94,4 млн. долларды (-28,8%) құрап, оның ішінде экспорт - 26,9 млн. доллар (+13,6%), импорт - 67,5 млн. доллар (-38%) болды.
Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының 14 отырысы өтті (соңғысы - 2022 ж. 3 маусымда Нью-Делиде). Қазақстан тарапынан жауапты орган – Сауда және интеграция министрлігі, үнді тарапынан – Мұнай және табиғи газ министрлігі.
Қазақстан мен Үндістан арасында 11 бірлескен жұмыс топтары жұмыс істейді: 1) сауда-экономикалық ынтымақтастық; 2) ақпараттық технологиялар; 3) әскери-техникалық ынтымақтастық; 4) тоқыма өнеркәсібін дамыту; 5) «шай қарызы»; 6) көлік, байланыс және логистика; 7) ғылыми-технологиялық ынтымақтастық комитеті; 8) ғарыш саласындағы ынтымақтастық; 9) денсаулық сақтау және фармацевтика; 10) көмірсутек; 11) терроризмге қарсы күрес.
2024 ж. Үндістаннан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 51 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2023 ж. салыстырғанда 41%-ға жоғары (30,3 млн. доллар). 2025 ж. алғашқы 3 тоқсанында 37,3 млн. доллар көлемінде инвестиция тартылды.
2005-2025 жж. аралығында Үндістаннан Қазақстанға келген тікелей инвестициялар көлемі 562 млн. долларды құрады.
Әскери-техникалық ынтымақтастық
2018 ж.: Үндістан Қорғаныс министрі Н.Ситараманның ҚР-ға сапары барысында БҰҰ-ның UNIFIL миссиясы аясында бітімгерлік контингентті бірлесіп орналастырудың салтанатты рәсімі өтті (барлығы 11 ротация өтті, 2024 ж. тоқтатылды).
2023 ж.: Бангалор қаласында (Карнатака штаты) әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан Бірлескен жұмыс тобының 7-ші отырысы өтті.
2024 ж.: Үндістанның Уттаракханд штатында «KazInd-2024» 8-ші бірлескен оқу-жаттығулары өтті.
Әуе қатынасы
1993 ж. 10 қыркүйекте қол қойылған әуе қатынасы туралы келісімге сәйкес, қазіргі уақытта тұрақты рейстер жүзеге асырылуда: Алматы – Дели (аптасына 13 рейс, «Air Astana»), Алматы – Мумбай (3 рейс, «Air Astana»).
Бұрын Алматы – Дели бағыты бойынша ұшқан «IndiGo» рейстері Үндістан мен Пәкістан арасындағы қатынастардың нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылған.
Алматы – Ахмедабад және Алматы – Хайдарабад бағыттары бойынша тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі қарастырылуда.
Ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2020 ж.: ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
2020 ж.: бейнеконференция форматында қазақстандық және үнді ІТ-компаниялары арасында «B2B» кездесуі өтті.
2021 ж.: қазақстандық және үнді ІТ-компаниялары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен онлайн кездесу өтті (ҚР ЦДИАӨМ), сондай-ақ 2021 ж. 22 желтоқсанда фармацевтика саласында ұқсас кездесу өтті (ҚР тарапынан – «СК-Фармация» және ҚР ДСМ).
2022 ж.: Нью-Делидегі «Сан Мартин» паркінде Абайдың бюсті салтанатты түрде ашылды.
2022 ж.: «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі мен Хайдарабадтағы «T-Hub» инновациялық делдал және бизнес-инкубатор арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2023 ж.: Нью-Делиде «Indo-Kazakh Writers’ Meet» атты Қазақстан және Үндістан жазушыларының кездесуі өтті.
2023 ж.: Нью-Делиде Жамбыл облыстық филармониясының «Ақ кербез» би ансамблі 9-шы халықаралық үнді би және музыка фестиваліне қатысты.
2023 ж.: Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Шиллонг, Гувахати, Ахмедабад, Мумбай және Нью-Дели қалаларында өткен халықаралық фольклорлық фестивальге қатысты.
2024 ж.: ҚР Қолөнершілер одағының делегациясы «Surajkund Mela» 37-ші халықаралық қолөнер фестиваліне қатысты.
2026 ж.: ҚР СІМ қызметкерлері «Орталық Азия – Үндістан» диалогы аясында жас дипломаттарға арналған 3-ші арнайы курсқа қатысты.
2025 ж.: «Орталық Азия – Үндістан» диалогы аясында 20 адамнан тұратын қазақстандық жастардың Үндістанға 4-ші сапары өтті.
1992 ж. бастап ITEC бағдарламасы бойынша (техникалық мамандықтар) 1355 ҚР азаматы, ICCR бағдарламасы бойынша (гуманитарлық мамандықтар) 250 қазақстандық білім алды. Қазақстан университеттерінде шамамен 10 мың үнді студенті оқиды.