Жалпы мәліметтер
1992 жылғы 5 қазан - Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылған күні.
2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.А.Ноғаев.
2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Д.Реджепов.
Жоғары деңгейдегі кездесулер
2021 жылғы 24-25 қазанда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары өтті. Сапар қорытындысы бойынша 20 екіжақты құжатқа қол қойылды, оның ішінде Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және Каспий теңізіндегі іргелес балық аулау аймақтарын ажырату туралы шарт; сондай-ақ Қазақстан–Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы үкіметаралық келісім.
2022 жылғы 14 қазанда Астана қаласында Түрікменстан Президенті
С.Г.Бердымухамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысына, сондай - ақ «Орталық Азия-Ресей» бірінші саммитіне қатысты.
2022 жылғы 15 қазанда Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.
2023 жылғы 30 қазанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Ашғабатқа ресми сапары өтті, оның барысында Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедовпен және Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Р.Мередовпен кездесулер өтті.
2024 жылғы 27 мамырда Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Р.Мередовтің Қазақстанға ресми сапары өтті, оның барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қабылдауы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеумен толық форматтағы келіссөздер жүргізілді.
2024 жылғы 4-5 шілдеде Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Г.М.Бердымухамедовтің Астана қаласына Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін жұмыс сапары өтті.
2024 жылғы 7-8 шілдеде Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Р.Мередовтің Қазақстанға жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен кездесуі өтті.
2024 жылғы 9 тамызда Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедов Астана қаласына Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келді.
2024 жылғы 8 қыркүйекте Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Г.М.Бердымухамедов Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін жұмыс сапарымен келді.
2024 жылғы 17 қыркүйекте Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедов Астанада өткен «Орталық Азия – Германия» екінші саммитіне қатысты.
2024 жылғы 10-11 қазанда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапары өтіп, сапар аясында Мемлекет басшысы «Уақыт пен өркениеттер арасындағы байланыс-бейбітшілік пен дамудың негізі» халықаралық форумына қатысты.
Сапар барысында достық пен көпжақты стратегиялық әріптестікті нығайту туралы Декларацияға, 2025-2027 жылдарға арналған ҚР мен Түрікменстан арасындағы достық пен көпжақты стратегиялық әріптестікті нығайтудың кешенді бағдарламасына, сондай-ақ 21 құжатқа (саясат, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, шекара маңы ынтымақтастығы, спорт және туризм, білім беру және мәдениет салаларында) қол қойылды.
2025 жылғы 3-4 ақпанда Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Түрікменстан Сыртқы істер министрі Р.Мередовтің Қазақстанға ресми сапары өтіп, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен кездесуі өтті.
2025 жылғы 21-22 сәуірде Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Г.М.Бердымухамедовтің Түркістан қаласына жұмыс сапары өтті.
2025 жылғы 30 мамырда Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедов ҚР-ға «Орталық Азия – Италия» бірінші саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келді. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен екіжақты кездесу өтті.
2025 жылғы 17 маусымда Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедов «Орталық Азия-Қытай» екінші саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен ҚР-ға келді.
2025 жылғы 5 тамызда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ-ның Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер бойынша үшінші конференциясының жұмысына қатысу үшін Түрікменстанға (Аваза) жұмыс сапары өтті, оның аясында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті.
2025 жылғы 24-25 қарашада Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедовтің ҚР-ға мемлекеттік сапары өтті, оның қорытындысы бойынша 16 құжатқа қол қойылды. Сапар барысында Мемлекет басшысы С.Г.Бердымухамедовті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
2025 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Ашғабатта өткен Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына (2025), Халықаралық бейтараптық күніне және Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының
30 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысты.
2026 жылғы 22 сәуірде Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедов Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
ҚР Түрікменстанға экспортының негізгі баптары: астық, ұн, қара металдардан жасалған құбырлар; күнбағыс майы.
ҚР импорты: қызанақ, күкірт, минералды және химиялық өнімдер.
Тұрақты негізде Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан бірлескен үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) отырыстары өткізіледі. ҮАК Қазақстан жағынан тең төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Ғ.Қойшыбаев, Түрікменстан жағынан Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Н.Атагулыев болып табылады.
Шекара маңындағы ынтымақтастықты нығайтуға, оның ішінде ҚР Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балқан велаяты арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды көңіл бөлінеді.
Энергетика саласындағы ынтымақтастық
ҚР аумағы арқылы түрікмен газының Қытайға «Қазақстан – Қытай» газ құбыры арқылы транзиті жүзеге асырылады.
Көлік және коммуникациялар
Теміржол, автомобиль және су көлігі саласында өзара тиімді жобалар бар.
«Жетібай – Жаңаөзен» (73 км) автожолын қайта жаңарту аяқталды, «Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» учаскесін жөндеу бойынша құрылыс - монтаждау жұмыстары басталды.
Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.
Мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл
Қазақстанда Астана және Алматы қалаларында, Алматы, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарында 6 түрікмен ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істейді.
2021 жылғы 24 қазанда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түрікменстанның Теледидар, радиохабар және кинематография жөніндегі Мемлекеттік комитеті арасындағы ақпарат саласында, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түрікменстан Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
2022 жылғы 10-12 желтоқсанда ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Кесебаева бастаған өкілді делегациясы Түрікменстан бейтараптығының 27 жылдығын мерекелеуге қатысты.
2022 жылғы 15 қазанда Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедовтің ҚР-ға мемлекеттік сапары аясында ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Түрікменстан СІМ Халықаралық қатынастар институтының стратегиялық зерттеулер орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және Довлетмаммет Азади атындағы Түрікмен ұлттық әлем тілдері институты арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
2024 жылы келесі мәдени іс-шаралар өткізілді: Қазақстандағы Түрікменстанның мәдениет күндері (2024 ж. 25-27 маусым) және Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндері (2024 ж. 8-11 қазан), Ашғабатта Құрманғазы Сағырбайұлы мен Абай Құнанбаевтың, Астанада Мақтымқұлы Пырағының ескерткіштері ашылды.