Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен БҰҰ-ның есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы туралы

Есірткі мәселесі қазіргі әлем бетпе-бет келіп отырған ең күрделі сын-қатерлердің бірі болып табылады. Нашақорлық тұрақтылық пен қауіпсіздікке нақты қауіп төндіріп, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына кедергі келтіреді, сондай-ақ террористік және өзге де трансұлттық қылмыстық әрекеттерді қаржыландырудың негізгі көздерінің біріне айналуда.
Жаңа психоактивті заттар мен өзге де синтетикалық есірткілердің таралуы жаңа үрдіске айналып отыр.

Олар дәстүрлі есірткілерден (героин, апиын, марихуана, гашиш) «тұтынушыларды тартып алып», есірткі ахуалының дамуына және халықтың есірткіге тәуелділігінің артуына барған сайын көбірек ықпал етуде.

Ұлттық деңгейде есірткі қылмысына қарсы күрес

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР ішкі саясатының негізін «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлары және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» ҚР Заңы құрайды. Сонымен қатар, есірткі бизнесімен және қылмыстық қызметтің өзге де түрлерімен күрес ҚР-ның 2020-2030 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасының негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Қазіргі заманғы есірткі қылмысының осы және өзге де сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы шаралар қабылдау ҚР-ның 2026-2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес жөніндегі тиісті Кешенді жоспарында көзделген, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Республикалық штаб құрылған.

Халықаралық деңгейдегі есірткіге қарсы ынтымақтастық
Қазақстан есірткілерді бақылаудың халықаралық жүйесіне белсенді түрде интеграцияланған және осы саладағы БҰҰ-ның барлық үш конвенциясын (1961, 1971, 1988 жылдар) ратификациялаған.

Қазақстан БҰҰ конвенцияларына мүше мемлекеттер конференцияларының жұмысына белсенді қатысады және 2025-2027 жылдарға арналған БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының (ҚАҚСТК) және 2026-2029 жылдарға арналған БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының (ЕҚК) мүшесі болып табылады.

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
13 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы