Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы (ПИР) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 24 ақпанда орнатылды.
1994 ж. 27 қарашадан бастап Исламабад қаласында Қазақстанның Елшілігі жұмыс жасауда.
2021 ж. 18 мамырдан бастап ҚР-дың ПИР-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі - Е.Қыстафин.
Астана қаласында Пәкістанның Елшілігі жұмыс жүргізуде.
2023 ж. 2 наурыздан бастап ПИР-дің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Науман Башир Бхатти.
Саяси ынтымақтастық
ҚР Президенті Н.Назарбаев Пәкістанға 1992 және 2003 жылдары сапарлармен барды.
2026 ж. ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапар жасады. Сапардың аясында тараптар Стратегиялық әріптестікті орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Қазақстанға әр уақытта келесі Пәкістан басшылары ресми/жұмыс сапарларымен келді:
- ПИР Премьер-министрі Беназир Бхутто (1995 ж. тамыз);
- ПИР Президенті Фарук Легари (1996 ж. қазан);
- ПИР Үкіметінің басшысы Первез Мушарраф (2000 ж. қазан);
- ПИР Премьер-министрі Юсеф Раза Гилани (2011 ж. қыркүйек);
- ПИР Премьер-министрі Наваз Шариф (2015 ж. тамыз);
- ПИР Премьер-министрі Наваз Шариф (2017 ж. маусымда) Астанадағы ШЫҰ Саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты;
- ПИР Президенті Мамнун Хусейн (2017 ж. қыркүйек) ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатына қатысты;
- ПИР Премьер-министрі Ш.Шариф (2022 ж. қазан) Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 6-шы Саммитіне қатысты;
- ПИР Премьер-министрі Ш.Шариф (2024 ж. шілде) Астанадағы ШЫҰ-ның Саммитіне қатысты.
Парламентаралық ынтымақтастық
2019 ж. қыркүйекте ПИР Ұлттық Ассамблеясының төрағасы А.Кайсера Астанада өткен Еуразия елдерінің парламент спикерлерінің IV форумына қатысты.
2022 ж. желтоқсанда ПИР Ұлттық Ассамблеясының Спикері Р.Ашрафтың шақыруы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Қошанов Пәкістанға ресми сапармен барды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2025 ж. екіжақты сауда айналымы 105,6 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 56,4 млн. АҚШ доллары экспортқа, ал 49,1 млн. АҚШ доллары импортқа тиесілі.
Экспорт: мұнай, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері, бояулар мен лактар, машиналар мен жабдықтар, қара және түсті емес металдар, өсімдік майлары және т.б.
Импорт: ауыл шаруашылығы өнімдері, химиялық және фармацевтикалық өнімдер, тоқыма бұйымдары, аяқ киім, былғары бұйымдары, құрылыс материалдары және т.б.
Қазіргі уақытта сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және энергетика салаларындағы үкіметаралық ынтымақтастықты жүзеге асырудың негізгі тетігі екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы болып табылады.
Бүгінгі күні тараптар Үкіметаралық комиссияның он үш отырысын өткізді, олардың ең соңғысы 2025 жылғы сәуірде Исламабадта өтті.
Сонымен қатар, екі елдің ведомстволары арасында көлік және логистика, сауда және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және білім беру сияқты салаларда бірқатар бірлескен жұмыс топтары жұмыс істейді.
Әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық
Қазақстан мен Пәкістан әскери және әскери-техникалық саладағы жүйелі ынтымақтастықты дамытуға белгілі бір қызығушылық танытуда. Екі ел арасында Бірлескен әскери комиссиясы және Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы жұмыс жүргізуде.
Мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл туралы
Білім беру – ынтымақтастықтың перспективалы саласы болып табылады. Соңғы үш жылда Қазақстан мен Пәкістан университеттері арасында 40-тан астам меморандумға қол қойылды.
2025 жылғы сәуірде Исламабадта «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесі және Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындары ректорларының форумы өтті.
Жас ғалымдар арасында белсенді ынтымақтастық Қазақстан мен Пәкістанның жетекші ой-пікір орталықтары арасында және халықаралық ұйымдар (COMSTECH, COMSATS) шеңберінде де жүзеге асырылуда.
Екі елдің теннис, таэквондо, альпинизм, гольф, шахмат, велоспорт, футзал, бокс, сондай-ақ тоғызқұмалақ және қазақ күресі спорт федерациялары арасында ынтымақтастық белсенді дамып келеді.