Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуды халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі сыртқы саясатының маңызды аспектісі ретінде қарастырады.
Қазақстан БҰҰ Бас хатшысының Бейбітшілікті сақтау жөніндегі іс-қимыл (A4P) бастамасын, Бейбітшілікті сақтау жөніндегі іс-қимыл+ (A4P+) және бітімгерлік операциялары бойынша ортақ міндеттемелер туралы декларацияны (A4P декларациясы) қолдады.
Дәстүрлі бейбітшілікті сақтау аясында БҰҰ-мен өзара іс-қимыл 2014 жылы Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясына әскери бақылаушы ретінде ҚР Қарулы Күштерінің алғашқы әскери қызметшісін жіберуден басталды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулыларына сәйкес, 2014 жылдан бері Қазақстанның 800-ге жуық әскери қызметшісі БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау миссияларына қатысты.
Қазіргі уақытта тағы 156 бітімгер БҰҰ-ның жеті миссиясында қызмет етуде, оның ішінде Голан төбелеріндегі (Сирия-Израиль) Қазақстанның ұлттық контингенті (139 адам), сондай-ақ Батыс Сахарадағы, Орталық Африка Республикасындағы, Конго Демократиялық Республикасындағы, Ливандағы, Иерусалимдегі және Оңтүстік Судандағы штаб офицерлері мен әскери бақылаушылары бар.
БҰҰ қамқорлығымен қақтығыс аймақтарда болу Қазақстан қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығының артуына ықпал етеді.