Қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдағы күш-жігерін үйлестіру жөніндегі халықаралық ұйым ретінде ОАӨАҮО-нің құрылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) ең ауқымды жобаларының бірі болып табылады.
ОАӨАҮО-ні құру туралы келісімге 2008 жылғы 6 қарашада қол қойылды.
Қатысушы мемлекеттер (7): Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан (Келісім барлық мемлекеттермен ратификацияланған).
ОАӨАҮО-нің құрылған күні ретінде 2009 жылғы 22 наурыз белгіленді (төртінші ратификациялық грамотаны депозитарийге тапсыру күнінен бастап 30-шы күн).
2010 жылғы 1 маусым – ОАӨАҮО қызметінің ресми басталу күні. ЦАРИКЦ-тің орналасқан жері – Алматы қаласы (Абай даңғылы, 52).
ОАӨАҮО-нің негізгі міндеттері:
ОАӨАҮО жанындағы байқаушылар
ОАӨАҮО-нің жанындағы байқаушы мәртебесін 18 мемлекет (Австрия, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Иран, Италия, Канада, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция және Швеция), сондай-ақ 10-нан астам халықаралық ұйым (Интерпол, Оңтүстік-Шығыс Еуропада құқық қорғауды қамтамасыз ету орталығы (SELEC), ЕҚЫҰ, Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің есірткіге қарсы күрес жөніндегі қылмыстық ақпараттық орталығы, ШЫҰ, БКБОП, АТЦ, ТМД ҚҚК, ЕАГ, АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау қызметі жөніндегі бюросы, АҚШ Әділет министрлігі жанындағы Есірткіге қарсы күрес басқармасы және т.б.) алды.
ОАӨАҮО-нің ТМД-ның Терроризмге қарсы орталығымен, Дүниежүзілік кеден ұйымымен, Интерполмен (Интерполдың полиция ақпараттық жүйесіне тікелей қол жеткізу және пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы), ШЫҰ Хатшылығымен және Өңірлік терроризмге қарсы құрылымымен, ТМД Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесімен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша меморандумдарға қол қойылды.