Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасындағы ынтымақтастық

Қазақстан-Албания қатынастары туралы
(анықтама)

 

1993 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2024 жылы Қазақстан Республикасының Албаниядағы Елшілігі ашылды.

2024 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Албаниядағы Елшісі (резиденциясы Тирана қаласында) Искандер Айсариев болып табылады.

2023 жылғы қазаннан бастап Албанияның Қазақстандағы қоса атқарушы Елшісі (резиденциясы Анкара қаласында) Блера Кадзадеш болып табылады.


Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

2014 жылғы 23-25 мамырда Албания Премьер-Министрі Э.Раманың Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтті.

2018 жылғы 20-22 қарашада Албания Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатидің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтті.

2023 жылғы 6-8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Токаевтың шақыруымен Албания Президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтті.

2024 жылғы 26 ақпанда Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 55-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Албанияның Сыртқы істер министрі И.Хасанимен кездесті.

2024 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Албанияның Сыртқы істер министрі И.Хасанимен кездесті.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында Албаниямен достық тобы құрылды (жетекшісі – С.В.Имашева, жетекші орынбасары – К.В.Авершин).

2025 жылғы 11 мамырдағы сайлауда сайланған Албанияның Халық жиналысы – Парламентінің XXXII шақырылымында (Кувенд – алб. Kuvendi i Shqipërisë) Қазақстанмен ұқсас достық тобы әзірге құрылмаған.


Негізгі шарттар мен келісімдер

  1. Екі сыртқы саяси ведомство арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама (2018 жылғы 20-22 қарашада Албания Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатидің сапары аясында қол қойылды);
  2. Сауда палаталары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2018 жылғы 20 қарашада Д.Бушатидің Астанаға сапары аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Тирана Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды);
  3. Визалық талаптардан өзара босату туралы үкіметаралық келісім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 қаулысы). Ұлттық паспорт иелері үшін 90 күнге дейін визасыз режим қолданылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2025 жылы Қазақстан мен Албания арасындағы тауар айналымы 3,72 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 226,4 мың доллар, импорт – 3,49 млн доллар.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2025 жылғы 19-21 қазанда Тиранада Албаниядағы Қазақстан мәдениетінің күндері өткізілді. Атап айтқанда, қазақстандық «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі мен танымал орындаушы ADAM-ның (Қазақстанның Ізгі ниет елшісі) қатысуымен ашық форматтағы салтанатты концерт өтті.

Мәдениет күндері «Agimi» арт-орталығында (Тирана қ.) қазақстандық кино көрсетілімдерімен жалғасты. Бағдарламаға «Қазақфильм» киностудиясының «Мың Бала: Дала жауынгерлері» (реж. А.Сатаев), «Операция Набат» (реж. Р.Сүлейменов) және «Әмре» (Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы өмірбаяндық драма) фильмдері енді.

Дата публикации
12 мая 2026
Дата обновления
12 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы