Жалпы мәліметтер
1992 ж. 5 наурызда дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2003 ж. Алматыда ОАР Елшілігі ашылды, 2008 ж. ақпанда ол Астанаға көшірілді.
2013 ж. Преторияда ҚР Елшілігі ашылды.
2023 ж. қаңтардан бастап Е.Ахинжанов ҚР-дың ОАР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.
Саяси ынтымақтастық
Ең жоғары деңгейдегі байланыстар:
Мемлекет басшылары деңгейінде ресми екіжақты сапарлар өткізілген жоқ.
Сонымен бірге, 2002 ж. қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев Йоханнесбург қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта және тұрақты даму мәселелері жөніндегі конференциясына қатысу аясында ОАР-ға барды (Жер саммиті).
2023 ж. 24 тамызда ҚР Президенті Қ.Тоқаев ШЫҰ-ның қолданыстағы Төрағасы ретінде онлайн форматта Йоханнесбург қаласында өткен БРИКС XV саммиті аясындағы кеңейтілген БРИКС Африка аутрич және БРИКС Плюс диалогының отырысына қатысты.
Жоғары деңгейдегі байланыстар:
1993 ж.: ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрі С.Әбішевтің ОАР-ға ресми сапары.
1997 ж.: ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың ОАР-ға жұмыс сапары.
2007 ж.: ҚР Индустрия және сауда министрі Ғ.Оразбақовтың ОАР-ға сапары.
2012 ж.: ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбайдың ОАР-ға жұмыс сапары.
2013 ж.: ҚР СІМ Жауапты хатшысы А.Мусиновтың ОАР-дың бұрынғы Президенті Н.Манделаның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін ОАР-ға сапары.
2023 ж. 1-2 маусым: ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаровтың Кейптаун қаласында өткен БРИКС Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысу үшін ОАР-ға жұмыс сапары.
Парламентаралық ынтымақтастық
2008 ж.: ОАР-дың басқарушы партиясы – Африка ұлттық конгресінің жетекшісі Д.Зуманың жұмыс сапары.
2022 ж.: ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспанның Руандада өткен Парламентаралық одақтың 145-ассамблеясына қатысуы аясында ОАР Парламенті Ұлттық ассамблеясының спикері Н.Маписа-Нкакуломен кездесуі.
2023 ж.: ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Қошановтың Әзербайжанда өткен парламенттік іс-шараларға қатысуы аясында ОАР Парламенті Ұлттық ассамблеясының спикері Н.Маписа-Нкакуломен кездесуі.
Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық
ҚР СІМ мен ОАР СІМ арасында жеті саяси консультация өткізілді (соңғы консультациялар 2023 ж. маусымда Астанада өтті).
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2025 ж. ҚР мен ОАР арасындағы тауар айналымы $54,7 млн. (+21,9%), экспорт - $1,7 млн. (-66%), импорт - $52,9 млн. (-33,2%) құрады.
2026 ж. қаңтар-наурыз айларындағы тауар айналымы $8,7 млн. (+4,8%), экспорт - $16,2 мың (-98,4%), импорт - $8,6 млн. (+19,1%) құрады.
ҚР-дан экспорт: барлық түрдегі күкірт (95,6%), ферроқорытпалар (2,7%), шарикті немесе роликті мойынтіректер (1,7%).
ҚР-ға импорт: механикалық жабдықтар мен техника, компьютерлер (40,9%), қара металдан жасалған бұйымдар (7%), электр құрылғылары, байланыс аппаратурасы (6,5%), органикалық химия өнімдері (6,2%), кендер (4,1%), каучуктер, резеңке-техникалық бұйымдар (3,9%), пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар (2,7%), автотехника (2,7%) және т.б.
2005-2025 жж. аралығындағы тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі (20 жыл) - $66,84 млн. құрады, 2022 ж. қорытындысы бойынша - $2,2 млн., 2023 ж. - $2,8 млн., 2024 ж. - $4,4 млн., 2025 ж. - $16 млн.
2025 ж. сәуірдегі жағдай бойынша ҚР-да оңтүстік африкалық және бірлескен қатысумен 20 кәсіпорын тіркелген. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС негізінде заманауи брондалған дөңгелекті машиналар шығаруға арналған Орталық Азиядағы ең ірі бірлескен қазақстандық-оңтүстік африкалық кәсіпорын жұмыс істейді.
2024 ж. 29 ақпанда Йоханнесбург қаласында Қазақстан экономикасының негізгі секторларындағы инвестициялық әлеуетін талқылауға арналған бизнес-семинар өтті.
2024 ж. 13 қарашада Претория қаласында ОАР-дың бизнес топтары мен БАҚ-тың жүзден астам өкілінің қатысуымен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін талқылауға арналған дөңгелек үстел (фотокөрме) өтті.
2025 ж. 29-30 мамырда «Астана» халықаралық форумына қатысу мақсатында ОАР, Замбия, Маврикий, Ангола және АҚШ-тан бизнес-делегациялар Қазақстан Республикасына келді.
2025 ж. 5 қарашада Претория қаласында ОАР, Намибия және Мозамбик іскер топтары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тау-кен-металлургия кешені, қорғаныс өнеркәсібі, жасыл технологиялар, атом энергетикасы және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2024 ж. қаңтарда БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізілді, оның барысында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сұхбатының негізгі тұстары және екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері баяндалды.
2024 ж. ақпанда ОАР-дың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Претория университетінің басшылығымен кездесу өткізілді. Бұл кездесу Претория университеті мен қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнатуға негіз қалады.
2024 ж. наурызда Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ҚР-дың ОАР-дағы Елшісі Е.Ахинжанов «Ubuntu» радиостанциясына сұхбат берді. Екіжақты қатынастар тарихында алғаш рет қазақ композиторларының күйлері оңтүстік африкалық радиостанция эфирінде кең аудиторияға ұсынылды.
2024 ж. 21 қазанда Батыс Кейп университетінің басшылығымен кездесу өткізілді. Бұл кездесу екі елдің университеттері арасында ынтымақтастық орнатуға негіз қалады.
2024 ж. 20 қарашада ҚР-дың ОАР-дағы Елшісі Е.Ахинжанов «Ubuntu» радиостанциясына сұхбат берді, оның барысында Қазақстанның ОАР және Африка елдерімен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығы мәселелері, сондай-ақ одан әрі өзара іс-қимылдың басымдықтары мен перспективалары талқыланды.
2025 ж. 3 ақпанда ОАР-дағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубы өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚР мен ОАР арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту перспективалары талқыланды.
2025 ж. 12 ақпанда ОАР-дың танымал фуд-блогері Ник Хамманға арналған қазақ ұлттық тағамдары бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша ОАР-да оң қоғамдық резонанс тудырған бірлескен бейнеролик жарияланды.
2025 ж. 12 наурызда Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ОАР-да аккредиттелген елшілердің жұбайлары, сондай-ақ БАҚ және іскер топтар өкілдері үшін қазақ ұлттық тағамдары бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан мәдениетін ілгерілетудің маңызды элементіне айналды.
2025 ж. 25 наурызда Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ОАР-дың жетекші радиостанцияларының бірі - 5FM - эфирінде тақырыптық құттықтаулар, сондай-ақ қазақ күйлері берілді.
2025 ж. 13 маусымда Құрбан айт мерекесін атап өту аясында ОАР-да білім алып жатқан қазақстандық студенттер үшін іс-шара өткізілді. Мереке барысында спорттық және мәдени іс-шаралар өткізілді.
2025 ж. 22 тамызда ҚР-дың ОАР-дағы Елшілігі өкілдері мен қазақстандық диаспора тарапынан ұлттық әйелдер регби құрамасына Йоханнесбург университеті командаларына қарсы жолдастық жарыстарда қолдау ұйымдастырылды.
2025 ж. 5 қарашада Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған дөңгелек үстел аясында қатысушыларға Қазақстан туралы фотокөрме ұсынылды.
2025 ж. 3 желтоқсанда ҚР-дың ОАР-дағы Елшісі Е.Ахинжанов «Ubuntu» радиостанциясына екіжақты және көпжақты ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық бастамалар және сауда-экономикалық мүмкіндіктер мәселелері бойынша сұхбат берді.
Шарттық-құқықтық база
ҚР мен ОАР Үкіметтері арасындағы сыртқы істер министрліктері арқылы қол қойылған консультациялар туралы хаттама (2007 ж. 22 шілдеде Претория қаласында қол қойылған).