Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) ынтымақтастығы

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы 2008 ж. Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропаның 13 елін қамтитын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (бұдан әрі – ЕБҚБ) аясында басталды. ЕБҚБ ЭЫДҰ стандарттары мен құралдары негізінде іскерлік ахуалды жақсарту бойынша саясатты қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған.

2015–2021 жж. аралығында Қазақстан серіктес елдермен ЭЫДҰ ынтымақтастығының негізгі форматтарының бірі болып табылатын «елдік бағдарламаның» екі кезеңін іске асырды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде мемлекеттік басқару, бәсекелестікті реттеу саясаты және басқа да салалардағы салалық шолулар негізінде ұлттық заңнамаға бірқатар халықаралық стандарттар енгізілді.

Қазіргі таңда ынтымақтастықтың негізгі құжаты – Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы 2026 ж. дейінгі Өзара түсіністік туралы меморандум (бұдан әрі – Меморандум), сондай-ақ 2022–2025 жж. арналған Іс-қимыл жоспары болып табылады. Аталған құжаттарда ЭЫДҰ стандарттарын енгізуге бағытталған ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалған.

Анықтама үшін: осы құжаттарға 2022 ж. 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев пен ЭЫДҰ Бас хатшысы М. Корманнның кездесуі барысында қол қойылды.

Қазіргі уақытта 2026–2030 жж. арналған жаңа Іс-қимыл жоспарының жобасы әзірленіп және Меморандумды ұзарту бойынша жұмыс басталды. Оларды ағымдағы жылы қабылдау жоспарлануда.

2008 ж. бері Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ ЭЫДҰ-ның Орталық Азия жөніндегі бастамасына (ОАБ) тең төрағалық етеді.

2025 ж. мамырда Астана халықаралық форумы (AIF) аясында Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ ЕБҚБ-ны 2025–2027 жж. қаржыландыруды ұзарту туралы ресми келісімге қол қойды. Құжат жыл сайын 200 мың еуро көлемінде ерікті жарналар бөлуді көздейді.

Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар өңірлік бастамаларына қатысушы болып табылады. Олардың қатарында салық базасын жою және пайданы салық салудан шығару жөніндегі іс-қимыл жоспары (BEPS), Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі, көміртегі шығарындыларын қысқарту тәсілдері жөніндегі инклюзивті форум (IFCMA), GREEN Action Task Force, Азиядағы тұрақты инфрақұрылым бағдарламасы (SIPA) және басқа да бастамалар бар.

 

Жоғары саяси деңгейдегі байланыстар

2022 ж. қарашада ЭЫДҰ Бас хатшысы М. Корманн ҚР Президенті
Қ.К. Тоқаевпен кездесті.

2023 жылғы қазанда – ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е. Қазыханмен, 2024 жылғы қаңтарда – ҚР Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыровпен.

2024 жылғы 28 наурызда Қытайдың Боао қаласында ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев пен М. Корманн қайта кездесті.

Үкімет басшылығы деңгейіндегі кездесулердің бірі ретінде 2025 ж. наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С. Жұманғарин ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бөлімшесінің басшысы У. Томпсонмен кездесті.

 

Қазақстан Республикасындағы консультативтік-кеңесші органдар

Қазақстанда ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес тұрақты негізде жұмыс істейді. Кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқарады. Соңғы отырысы 2022 ж. 27 сәуірде өтті.

Ұлттық деңгейде ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жалпы үйлестіруді ҚР Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады (Халықаралық эконоикалық ынтымақтастық департаменті). Министрліктің жұмыс органы – ҰЭМ жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, ол мемлекеттік органдар мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қолдау көрсетеді.

Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ынтымақтастықты ұйымдастырушылық және талдамалық тұрғыдан қолдайды, онда Ұлттық экономика министрлігінің штаттық бірліктері бар.

Ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Кеңестің шешімімен Президенттің көмекшісі мен Ұлттық экономика министрінің тең төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

2019 ж. бастап ЭЫДҰ-ң ұсынымдарын (шолулар мен құқықтық құралдар бойынша) іске асыру жөніндегі Жол картасы жүзеге асырылып келеді.

2023 ж. ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2025 ж. дейінгі ішкі іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және әрбір мемлекеттік органның рөлі, соның ішінде «Focal Point» және «Task Force» тетіктері айқындалған.

2026 ж. осы бағдарламаны жаңарту және ұзарту жоспарланып отыр. Алдағы уақыттаға негізгі мақсат үйлестіру тетіктерін нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің институционалдық әлеуетін арттыруға бағытталады.

 

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылдың ағымдағы мәртебесі

Қазіргі уақытта Қазақстан ЭЫДҰ-ның 43 құқықтық құралына қосылған (26 ұсыным, 10 декларация, 3 конвенция және 4 өзге құралдар).

Қазақстан ЭЫДҰ-ның 39 жұмыс органына қатысады:

18 комитет пен жұмыс органында – «шақырылған» мәртебесінде;

11 комитетте – «қатысушы» мәртебесінде;                     

2 комитетте – «қауымдастырылған мүше» мәртебесінде;

8 құрылымда – «серіктес» мәртебесінде.

ЭЫДҰ кеңсесін ашу бастамасы

Бұл бастама 2022 жылғы 30 қарашада ҚР Президенті
Қ.К. Тоқаевтың ЭЫДҰ Бас хатшысы М. Корманнмен кездесуінде көтерілді.

2023 ж. 17 тамызда ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында кеңсенің тақырыбы «Көлік байланыстылығы» ретінде бекітілді, кейін «Сауда-көлік байланыстылығы» болып өзгертілді.

2024 ж. маусымда кеңсе тұжырымдамасының жобасы ЭЫДҰ Хатшылығына жолданды.  2025 ж. ЭЫДҰ-ның бас пәтерден тыс кеңселерін ашу жөнінде жаңа ережелердің қабылдануына орай мәселе қосымша қарастырылуда.

М. Корманның Қазақстанға сапары

2024 ж. наурызда Боаодағы кездесуден кейін және 2023 ж. қазандағы келіссөздер аясында ЭЫДҰ Бас хатшысы М. Корманн Қазақстанға сапармен келуге ниет білдірді.

2025 ж. 31 наурыздағы хатында ол 2025 ж. 29–30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысатынын растады, алайда күтпеген жағдайларға байланысты сапар кейінге қалдырылды. 2025 ж. қыркүйекте оған 2026 ж. 22–23 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақыру жолданды. Өткізілген жұмыс нәтижесінде саммитке ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Фабриция Лапокорелланың қатысуы расталды.

2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит

ЭЫДҰ Хатшылығымен бірлесіп 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясында ұйымның логотипін пайдалану арқылы әріптестік мәселелері пысықталды.

 

 Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігі, 2026 ж. наурызы.

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
13 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы